«Зима 2025»

«Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр»

Жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр»

«Қасым аға бүкіл болмыс –бітімімен батыр болып жаратылған жан еді».

Н.Назарбаев

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар,қонақтар,оқушылар! Бүгінгі «Бір кітап-бір аймақ» акциясы аясында өтетін «Қазақтың қайсар ұлы – Қасым батыр» атты шығармашылық кешке қош келдіңіздер! 2016 жылы басталған бұл акция өз жалғасын табуда. Осы орайда Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты,көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысында талай батырлық көрсеткен даңқты партизан- жазушының өмірі мен шығармашылығы, үлгі алар тағылымы жайлы айтылды.

Акция мақсаты :

Жалпы қоғам назарын кітап оқуға байланысты қызығушылықтың төмендеуіне , адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.

Акция ұстанымы : «Мен де оқимын,сен де оқисың, Қарағанды өңірінің бәрі де оқиды!»

. Облыстық дәстүрге айналған бұл акция жас ерекшеліктеріне байланысты көркем шығарма туындысы ұсынылды.Осы орайда біз оқушылармен бірге биылғы жылы ұсынылған Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесінен шығармашылық кеш өткіздік.

Көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті . Қасым Қайсенов – тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық Қаһарманы – Ұлттық батыры.

1-бөлім : Қасым Қайсеновтың өмірі бізге үлгі

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында туған.Өскемен саяси-ағарту техникумын бітірген (1938). 1939-1940ж.ж. Павлодар облыстық оқу бөлімінде инспектор болды. 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, арнаулы әскери мектептен өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында жау тылында партизандық қозғалысты ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол басқарған отряд ғажап ерлік жасап ерлік үлгісін көрсетті. 1945-1953 ж.ж.Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президумында, Жамбыл облысының Жуалы ,Свердлов аудандық кеңестерінің атқару комитеттерінде жауапты қызметте болды. 1953-1970 ж.ж. Қазақстан Жазушылар одағында және баспа орындарында («Жазушы», «Қайнар») редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. 2006 жылы 88 жасында қайтыс болды.

Қасым Қайсеновтің өмірін ,ерлігін,азаматтығын,кісілігін неғұрлым көп біле түссек, соғұрлым бүгінгі ұрпаққа үлгі мен өнеге, тарихтың тамырын терең түсінері сөзсіз

2 – бөлім : «Жау тылындағы бала» шығармасынан мәнерлеп оқу

Қасым Қайсенов–жер бетінде бұрын-соңды болмаған ең жойқын шайқаста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпаған ер. Халқымыздың жалпы адамзатпен бірге жасаған ең ұлы ерлік дастанының ең алғашқы қаһармандарының бірі.Олай болса 5-7 сынып оқушылары Қасым аталарының шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп оқуына кезек берейік. (Сағынышқызы Айшагүл, Ержанұлы Диас, Мұрат Сұлтан, Кенесбай Ақбота, Жұмағали Мерұлан, Нұрсейтова Нұрай)

3-бөлім : «Жау тылындағы баладан» көрініс. 7 сынып оқушылары шығарма желісі бойынша көрініс сахналады. Жас ұрпақ санасына жеңістің оңайшылықпен келмегенін түсіну мен түйсінуі үшін,повесті оқып қана қоймай, сол образды сомдады.

Қасым Қайсеновтың шығармаларын оқи отырып жас ұрпақты қажырлыққа, төзімділікке, адалдыққа, ерлікке, өжетілікке тәрбиелеуге болатынын санасына сіңдіру. Қорыта айтқанда қайсар аталарының туған елі мен жері үшін бар өмірін аямай еңбек еткені, артында өлмейтін, өшпейтін мұра қалдырғанын жас ұрпақ үлгі етуі тиіс. Ер жүрек партизан –жазушының қалдырған мол мұрасын оқып,көңілге тоқу бүгінгі жас ұрпақтың парызы. Олай болса кітап оқу арқылы ойымыз ұшқыр, біліміміз терең болсын!



Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, ЖББ №5 орта мектебі

кітапхана меңгерушісі : Махашова Коптлеу Шойынбаевна





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее