«Зима 2025»

Қазақ тілін сатылай комплексті талдай оқыту.

Қазақ тілін сатылай талдай оқыту. Бұл тілді меңгеру үшін қолданылады.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілін сатылай комплексті талдай оқыту.


  1. Кіріспе: «Әр халықтың дамуы үшін азаттық пен білім күні»

  2. Негізі бөлім: өз тәжірибем және сатылай комплексті жетістіктері.

  3. Қорытынды: Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.

 

Болашағына үміті бар кез келген елдің өзіндік білім саясаты болады және ондай білім саясатын жүзеге асыратын тетіктері де болуы керек. Жұртшылыққа белгілі, еліміздің даму стратегиясын айқындап берген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында білім беру мәселесі басым бағыттағы міндеттер қатарына жатқызылған болатын.

Егемен елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына да елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз. Ең бастысы, ұстаздар шығармашылығына жол ашылды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеріліп жатқанда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту ісі де жаңаша бағыт алуы тиіс. Демек, оқушыларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп, отыруға міндеттіміз.

«Әр халықтың дамуы үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек» деген екен Ш.Уалиханов тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін одан әрі жетілдіруді, мектептің өмірімен байланысын нығайтуды міндеттеп отыр.

Қазақтың көрнекті жазушысы Ғ.Мүсіреповтің: «Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, ең алдымен, білім керек» дегені бекер айтыла салған сөз емес. Өз ісінде ізденгіш мұғалім ғана балаларға жақсы өнеге, терең білім бере алады. Сол себепті мен де көп ізденіп, білім мен білігімді жетілдіруді, сөйтіп болашақ ұрпаққа өмір талабына сай білім беруді басты мақсатым санаймын. Осы орайда сатылай комплексті талдау арқылы сабағымда оң өзгерістер болғанын байқап жүрмін.

Біріншіден, оқушылар өз ойын еркін айта алатын болды, бос сөз, құр дәлелдеулерден гөрі кез келген нәрсені талдау арқылы ойлауға үйренді.

Екіншіден, пәнге деген қызығуы арта түсті, бір жағынан өз бойымда да көп ізденуге талпыныс күшейіп, әр сабағымды асыға күтетіндей дәрежеге жеттім. Сбақаты комплексті талдау арқылы жүргізу жұмыстары оқушылардың білім деңгейінкөтеруге және шығармашылық қабілеттерін ұтай түсуге көп септігін тигізітініне де көзім жетті.

Негізінен сабақ барысында сатылай комплексті оқытуды үш сатыда жүзеге асырамын.

  1. Тақырыпқа қызғушылығын ояту.

  2. Мағынаны ажырату.

  3. Ой толғаныс жасау.

Сабақ басталар шақта ұйымдастыру жұмысы жүргізіледі. Кейде оқушыларды топтарға бөлуге болады. Жұмыс әр түрлі әдістер: жылдың төрт мезгілін атау; жеміс түрлерін айтқызу; қазақ тіліндегі сөз таптарын атату: араласып кеткен өлең тармақтарын құрастыру, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызу арқылы т.б. түрде ұйымдастырылады.

Қызығушылықты ояту сатысын түрлі тапсырмалармен ұйымдастырамын.

Ой толғаныс сатысында тақырып төңірегінде ой тербету.

Атйып отырған сабақтағы орындалатын жұмыстар өткен тілдік фактілерді толық есте қалдырып, оны күнделікті іс жүзінде қолданылады.

Комплексті талдау сабақтарында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының шарттары тілдік тақырыптардың өзіндік белгілеріне қарай әр түрлі болып келеді. Олар ауызша да, жазбаша да өткізіліп, түрлі орындалу тәсілдерін белгілейді. Осы жүргізілетін жаттығу жұмыстары тілдік материалдарды ұғындырудың негізгі сатысы болып табылады.

Сөйтіп комплексті талдау кездерінде оқушылардың іскерлік қабілеттері одан әрі дамиды. Талдау барысында мынадай әдістемелік ұғымдар айқындалып, сұрыптала түседі:

  1. Оқушыларға тілден берілетін білім пысықталады.

  2. Шәкірттердің іскерлігін жүзеге асыруда біліктілігі нығая түседі.

  3. Оқушылармен жүргізілетін дағды жұмыстары нақтыланады.

Оқушылар осы жоғарыда аталған ұғымдарды толық меңгергеннен кейін, олардың шағармашылық қабілеті дамып, іскерлік білігі өрістей бастайды.

Қазақ тілін комплексті талдай оқыту барысында мынадай негізігі талаптар бар:

  1. Мақсаты мен объектісі анық болуы тиіс.

  2. Сабақ белгілі бір тиянақты жоспар негізінде өткізілуі қажет.

  3. Жүргізілетін дағдыландыру жұмыстары дұрыс сұрыпталуы тиіс.

  4. Мұғалімнің іске асыратын жұмыс формаларының басқыштары жүйелі белгіенуі керек.

Қандай сабақты да оқуышларды ізденіске баулу мұғалімінің басты мақсаты болмақ. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір тиімді жолы – осы сатылай комплексті талдай барысында көрнекілік әдістерді тиімді қолдана білу.

Ушинский: «Көрнекті оқытудағы басты мақсат – байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру және өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, сондай-ақ одан логикалық қорытындылар шығаруға үйрену болып табылады», - деген екен. Міне, осыны есере отырып, комплексті талдай оқыту сабақтарында көрнекілік әдістерді қолдана білу, бұл сабақты, яғни тақырыпты одан әрі жеті талдай білуге жол туғызады.

Содан соң талдап оқыту мынадай мақсатта жүзеге асырылуы керек:

  1. Тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау.

  2. Оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру үшін тақырыпқа сай сабақ типін, оның құрылымын, әдістерін, тәсілдерін түрлендіріп отыру.

  3. Сабақта дидактикалық және техникалық құралдарды мақсатқа сай, оқушы сезіміне әсер ететіндей тұрғыда пайдалану.

  4. Мұғалім мен оқуышының ынтымағын жасау, яғни оқушының өз ынта-жігері мен оқуға құлшынысын арттыру.

  5. Сабақты өмірмен байланыстыру.

  6. Сабақта танымдық ойындарды пайдалану.

  7. Сабақта шешімін тапқан озық тәжірибені қолданып отыру.

  8. Сабақтың нәтижелі өтуі ондағы көңіл-күйге, педагогтік шеберлікке байланысты.

Осындай сатылай комплексті талдап оқытудың жүйелерін пайдалана отырып, оқушылардың тек пәндік білім алуымен ғана шектелмей, оған қоса оқу мен сөйлеуге тереңіре күңіліп, жағымды мінез-құлықты қалыптастыру, этика, эстетика сияқты адамгершілік нормаларын бойларына дамытып, тәрбиеге көп көңіл бөлуде.

Комплексті талдауда әдеп, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, саз өнері, т.б. сабақтарда пәнаралық байланысқа кіреді. Оқытуда салт-дәстүр, әдет-ғұрып сияқты ұлттық тәрбие беруге көп көңіл бөлінеді.

Сабақты комплексті талдау нәтижесінде оқушылардың да ой-өрістері кеңейгенін, өздігінше ой қорытуға, әрекет етуге жаңаша талпынып, төселіп қалғанын байқауға болады.

«Мұғалім – мектептегі басты тұлға». Осы сөзді жиі айтамыз. Ең басты мақсат оқушыларды сабаққа ынталандыру. Шәкірттерді пәнге

Әрине, тек сабақтың өзі тартымды болса ғана. Ал, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік сабақ, еріксіз баурап алар сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің білімділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігін, дарындылығын қажет етер еді.

ХХІ ғ. білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық.

Заман талабына сай жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылармен бірлесе жұмыс істей отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қазір Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық модемінің үлгісін құру жүріп жатыр. Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жұмысының да осыған лайық өзгерістерге ұшырайтыны сөзсіз. Қазіргі педагогика ғылымында тұлғаны қалыптастыру бағытталған жаңа технологияларды енгізу – кезек күттірмес міндет.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу, білім беру ұйымдарының еркіндігі мен дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру қажеттігі баса айтылған.

Бүгінгі күні оқушының шағармашылық жұмыспен айналысуына бағыт беру арқылы іс-әрекетін арттыру өзекті мәселелердің бірі. Міне осыған жетудің жолы сабақты комплексті талдау оқыту деп ойлаймын. 



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее