«Зима 2025»

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ (сурет көрмесі)

ЛДЬБДЮБЮЖ

ДЛЛДЖБЖЖ

ДОЩЛЬБ

ДОРЛДД

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қыс қызығы

Мақсаты: Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктері, табиғат құбылысы туралы айту. Түсіндіру.

Мотивациялық қозғаушы. Ұйымдастыру кезеңі.

-       Балалар,  қыс мезгілінде неше ай бар?

-       Үш ай: олар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

-       Қыс мезгілінде біз қандай мейрамды қарсы аламыз?

-       Жаңа жыл мейрамын.

-       Қыс мезгілінде қыстайтын қандай құстарды білеміз?

-       Қарға,көгершін,сауысқан,қара торғай.

-       Дұрыс,балалар. Құстар қалай қоректенеді,осы құс туралы кім тақпақ біледі?

Медет:          Торғай,торғай тоқылдақ,

Жерден тары шоқып ап,

Бөтегесі томпиып

Шиқ-шиқ десіп отырмақ.

-       Қыс мезгілінде өсімдіктер өседі ме?

-       Өспейді,себебі күн салқын болады,олар тіршілігін тоқтатып,көктем мезгілінде тіршілігін жалғастырады.

-       Орманда мекендейтін қандай аңдарды білеміз?

-       Қасқыр,қоян,аю,түлкі,арыстан,кірпі т.б.

 

Сергіту сәті.

Балалар,мен сендермен мына зырылдауықтың көмегімен ойын ойнағым келіп тұр.Зырылдауықтың тұсында әр түрлі карточкалар берілген,бұл карточкада тапсырмалар бар.Сол тапсырмаларды орындасақ,мен сендерге қар беремін, кім қарды көп жинаса,сол қыс туралы жақсы біледі екен.

1-тапсырма: Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?(шана тебу,сырғанау,шаңғы тебу,коньки тебу)

Қай бала қыс туралы тақпақ біледі екен? (Джамал,Айсұлу,Темірлан) Қане, әрі қарай зырылдауықты айналдырайық.

2-тапсырма: Балалар, мен жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар.

Бетінен суық сүйеді,                                 Қыста жер бетін басады,

Ерніне суық тиеді.(Аяз)                             Жазда сайға қарай қашады. (Қар)

Тікен, тікен тік пісте

Қысы- жазы бір түсте.(Шырша)

Ой, балалар, жұмбақтың шешуін тез табады екенсіңдер!

3-тапсырма: Орманда мекендейтін аңдардың түстері, тіршіліктері қандай болады екен?(аю-ол қыс бойы ұйықтайды, түсі ақ болады, ол балды жақсы көреді). (Қоянның түрі де аққа айналып, сәбізді жақсы көреді). (Кірпінің түсі күлгін болады, ол қорыққан кезде денесін жиырып алады).

Балалар, тағы да ойын ойнаймыз. Біз далаға серуенге шығып, қардан ақ қала жасап ойнаймыз. Жаңа жыл мерекесінде шыршаны безендіреміз. Ойынның аты: «Не жетіспейді»? Мұндағы тұрған аққала, шырша, қар, осылардын біреуінің орнын алмастырамыз, ненің жетіспегендігін байқаймыз.

4-тапсырма: Бұнда, балалар, орманда мекендейтін аңдардың құйрықтары көрсетілген, сендер қай аңның құйрығы екенін  табасыңдар.

5-тапсырма: Қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктері? (мұздың қатуы, даланы қар басуы, аңдардың түстерінің өзгеруі, ағаштарды қар басуы)

Қорытынды: Балалар, бәрің де тапсырманы жақсы орындадыңдар және кім көп қар жинады екен? (санау)

-       Ойын сендерге ұнады ма?

-       Қандай ойындар ойнадық?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее