«Зима 2025»

Қол гранаттары (конспект урока)

Урок полезен для учителей - преподавателям НВП

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Алғашқы әскери дайындық. 10 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары

Сабақтың мақсаты: жарықшақты қол гранаттарының түрлерімен, құрылысымен таныстыру;

Дамытушылық мақсаты: оның құрылысын үйрене отырып дұрыс қолдана алу жолдарын үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: әр оқушы бойында Отанға деген сүйіспеншілік, саналы түрде оны қорғауға үйрету.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: оқу-жаттығуға арналған қол гранаттарының макеті және олардың сызба-нұсқалары.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады. Рапорт береді.Сәлемдесу.Әскери формасына,сырт пішіндеріне назар аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Автоматтың керек – жарақтары.

2. Атыстан кейінгі майлау мен тазалау.

3.Автоматты сақтау және күтіп ұстау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тақырыпты және оның мақсаттарын хабарлау.

ҚР ҚК қару-жарағында РГД-5, РГ - 42, Ф -1, РКГ-3 , РГН және РГО жарықшақты қол гранаттары бар.Жарықшақты қол гранаттары қарсыластың адам күшін жарықшақтарымен жоюға арналған. Гранаттар жарылған кезде адам күшін жоюға жетерліктей энергиясы бар көптеген жарықшақтар жан-жаққа ұшады.

Жарықшақты қол гранаттары әсіресе жақынннан ұрысуға (шабуылда, окопта, орманда,тауда, паналарда) ұрыс жүргізгенде нәтиже береді.

Жарықшақтарының ұшуына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді.

Гранат италян тілінен аударылғанда «түйіршікті» деген мағына береді. Қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ-дәрі. Қолдануына қарай қол гранаттары және гранататқыштармен атылатын гранаттар (гранататқыштармен ату, винтовкалық гранаттар). Қолдану мақсатына қарай жаяу әскерге, танкіге қарсы қолданатын,өртегіш және арнайы (түтінді жарықтандырғыш сигналды және т.б.) түрлері бар. Гранататқыштық атыстар біріктірілген немесе бөлек оқталатын, калибрлік неме одан тыс,ұшуда айналуымен не қанатымен тұтандырылатын болып бөлінеді.

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып, жеткізіледі. Жәшікке гранаттар,тұтқалар, тұтандырғыштар жеке мететалл қораптарға салынады. Қорапты ашу үшін арнайы пышақтар болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда:гранаттар саны, массасы,гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі,гранаттар кезегінің нөмірі,дайындалған жылы көрсетіледі. Жауынгерлер гранаттарды сөмкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады,олар таза қағазға немесе таза матаға оралуы тиіс. Гранатты тек лақтыру алдында жарақтауға рұсат етіледі. Ұрыстық гранаттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге алмай жүруге және жарылмаған гранаттарды алып жүруге тыйым салынады.


Гранаттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:

Үйренуші болат дулыға кию керек.

Гранаттармен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек.

Бірнеше гранаттар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылған соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек.

Қол гранаттар лақтыру аумағын кемінде 300 м жерді қоршау керек.

Гранатты лақтыруға арналған бастапқы орында ақ жалау, атыс шебінде қызыл жалау болуы тиіс.

Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің жетекшілігімен бой тасалардан, оқпаналардан жүргізіледі.

Егер лақтырылмаған гранат болса онда оны командирдың тікелей бақылауымен және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.

Жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың орнын қызыл жалаумен белгілеу керек.

Гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бой тасаларға апару керек (300 м).

Гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан кемінде 25 м қашықтыққа жабдықтау керек.


Гранатты лақтыру алдында оны-сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек.

Гранатты лақтыру үшін рның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрын қолға плу керек.

Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқышиінтірекпен ұсталынып тұрылады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль –оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль – детанаторға беріледі.

Касюль – детанатор жарылып, гранаттың зарядын жарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус және тұтандырғыш жарықшақтары жан – жаққа шашырайды.




ІV. Жаңа сабақты бекіту:


1.Жарықшақты қол гранаттары неге арналған және оның түрлері.

2.Жарықшақты қол гранаттарының ұрыстық қасиеттері.

3.Қол гранаттарының негізгі құрылысы.

4.Қол гранаттарымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

V. Қорытындылау. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма.

ІV – тарау. § 10. 223-2234 бет.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее