«Зима 2025»

Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім кезеңдері және олардың қалыптасуы

Мақалада қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесінің зерттелімін бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатындығы қарастырылған. Әр кезеңнің өзіне тән теориялық ұстанымы мен практикалық қажеттілігі болатындығы жайында сөз етіледі.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛІМ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ


Ноғай Ұлжан, 1-курс магистранты

Ғылыми жетекші: ф.ғ.к,проф.м.а Кайдарова Г.К

ҚазМемҚызПУ


Түйіндеме

Мақалада қазақ тілі дыбыстарының құрамы мен жүйесінің зерттелімін бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатындығы қарастырылған. Әр кезеңнің өзіне тән теориялық ұстанымы мен практикалық қажеттілігі болатындығы жайында сөз етіледі.


Тірек сөз:
фонетика, артикуляция, дыбыс,акустика, дауыссыз, дауысты.

Дыбыс артикуляциясы мәтіннің құрамды бір бөлігі деп қарайтын болсақ, онда ол мәтінге тән артикуляциялық заңдылықтар болып шығады. Ендеше дыбыс артикуляциясы естілім (перцепция) және әуен (интонация) салаларының да зерттеу нысанына айналу керек. Мысалы, сөз құрамындағы дыбыс артикуляциясының жеке-жеке естілім талданымы жүргізіліп, естілім сипаттамасы алыну керек. Оған қазақ тілтанымында перцепциялық зерттеудің негізін қалаған проф. Ж.Әбуовтың еңбектері негіз болады . Ал интонация деңгейінде артикуляциялық талданым болса, интонацияны қазақ тілінің академиялық грамматикасының дербес саласы етіп қалыптастырған проф. З.Базарбаева мен ғалымның шәкірттері бар.

Қазақ фонетикасында дыбыс артикуляциясын үндесім (сингармонизм) және үйлесім ( ассимиляция) тұрғысынан зерттеудің жеткілікті тәжірибесі бар.

Ендеше қазақ тіліндегі дыбыс артикуляциясы бір ғана жасалым (артикуляциялық) талдаудың емес, естілім (перцепция), әуен (интонация), үндесім (сингармонизм), үйлесім (ассимиляция) т.б. зерттеу түрлерінің зерттелім нысаны болады.

Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтаудың негізгі дәйегі дыбыс артикуляциясы болғанын ескерсек, әр кезеңге тән дыбыс құрамына қарап, қазақ тілінің артикуляциялық ерекшелігін (артикуляциялық базасын) сол кезеңнің зерттеушілері қалай танығанын көреміз. Ол үшін қазақ фонетикасының даму кезеңдеріне тән анықталған дыбыс құрамын көрнекі тізбелеп салыстырып шығамыз. Оның реті (жоғарыдан төмен қарай): ерте кезең – В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.); алғашқы (бастау) кезең – А.Байтұрсынұлы нұсқасы; орта кезең – акад. І.Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең – «Қазақ грамматикасының» нұсқасы:

А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтағанда да дыбыс артикуляциясының үндесім варианттарына баса көңіл бөліп отырған. Ғалым қазақ тілінің негізгі әліпби үлгілерін түгендей келіп, «өзге 19 дыбыстардың һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады» [1, 324 ]. Бірде жуан, бірде жіңішке дегенді дыбыс артикуляциясына жүгініп айтып отыр деп түсінеміз.

Х.Досмұхамедұлы жуан және жіңішке айтылымның артикуляциялық себебін де түсіндіріп өткен: «Дыбыс жуан айтылғанда тілдің түбімен айтылып, тамақтан (көмейден) шыққандай болып сезіледі; сол дыбыс жіңішке айтылғанда тілдің ұшымен сөйлегендей болып, ауыздың алдыңғы жағынан шыққандай болып сезіледі» [2, 83 ]. Қ.Кемеңгерұлы кейбір дыбыстардың артикуляциясының сипаттамасын берген.

Қазақ тілі дыбыстарының түрленім (вариант) құрамы негізінен қ-к, ғ-г дауыссыздарының артикуляциясына байланысты болды. І.Кеңесбаев «Қ мен к бір фонеманың екі түрлі айтылуы (немесе жуанды, жіңішкелі варианты) деп қарау дұрыс емес» деп, олардың арасындағы артикуляциялық айырмашылықты сөз мағынасын ажыратудың тәсілі ретінде қарастырады, ал қалған «дауыссыздардың әрқайсысының жуан-жіңішкелі болып келуінің фонематикалық мағынаға әсері жоқ» деген қорытындыға келеді.

Осы кезден бастап құралды (инструментал) фонетиканың әдістері кеңінен пайдаланыла бастады. Инструментал зерттеулер, негізінен, акустикалық талдаудың тиімді әдісі болды. Акустикалық зерттеулердің басында М.Исаев , М.Райымбекова , С.Татубаев , А.Қошқаров , З.Өтебаева , В. Шварцман т.б. болды. Акустикалық талдау мен қатар артикуляциялық талдау да қатар жүрді.

Рентген қондырғысы арқылы алынған дыбыс жасалымының көшірмесін Ә.Жүнісбеков [3,93] еңбектерінен көреміз. Бұлар қазақ тілі дыбыстарының нақты артикуляциясын көрсететін еңбектер болды. Сөйтіп қазақ тілінің сипаттама артикуляциясына инструментал артикуляция келіп қосылды. Қазақ тілі дыбыстарының жасалым жолдарын көрсететін нақты рентген сызбалар жасалды.

Фонетикалық зерттеулердің негізгі әдістерінің бірі ретінде қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясының айырым-ортақ белгілерін пайдаланып модельдеу әдісі басталды. Мұндағы негізгі теориялық идея кез келген тіл дыбысының негізінде артикуляция жатады. Ендеше «фонетикалық зерттеулер дыбыс, дыбыс тіркесі, буын, сөз т.б. деңгейдегі бірліктердің арткуляциясын анықтаудан басталу керек» [4]. Бұл бағыттағы зерттеулерге негіз болып отырған «қазақ тілінің артикуляциялық базасы» болып отыр. Сондықтан кез келген зерттеуші кез келген фонетикалық тақырыпқа артикуляциялық сипаттама мен артикуляциялық үлгіні осы «мәлімет қорынан» таба алады. Әрі қарай зерттеуші өзінің зерттеу нысанына байланысты артикуляциялық үлгіні зерттеу амалы ретінде пайдаланып кете алады.

Қазақ тілінің артикуляциялық базасының үлгісін пайдаланып жүргізіліп жатқан зерттеулер молайып келеді. І.Оразалин, Ә.Бәйімбетова қазақ тілі дыбыстарын жасалу тәсіліне қарай топтап, жуысыңқы және тоғысыңқы дауыссыздарды зерттеу нысаны етті, Ж.Исаева дауыс желбезегінің қатысын ескеріп, үнді дауыссыздарды, Г.Қайдарова буын артикуляциясына бағыттап, Қ.Зәуірбекова зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Тіл біліміндегі, оның ішінде фонетика да бар, тілдік құбылыстарды модельдеу әдісі қазақ тіліне пайдаланыла бастады. Әрине бұл әдіс бүгін ғана пайда болып отырған жоқ. Түркі тілдеріне байланысты дауысты дыбыстардың моделін ертеректе М.Черкасский ұсынған. Түркі тілдеріне тән деп есептелетін сегіз дауыстының негізінде сингармонизмнің табиғатын түсіндіретін текше тектес пішіндемелер ұсынған. Соңғы кезде модельдеу әдісін дамытып, оның жаңа үлгілерін қазақ тіліне проф. А.Жұбанов енгізіп, дәріс оқулықтарын ұсынып отыр.

Ал қазақ тілінің дыбыстарының артикуляциялық моделін талдау амалы ретінде пайдаланып, оның зерттеу нәтижесін А.Жүнісбек еңбектерінен көреміз.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық түрлері дәстүрлі фонетикада арнайы зерттеу нысаны болмағанымен, талданған сәттерін кездестіруге болады. Бірақ ол талдаулардың негізгі мақсаты үйлесім белгілердің құрамы мен жүйесін анықтау емес, сол үйлесім дыбыстар «фонема ма, фонема емес пе?» деген сұрақтың жауабын іздеу болып қалады. Мысалы, қ-к, ғ-г дауыссыз дыбыстарының сыңарларының фонологиялық мәртебесі «фонема деңгейінде ме», әлде, керісінше, «вариант деңгейінде ме» деген сұрақтың жауабында бір пікір жоқ. Бір топ ғалымдар [5; 73 ] артикуляциялық ерекшеліктерін ескеріп, фонема деп қарайды: «...қ, к, ғ, г дауыссыздарын әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады» , енді бір топ ғалымдар тілдегі фонологиялық қызметін ескеріп, варианттар деп қарайды. Соңғы пікірге орыс және қырғыз фонетистері де қосылады .

Қазақ тілінің дәстүрлі фонетикасында дыбыс үйлесімі арнайы зерттеу нысаны болмағандықтан, дыбыстардың артикуляциялық сипаттамасы дыбыстардың негізгі белгілерін анықтаумен аяқталып отырды. Мысалы, дауыстылар үшін олардың жасалу орны, жақ қатысы мен ерін қатысы жеткілікті болса, дауыссыздар үшін олардың жасалу орны, жасалу тәсілі мен дауыс қатысы жеткілікті болды. Алайда, бұл белгілер дыбыстарды жалпылама сипаттауға жеткенімен, олардың түрленім варианттарын сипаттауға жеткіліксіз еді. Сондықтан да қазіргі қазақ фонетикасында, жалпы лингвистикадағыдай, негізгі және үстеме артикуляциялық белгілер құрамы ендірілді. Оның қазіргі үлгісін «Қазақ фонетикасының» сингармонизмге арналған бөлімінен көруге болады. Онда қазақ дыбыстарының үндесім әуезінің артикуляциясына байланысты, мысалы, жуан-жіңішке әуезді ұғымды беру үшін ілгерінді-кейінді атауы ендірілді. Сонан соң дәстүрлі фонетикадағы басы ажыратылмай келген, сондықтан дыбыс анықтамасында араласып жүрген жасалым, айтылым және естілім атаулар жіктеліп берілетін болды. Мысалы, артикуляциялық «тіл арты» атауы мен естілім «жуан» атауы бір дыбыстың анықтамасында қатар кездесе береді. Кейде артикуляциялық атаудың орнына естілім атау қолданыла береді. Дыбыс сипаттамасының жүйеге түскен түрі артикуляциялық анықтама (тек артикуляциялық атаулар пайдаланылады), акустикалық анықтама (тек акустикалық атаулар пайдаланылады), естілім анықтама (тек естілім атаулар пайдаланылады) болып шығады.

Әзірге белгілі зерттелімдер дауыссыздардың жасалым жіктеліміне қарай сараланған. Ал дауыссыздардың үйлесім түрленімнің дауыс желбезегінің (дауыс шымылдығының немесе дауыс жарғағының) қатысына қарай жіктелімі енді қолға алынып отыр. Дәстүрлі фонетикада дауыс желбезегінің қатысын «дауыс қатысы» деп те атайды. Бірақ «дауыс қатысы» деген атау акустикалық фонетиканың термині болып табылады, ал біз бірінші кезекте зерттеу нысанын артикуляциялық фонетика тұрғысынан талдап отырмыз.

Қазақ тілі дыбыстарының зерттелім тарихы тілдің дыбыс құрамына деген пікірдің түрлі-түрлі екенін көрсетті. Зерттелім кезеңдерін төмендегідей ретпен дәуірлеуге болады: ерте кезең – В.В.Радлов нұсқасы (ХІХ ғ.); алғашқы (бастау) кезең – А.Байтұрсынұлы нұсқасы; орта кезең – акад. І.Кеңесбаев нұсқасы; жаңа кезең – «Қазақ грамматикасының» нұсқасы. Ерте кезеңгі (ХІХ ғ.) зерттеушілер қазақ тілін тікелей естіп/білу арқылы бақылағандықтан, қазақ тілінің төл дыбыс құрамын негізінен қоспасыз дұрыс анықтаған. Қазақ сөзінің жуан/жіңішке әуезді болып айтылуына байланысты оның құрамындағы дыбыстардың да жуан/жіңішке болып айтылатынына көңіл бөлген. Сонымен қатар, қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық кейбір айтылымдарын өз алдына жеке дыбыс ретінде қабылдаған, мысалы, ж дауыссызының дж түрінде аффрикат болып айтылыуын, л дауыссызының жуан сөздердің құрамындағы кейінді (жуан) артикуляциямен айтылымын өз алдына дербес дыбыстар деп қараған. Оның үстіне қазақ тілінің дыбыс құрамын дәл анықтағанымен, сөздердің жазылымындағы ій, ұу дыбыс тіркестерін бір таңбамен белгілеу жиі кездеседі. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясы арнайы талданбай, олардың артикуляциялық анықтамасы дыбыстың естіліміне қарап, батыс тілдерінің ұқсас дыбыстарына балап беріледі.

Алғашқы (бастау) кезеңде қазақ тілінің төл дыбыс құрамы дұрыс анықталған. Жазуда белгіленбесе де, дыбыстардың жуан/жіңішке артикуляциясы жайлы толық мәлімет берілген. Жуан дауыстыларды негізгі дыбыстар қатарына қосып, олардың жіңішке айтылымын қосалқы дыбыстар ретінде арнайы таңбаламаған. Қазақ сөзінің өзіндік әуезімен айтылымын сақтап сөйлеу және жазу жайлы алғаш ұсыныстар жасалған. Қазақ тілінің артикуляциялық белгілеріне атау беріліп, жіктелім кестелерін құрастырған. Бірлі-жарым кірме дыбыстар (х, һ) ескеріліп, оларға арнайы таңба берілген және жазуда да ескерілген. Жартылай дауысты деген атаумен кейде й, у, кейде й, у, р, л дауыссыздары өз алдына жіктелген. Қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтау мен оларды таңбалау сингармонизм заңына лайық жүргізілген. Қазақ тілі дыбыстарының әліпби құрамы мен олардың сөз құрамындағы жазылымы арасында қайшылық болған жоқ. Соның арқасында сөздің буын, тасымал, морфологиялық құрылымы бір-біріне сай шығып отырды.

Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық зерттелімі ұзақ тарихи жолдан өтті. Алғашқы дәуір қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтап, тіл дыбыстарының қарапайым артикуляциялық белгілерін табуға арналды. Пайдаланылған артикуляциялық белгілер де санаулы ғана және ол атаулар орыс тілінде болды. А.Байтұрсынұлы бастаған ұлт зерттеушілері қазақ тілі дыбыстарының төл артикуляциялық белгілерін бекітуге кірісіп, 30-дан аса артикуляциялық атаулар ұсынды. Сол атаулар негізінде қазақ тілі дыбыстарының төл әліпбинің артикуляциялық жіктелім кестесін ұсынды. Қазақ тілінің артикуляциялық фонетикасы төл әліпби кестелерден бастау алды.

Орыс тілі мен орыс тілтанымының әсері қазақ тілінің әліпби құрамының көлемін ұлғайтып жіберді. Соның нәтижесінде кірме дыбыстардың артикуляциялық белгілерін алуға тура келді. Артикуляциялық атаулар кірме үлгісінде және аударма түрінде қатар пайдаланыла бастады. Орыс тілі дыбыстарының артикуляциялық анықтамасы қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық анықтамасы ретінде көшіріліп отырды. Кірме және аударма артикуляциялық атаулар негізінде қазақ тілі дыбыстарының құрама әліпби жіктелім кестелері құрастырылды. Зерттеу нәтижелері қазақ тілінің оқулықтары мен оқу-құралдарында кеңінен пайдаланылып келеді.Төл әліпби кестелерден бастау алған қазақ артикуляциялық фонетикасы бертін келе құрама әліпби кестесіне ұласты.

Соңғы кезде қазақ тілінің төл әліпби құрамы екшеліп алынып, артикуляциялық талдаудың өзіндік ғылыми аппараты негізінде талданып шықты. Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциясын анықтайтын түгелге дерлік жаңа ұғым/атаулар ұсынылды. Соның негізінде әліпби, үндесім және үйлесім дыбыс үлгілерінің анықтамалары беріліп, жіктелім кестелері құрастырылды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.

2. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 174 б.

3. Джунисбеков А. Гласные казахского языка. – Алма-Ата: Наука, 1972.
– 93 с.

4. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2008. – 75 б.

5. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 602 б.








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее