«Зима 2025»

"Жергілікті желі"

Пән Информатика сынып 11 «А» Күні 19.01.17 ж.

сабақ №: 18

Тақырып: Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық

Мақсат: Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік – Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: оқулықтар, дәптерлер, ДК-лер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, My test бағдарламасы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Амандасады, кезекші оқушы сабаққа келмеген оқушылар болса аутады, назарларын сабаққа аударады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

9 мин

ДК-де My test бағдарламасында тест тапсырмасын орындайды.

Тест

1. Компьютерлік байланыстардың тиімділігі әдетте неге тәуелді?

А) байланыс арналарының өткізу қабілетіне

В) процессордың өнімділігіне

С) жад көлеміне

D жоғарыда аталғанның бәріне

2.100 Мбит/с нешеге тең?

A) 1024 бит/с

B) 102 400бит/с

C) 102 400 Кбит/с

D) 10,24 Кбит/с

3.Оптоталшықты қосылу. жатады.

A) байланыстың кабельдік арнасына

B) байланыстың телефондық арнасына

C) радиоарналарға

D) жерсеріктік арналарға

1. Радиоарналарға жататын байланыс арналарын таңдандар:

A) телефондық

B) шиыршықталған жұп, коаксиалды

C) коаксиалды, оптоталшықты

D) радиорелелі, жерсеріктік

2. Бір ІР-адрестен желідегі бірнеше қолданушының жұмысын ұйымдастыру тәсілін тандаңдар:

A) байланыстың жерсеріктік арналарын пайдалану

B) желіде прокси-сервер арқылы жұмыс жасау

C) FTP хаттамасын қолдану

D) HTTP хаттамасын өшіру

3. Гипермәтіндерді тасымалдауға жауапты хаттаманы таңдандар:

A) HTTP

B) FTP

C) POP

D) TCP/IP

4. Поштаны жіберуге жауапты хаттамаларды таңдаңдар:

A) HTTP және FTP

B) FTP және POP

C) POP жэне SMTP

D) TCP жэне IP

5. Ақпараттарды дестелерге бөлу меноларды желі арқылы тасымалдауға қай хаттама жауапты?

A) TCP

B) FTP

C) IP

D) HTTP

6. TCPхаттамасы қандай функция атқарады?

A) ақпаратты дестелерге бөледі

B) дестелерді желі бойынша жібереді

C) дестелерді бір файлға жинайды және олардың бүтіндігін тексереді

D) клиенттік пошталық программалардан пошта алу сұраныстарын өңдейді

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

5мин

Жергілікті желінің конфигурациясы әртүрлі байланыстармен (топология) беріледі.

Топология - желі компоненттерінің физикалық орналасуы.

Желінің негізгі үш топологиясы бар: жұлдыз, сақина және шина.

«Жұлдыз» топологиясынан тұратын желілерде жұмыс стансалары орталық түйіндерге қосылады. Орталық түйін ретінде бағдарлағышты (арнайы қондырғылар немесе компьютер), коммутаторды (желілік көпір), концентраторды (хаб) айтуға болады.

Желілік концентратор немесе хаб - кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.

Желілік коммутатор деп бір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы.

Бірнеше желіні байланыстыруды бағдарлағыш (марш­рутизатор) жүзеге асырады.

Бағдарлағыш дегеніміз - желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.

Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.

«Сақина» топологиясы сервер мен жұмыс стансаларының тізбектеліп біріктірілуін көрсетеді.

«Шина» топологиялы желілерде барлық жұмыс стансалары мен файл-сервер шина деп аталатын орталықка кабельге қосылады (121-сурет ).

Жергілікті желідегі топологияға тәуелсіз бір компью­тер сервер ретінде (бөлінген серверден тұратын желі) бөлінуі немесе желідегі барлық компьютер - теңқұқты (бір рангілі желі) болуы мүмкін.

Жергілікті желіні баптау

Жергілікті желіні пайдалану жалпы ақпаратты ғана емес, жалпы құрылғыны да қолдануға мүмкіндік береді. Шалғай орналасқан (перифериялың) құрылғыларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны баптау қажет.

Windows 7 операциялық желісіндегі принтерге жалпы рұқсат тағайындауды қарастырайық. Ол екі кезеңнен тұрады:

  1. принтер қосылған компьютерде жалпы қолжетімділікті баптау;
  2. жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтерді орнату.

1-кезең. Принтер қосылған компъютерде жалпы қолжетімділікті баптау.

Басқару панелі => Құрылғы және дыбыс => Құрылғы және принтер бұйрығын таңдау керек (122-сурет). Керек принтердің контекстік мәзірінде Қасиет бұйрығын таңдау керек. Қолжетімділік қосымша парағында пайда болған сұхбатты терезеде Берілген принтерге жалпы қосқыш орнату керек.

2-кезең. Жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтер орнату.

Компьютерде Құрылғы және принтерлер сұхбат терезесін ашу керек. Терезенің жоғарғы бөлігінде Принтердіорнату бұйрығын таңдау керек. Әрі қарай принтердің желілік болып табылатынын нұсқау керек (124-сурет ).

Келесі қадамда табылған принтерлердің ішінен өздеріңе керектісін таңдау керек (125-сурет).

Компьютердегі Принтерді орнату шебері жұмысы аяқталуымен желілік принтерде белгіше пайда болады. Желілік принтердің белгішесі берілген компьютерге қосылған принтердің белгішесінен ерекшеленеді.

Wi-Fi желісін баптау

Компьютерлердің жергілікті желісіне қосылу үшін мәліметтерді жіберу электромагнитті толқындардың көмегімен жүзеге асатын сымсыз қосылу жиі қолданылады. Сымсыз жергілікті желілерде орталық желілік құрылғы ретінде рұқсат нүктесі қолданылады.

Wi-Fi типті сымсыз желілер мәліметтерді жіберу жылдамдығын 54 Мбит/с-ке дейін қамтамасыз етеді, дегенмен жылдамдық қосылған компыотерлердің санына және рұқсат нүктесіне дейінгі қашықтыққа тәуелді.

Үйдегі Wi-Fi желісін баптау ретін қарастырайық.

Wi-Fi адаптер қосылғанын тексеріңдер.

Желінің баптауы екі кезеңнен тұрады.

1-кезең. Желінің бас компъютерінің құрылымы. Компьютер қасиеті терезесін шақырыңдар. Жүйенің қосымша параметрлері сілтемесін басыңдар.

«Компьютердің аты» қосымша парағына өтіңдер. Сипаттама жолағында компьютер сипаттамасын көрсетіңдер. Атты өзгерту үшін Өзгерту батырмасын басыңдар және компьютердің атын енгізіңдер.

Компьютер аты желіде бірегей болуын ескеріңдер. Жұмыс тобы жолағында негізінде өздігінен WORKGROUP аты көрсетіледі, егер сендерде жұмыс тобында басқа ат болса, онда оны өзгертіңдер. Бұл қадамнан кейін компьютерді қайта жүктеу керек.

1. Компьютерді қайта жүктегеннен кейін тапсырмалар панелінен сымдық желілік байланыстың белгісін табыңдар.

2. Пайда болған сұхбаттың терезеде Желілер мен жалпықолжетімділікті басқару орталығы сілтемесін басыңдар

3. Желілер мен жалпы қолжетімділікті басқару орталығы терезесінде Сымсыз желілерді басқару сілтемесін таңдаңдар және Қосу батырмасын басыңдар.

4. Әрі қарай «компьютер-компьютер» желісін құру батырмасы арқылы сымсыз желіні қосасыңдар. Қауіпсіздік параметрлерінде пароль орнату ұсынылады.

5. Соңғы терезеде Интернетті қосуға жалпы қолжетімділікті қосуды басыңдар және Жабу бұйрығы арқылы сұхбат терезені жабыңдар.

2-кезең. Басқа компъютерлердің желіге қосылуы.

Әрбір қосылған компьютерде 1-ден 4-ке дейінгі қадамдарды орындаңдар (Желілер мен жалпы қолжетімділікті басқару орталығын шақырғанға дейін).

Адаптер параметрлерін өзгерту сілтемесін басыңдар.

Сымсыз желілік адаптер белгісіндегі контекстік мәзірді шақырыңдар және Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.

Қасиеттер — сымсыз желілік байланыс терезесінде екі рет басу арқылы 4 нұсқалы Интернет Хаттамасын (ТСР/ IPv4) таңдаңдар. Әрі қарай компьютердің ІР-адресін көрсету керек. Бір желідегі компьютерлердің ІР-адрестері қайталанбауы керек. Негізінде ІР-адрестің бірізділігін таңдайды. Мысалы, егер бас компъютерде сымсыз Wi-Fi адаптеріне 192.168.137.1 ІР-адресі иеленсе, онда басқа компъютерлер желісінде ІР-адрестері мынандай болуы мүмкін: 192.168.137.2,192.168.137.3 және т.б.

Желі ішіндегі бетперде көрсеткішінде: 255.255.255.0 мәнін енгізіңдер.

Негізгі шлюз көрсеткішінде: басты компьютердің ІР-адрестерін - 192.168.137.1 енгізіңдер.

Енді тапсырмалар панелінде желілік байланыстың белгішесін басып, өз желілеріңді таңдау және пароль енгізу қалды.

ТҮЙІН

  • Топология - желі компоненттерінің физикалық орналасуы.
  • Желі топологиялары: жұлдыз, сақина және шина.
  • Желілік концентратор немесе хаб - кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.
  • Желілік коммутатор дел бір (немесе бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланысты­ратын қондырғы.
  • Бағдарлағыш дегеніміз - желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.
  • Жергілікті желіде топологиядан тәуелсіз сервер ретінде бір компьютердің бөлінуі (бөлінген серверлі желі) немесе желідегі барлық компьютерлер тең құқықты (бір рангілі желі) бо­луы мүмкін.
  • Wi-Fi - бұл радиоарналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты.

Қызықтыақпарат

Компьютерлік әлем туралы қызық фактілер

  • Қазіргі уақытта стандартты компьютерлік желі күніне орташа алғанда 20-дай вирустық шабуылға ұшырайды.
  • 2011 жылы электрондық пошталардың 94%-ын құрайтын, жалпы көлемі 86,5 Тбайт (терабайт) болатын 22 миллиард рұқсат етілмеген жолдама, яғни, спамдар, тіркелді.
  • Күлегештің «әкесі» ретінде 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги Меллонның университетінде BBS арқылы сөйлесу кезінде күлетін бет-бейнені білдіретін «:-)» символын қолданған Скотт Фолманды есептеу қабылданған.
  • Заманауи дербес компьютер адамды Айға жіберуге және қондыруға қажет қуаттан 10 есе артық компьютерлік қуатқа ие.
  • Ең алғаш CD жасалып шыққанда өңдеушілер оның көлемін анықтауға тырысты және дискі кез келген екпінмен, шамамен 72 минут, Бетховеннің Тоғызыншы Симфониясы сиятындай үлкен болуы керек деп шешті.
  • Yahoo іздеу жүйесінің атауы Yet Another Hierarchical Officious Oracle дегенді білдіреді, ағылшын тілінен аударғанда «тағы бір иерархиялық орындаушы болжағыш» деп аударылады.
  • Ең алғашқы электрондық хатты 1971 жылы компьютерлер арасында хабарламалар алмасуға арналған программаның авторы Рей Томлин­сон жөнелткен болатын. Ол компьютер мен қолданушының атын белу үшін @ белгісін қолдануды ұсынды. Мистер Томлинсонның адресі мынандай еді: tomlinson@bbn-tenexa.
  • Канадалық Карлтон университеті ғалымдарының пікірі бойынша, қолданушыға сайт туралы өз ойын қалдыруға және оны әрі қарай зерттеуді немесе оны жауып, басқасына өтуді шешу үшін 1/20 секунд уақыт жеткілікті.
  • Тетрис жасалып шыққан 1984 жылдан бастап, бүкіл әлем бойынша ойынның 40 миллион көшірмесі сатылды. Оны орыс ғалымы Алексей Пажитнов жасап шығарды.

ІV.Компью тердегі практикалық жұмыс

12 мин

Оқулықпен жұмыс, 239-240 б.б., компьютердегі тәжірибелік тапсырманы ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жүмыс

А деңгейі

Paint графикалық редакторын пайдалана отырып, кіші мөлшерлі компьютердің суретін салыңдар. Осы суретті көшіре отырып, әр желіде 4 компьютер бірігетінін ескеріп, өздеріңе белгілі компьютер желілерінің барлық топологияларын көрсетіңдер.

В деңгейі

1. Жаңа бума құрыңдар.

2. Оған кіруге қолжетімділікті

орнатыңдар - тек оқу үшін.

3. Басқа компьютерден қараған буманың өз бумаларың екеніне көз жеткізіңдер.

4. Басқа компъютерде сендердің бумаларыңның өзгеруіне және сол өзгерістердің сақталуына еш мүмкіндік жоқ екенін тексеріңдер.

5. Өз компьютерлеріңдегі бумаларыңа жалпы қолжетімділікті ашыңдар.

6. Басқа компъютерде сендердің бумаларыңа өзгеріс енгізу мүмкіндігі пайда болғанын тексеріңдер.

7. Өздеріңнің компьютерлеріңе желілік принтерді орнатыңдар.

С деңгейі

Тапсырма: компьютердің желідегі жұмысын тексеру.

1. Жергілікті желіге қосылған сендердің компъютерлеріңмен көршілес компьютердің ІР-адресін анықтаңдар

2. Интернет желісінде желі жұмысындағы ең қарапайым ақауларды анықтауға мүмкіндік беретін Windows стандартты құралы - Ping бұйрығы туралы ақпаратты оқыңдар.

3. Сендер таңдаған компъютердің желіде дұрыс жұмыс жасайтынын тексеріңдер.

4. Мәтіндік процессорда Ping программасыныц жұмысын сипаттаңдар.

Өз құжатыңа Ping программасыныц жұмысының хаттаммасын қосыңдар.

С деңгейінің үй тапсырмасы (оқушының үйінде техникалық мүмкіндіктер бар болғанда орындалады).

Үйдегі Wi-Fi желісін баптаңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

Экранға қарап, видеода көрсетілген қимыл – әрекеттерді жасайды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

9 мин

Оқулықпен жұмыс, 238-239 б.б., бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

Бақылау сурақтары мен тапсырмалар

1. Жергілікті желілердің көмегімен шешілетін негізгі мәселелер қандай?

2. Жергілікті және ғаламдық желілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

3. Желідегі принтерге жалпы қолжетімділікті қалай орнатуға болады?

4. Wi-Fi дегеніміз не?

5. Үйдегі Wi-Fi желісін баптаудың жалпы ретін айтыңдар.

6. * Желіге қосылған компъютерде қандай программалық жабдықтама болуы керек?

7.* Желілік хаттамалардың әрекеті жайлы айтыңдар.

8.* Желілік кабель арқылы байланысқан екі компьютер компьютерлік желі болып санала ма?

9.* Сканерге жалпы қолжетімділікті орнатуға бола ма? Неге?

VIІ. Рефлексия

2 мин

Берілген стикерге сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Ойды аяқта

  • Бүгін мен білдім.
  • Мен үйрендім.
  • Қолымнан келді.
  • Қиындық тудырды.

VIІI. Оқушыларды бағалау

2 мин

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау, бағаларын күнделіктеріне қою.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

ІХ.Үй жұмысы

2 мин

§18 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки





























Пән   Информатика   сынып  11 «А»  Күні 19 .01.17 ж.

сабақ №: 18

Тақырып: Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық

Мақсат: Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.

Білімділік –  Жергікті желіні баптау, интернетте мекен жайлық тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  аралас

Сабақ типі:  жаңа тақырыпты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар:  оқулықтар, дәптерлер, ДК-лер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, My test бағдарламасы

Сабақ барысы

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың іс - әрекеттері

І.Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру.

Амандасады, кезекші оқушы сабаққа келмеген оқушылар болса аутады, назарларын сабаққа аударады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

9 мин

   ДК-де My test бағдарламасында тест тапсырмасын орындайды.

Тест

1. Компьютерлік байланыстардың тиімділігі әдетте неге тәуелді?

А) байланыс арналарының өткізу қабілетіне

В) процессордың өнімділігіне

С) жад көлеміне

D жоғарыда аталғанның бәріне

2.100 Мбит/с нешеге тең?

A) 1024 бит/с

B) 102 400бит/с

C) 102 400 Кбит/с

D) 10,24 Кбит/с

3.Оптоталшықты қосылу... жатады.

A) байланыстың кабельдік арнасына

B) байланыстың телефондық арнасына

C) радиоарналарға

D) жерсеріктік арналарға

1. Радиоарналарға жататын байланыс арналарын таңдандар:

A) телефондық

B) шиыршықталған жұп, коаксиалды

C) коаксиалды, оптоталшықты

D) радиорелелі, жерсеріктік

2. Бір ІР-адрестен желідегі бірнеше қолданушының жұмысын ұйымдастыру тәсілін тандаңдар:

A) байланыстың жерсеріктік арналарын пайдалану

B) желіде прокси-сервер арқылы жұмыс жасау

C) FTP хаттамасын қолдану

D) HTTP хаттамасын өшіру

3. Гипермәтіндерді тасымалдауға жауапты хаттаманы таңдандар:

A) HTTP

B) FTP

C) POP

D) TCP/IP

4. Поштаны жіберуге жауапты хаттамаларды таңдаңдар:

A) HTTP және FTP

B) FTP және POP

C) POP жэне SMTP

D) TCP жэне IP

5. Ақпараттарды дестелерге бөлу меноларды желі арқылы тасымалдауға қай хаттама жауапты?

A) TCP

B) FTP

C) IP

D) HTTP

6. TCPхаттамасы қандай функция атқарады?

A) ақпаратты дестелерге бөледі

B) дестелерді желі бойынша жібереді

C) дестелерді бір файлға жинайды және олардың бүтіндігін тексереді

D) клиенттік пошталық программалардан пошта алу сұраныстарын өңдейді

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

5мин

    Жергілікті желінің конфигурациясы әртүрлі байланыстармен (топология) беріледі.

Топология - желі компоненттерінің физикалық орналасуы.

    Желінің негізгі үш топологиясы бар: жұлдыз, сақина және шина.

   «Жұлдыз» топологиясынан тұратын желілерде жұмыс стансалары орталық түйіндерге қосылады. Орталық түйін ретінде бағдарлағышты (арнайы қондырғылар немесе компьютер), коммутаторды (желілік көпір), концентраторды (хаб) айтуға болады.

     Желілік концентратор немесе хаб - кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

     Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.

     Желілік коммутатор деп бір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы.

      Бірнеше желіні байланыстыруды бағдарлағыш (марш­рутизатор) жүзеге асырады.

      Бағдарлағыш дегеніміз - желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.

      Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.

     «Сақина» топологиясы сервер мен жұмыс стансаларының тізбектеліп біріктірілуін көрсетеді.

        «Шина» топологиялы желілерде барлық жұмыс стансалары мен файл-сервер шина деп аталатын орталықка  кабельге қосылады (121-сурет ).

      Жергілікті желідегі топологияға тәуелсіз бір компью­тер сервер ретінде (бөлінген серверден тұратын желі) бөлінуі немесе желідегі барлық компьютер - теңқұқты (бір рангілі желі) болуы мүмкін.

Жергілікті желіні баптау

     Жергілікті желіні пайдалану жалпы ақпаратты ғана емес, жалпы құрылғыны да қолдануға мүмкіндік береді. Шалғай орналасқан (перифериялың) құрылғыларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны баптау қажет.

     Windows 7 операциялық  желісіндегі принтерге жалпы рұқсат тағайындауды қарастырайық. Ол екі кезеңнен тұрады:

  1.       принтер қосылған компьютерде жалпы қолжетімділікті баптау;

  2.       жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтерді орнату.

      1-кезең. Принтер қосылған компъютерде жалпы қолжетімділікті баптау.

      Басқару панелі = Құрылғы және дыбыс = Құрылғы және принтер бұйрығын таңдау керек (122-сурет). Керек принтердің контекстік мәзірінде Қасиет бұйрығын таңдау керек. Қолжетімділік қосымша парағында пайда болған сұхбатты терезеде Берілген принтерге жалпы қосқыш орнату керек.

      2-кезең. Жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтер орнату.

      Компьютерде Құрылғы және принтерлер сұхбат терезесін ашу керек. Терезенің жоғарғы бөлігінде Принтердіорнату бұйрығын таңдау керек. Әрі қарай принтердің желілік болып табылатынын нұсқау керек (124-сурет ).

       Келесі қадамда табылған принтерлердің ішінен өздеріңе керектісін таңдау керек (125-сурет).

       Компьютердегі Принтерді орнату шебері жұмысы аяқталуымен желілік принтерде белгіше пайда болады. Желілік принтердің белгішесі берілген компьютерге қосылған принтердің белгішесінен ерекшеленеді.

Wi-Fi желісін баптау

         Компьютерлердің жергілікті желісіне қосылу үшін мәліметтерді жіберу электромагнитті толқындардың көмегімен жүзеге асатын сымсыз қосылу жиі қолданылады. Сымсыз жергілікті желілерде орталық  желілік құрылғы ретінде рұқсат нүктесі қолданылады.

        Wi-Fi типті сымсыз желілер мәліметтерді жіберу жылдамдығын 54 Мбит/с-ке дейін қамтамасыз етеді, дегенмен жылдамдық қосылған компыотерлердің санына және рұқсат нүктесіне дейінгі қашықтыққа тәуелді.

        Үйдегі Wi-Fi желісін баптау ретін қарастырайық.

        Wi-Fi адаптер қосылғанын тексеріңдер.

        Желінің баптауы екі кезеңнен тұрады.

       1-кезең. Желінің бас компъютерінің құрылымы. Компьютер қасиеті терезесін шақырыңдар. Жүйенің қосымша параметрлері сілтемесін басыңдар.

 «Компьютердің  аты» қосымша парағына өтіңдер. Сипаттама жолағында компьютер сипаттамасын көрсетіңдер. Атты өзгерту үшін Өзгерту батырмасын басыңдар және компьютердің атын енгізіңдер.

       Компьютер аты желіде бірегей болуын ескеріңдер. Жұмыс тобы жолағында негізінде өздігінен WORKGROUP аты көрсетіледі, егер сендерде жұмыс тобында басқа ат болса, онда оны өзгертіңдер. Бұл қадамнан кейін компьютерді қайта жүктеу керек.

1. Компьютерді қайта жүктегеннен кейін тапсырмалар панелінен сымдық желілік байланыстың белгісін табыңдар.

2. Пайда болған сұхбаттың терезеде Желілер мен жалпықолжетімділікті басқару орталығы сілтемесін басыңдар

 3. Желілер мен жалпы қолжетімділікті басқару орталығы терезесінде Сымсыз желілерді басқару сілтемесін таңдаңдар және Қосу батырмасын басыңдар.

4. Әрі қарай «компьютер-компьютер» желісін құру батырмасы арқылы сымсыз желіні қосасыңдар. Қауіпсіздік параметрлерінде пароль орнату ұсынылады.

5. Соңғы терезеде Интернетті қосуға жалпы қолжетімділікті қосуды басыңдар және Жабу бұйрығы арқылы сұхбат терезені жабыңдар.

2-кезең. Басқа компъютерлердің желіге қосылуы.

      Әрбір қосылған компьютерде 1-ден 4-ке дейінгі қадамдарды орындаңдар (Желілер мен жалпы қолжетімділікті басқару орталығын шақырғанға дейін).

      Адаптер параметрлерін өзгерту сілтемесін басыңдар.

      Сымсыз желілік адаптер белгісіндегі контекстік мәзірді шақырыңдар және Қасиеттер бұйрығын таңдаңдар.

      Қасиеттер — сымсыз желілік байланыс терезесінде екі рет басу арқылы нұсқалы Интернет Хаттамасын (ТСР/ IPv4) таңдаңдар. Әрі қарай компьютердің ІР-адресін көрсету керек. Бір желідегі компьютерлердің ІР-адрестері қайталанбауы керек. Негізінде ІР-адрестің бірізділігін таңдайды. Мысалы, егер бас компъютерде сымсыз Wi-Fi адаптеріне 192.168.137.1 ІР-адресі иеленсе, онда басқа компъютерлер желісінде ІР-адрестері мынандай болуы мүмкін: 192.168.137.2,192.168.137.3 және т.б.

       Желі ішіндегі бетперде көрсеткішінде: 255.255.255.0 мәнін енгізіңдер.

       Негізгі шлюз көрсеткішінде: басты компьютердің ІР-адрестерін - 192.168.137.1 енгізіңдер.

       Енді тапсырмалар панелінде желілік байланыстың белгішесін басып, өз желілеріңді таңдау және пароль енгізу қалды.

ТҮЙІН

  •          Топология - желі компоненттерінің физикалық орналасуы.

  •          Желі топологиялары: жұлдыз, сақина және шина.

  •          Желілік концентратор немесе хаб - кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы.

  •          Желілік коммутатор дел бір (немесе бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланысты­ратын қондырғы.

  •          Бағдарлағыш дегеніміз - желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер.

  •          Жергілікті желіде топологиядан тәуелсіз сервер ретінде бір компьютердің бөлінуі (бөлінген серверлі желі) немесе желідегі барлық компьютерлер тең құқықты (бір рангілі желі) бо­луы мүмкін.

  •          Wi-Fi - бұл радиоарналар бойынша мәліметтердің сандық ағындарын тасымалдау стандарты.

Қызықтыақпарат

Компьютерлік әлем туралы қызық фактілер

  • Қазіргі уақытта стандартты компьютерлік желі күніне орташа алғанда 20-дай вирустық шабуылға ұшырайды.

  • 2011 жылы электрондық пошталардың 94%-ын құрайтын, жалпы көлемі 86,5 Тбайт (терабайт) болатын 22 миллиард рұқсат етілмеген жолдама, яғни, спамдар, тіркелді.

  •  Күлегештің «әкесі» ретінде 1982 жылы 19 қыркүйекте Карнеги Меллонның университетінде BBS арқылы сөйлесу кезінде күлетін бет-бейнені білдіретін «:-)» символын қолданған Скотт Фолманды есептеу қабылданған.

  • Заманауи дербес компьютер адамды Айға жіберуге және қондыруға қажет қуаттан 10 есе артық компьютерлік қуатқа ие.

  • Ең алғаш CD жасалып шыққанда өңдеушілер оның көлемін анықтауға тырысты және дискі кез келген екпінмен, шамамен 72 минут, Бетховеннің Тоғызыншы Симфониясы сиятындай үлкен болуы керек деп шешті.

  • Yahoo іздеу жүйесінің атауы Yet Another Hierarchical Officious Oracle дегенді білдіреді, ағылшын тілінен аударғанда «тағы бір иерархиялық орындаушы болжағыш» деп аударылады.

  • Ең алғашқы электрондық хатты 1971 жылы компьютерлер арасында хабарламалар алмасуға арналған программаның авторы Рей Томлин­сон жөнелткен болатын. Ол компьютер мен қолданушының атын белу үшін @ белгісін қолдануды ұсынды. Мистер Томлинсонның адресі мынандай еді: tomlinson@bbn-tenexa.

  • Канадалық Карлтон университеті ғалымдарының пікірі бойынша, қолданушыға сайт туралы өз ойын қалдыруға және оны әрі қарай зерттеуді немесе оны жауып, басқасына өтуді шешу үшін 1/20 секунд уақыт жеткілікті.

  • Тетрис жасалып шыққан 1984 жылдан бастап, бүкіл әлем бойынша ойынның 40 миллион көшірмесі сатылды. Оны орыс ғалымы Алексей Пажитнов жасап шығарды.

ІV.Компью тердегі практикалық жұмыс

12 мин

   Оқулықпен жұмыс, 239-240 б.б., компьютердегі тәжірибелік тапсырманы ДК-де орындайды.

Компьютердегі тәжірибелік жүмыс

А деңгейі

    Paint графикалық редакторын пайдалана отырып, кіші мөлшерлі компьютердің суретін салыңдар. Осы суретті көшіре отырып, әр желіде 4 компьютер бірігетінін ескеріп, өздеріңе белгілі компьютер желілерінің барлық топологияларын көрсетіңдер.

В деңгейі

1. Жаңа бума құрыңдар.

2. Оған кіруге қолжетімділікті

орнатыңдар - тек оқу  үшін.

3. Басқа компьютерден қараған буманың өз бумаларың екеніне көз жеткізіңдер.

4. Басқа компъютерде сендердің бумаларыңның өзгеруіне және сол өзгерістердің сақталуына еш мүмкіндік жоқ  екенін тексеріңдер.

5. Өз компьютерлеріңдегі бумаларыңа жалпы қолжетімділікті ашыңдар.

6. Басқа компъютерде сендердің бумаларыңа өзгеріс енгізу мүмкіндігі пайда болғанын тексеріңдер.

7. Өздеріңнің компьютерлеріңе желілік принтерді орнатыңдар.

С деңгейі

Тапсырма: компьютердің желідегі жұмысын тексеру.

1. Жергілікті желіге қосылған сендердің компъютерлеріңмен көршілес компьютердің ІР-адресін анықтаңдар

2. Интернет желісінде желі жұмысындағы ең қарапайым ақауларды анықтауға мүмкіндік беретін Windows стандартты құралы - Ping бұйрығы туралы ақпаратты оқыңдар.

3. Сендер таңдаған компъютердің желіде дұрыс жұмыс жасайтынын тексеріңдер.

4. Мәтіндік процессорда Ping программасыныц жұмысын сипаттаңдар.

Өз құжатыңа Ping программасыныц жұмысының хаттаммасын қосыңдар.

     С деңгейінің үй тапсырмасы (оқушының үйінде техникалық мүмкіндіктер бар болғанда орындалады).

     Үйдегі Wi-Fi желісін баптаңдар.

V. Сергіту сәті

2 мин

  Экранға қарап, видеода көрсетілген қимыл – әрекеттерді жасайды.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

Алақанды уқалау.

Қолды қысу

Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен  қарай 3-4 рет айналым жаса

VI. Бекіту

9 мин

   Оқулықпен жұмыс, 238-239 б.б., бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.

Бақылау сурақтары мен тапсырмалар

1. Жергілікті желілердің көмегімен шешілетін негізгі мәселелер қандай?

2. Жергілікті және ғаламдық желілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

3. Желідегі принтерге жалпы қолжетімділікті қалай орнатуға болады?

4. Wi-Fi дегеніміз не?

5. Үйдегі Wi-Fi желісін баптаудың жалпы ретін айтыңдар.

6. * Желіге қосылған компъютерде қандай программалық жабдықтама болуы керек?

7.* Желілік хаттамалардың әрекеті жайлы айтыңдар.

8.* Желілік кабель арқылы байланысқан екі компьютер компьютерлік желі болып санала ма?

9.* Сканерге жалпы қолжетімділікті орнатуға бола ма? Неге?

VIІ. Рефлексия

2 мин

 Берілген стикерге сабақ бойынша өз ойларын жазады.

Ойды аяқта

  • Бүгін мен білдім...

  • Мен үйрендім...

  • Қолымнан келді...

  • Қиындық тудырды...

VIІI. Оқушыларды бағалау

2 мин

      Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау,  бағаларын күнделіктеріне қою.

Бағаны күнделіктеріне қойдырады

ІХ.Үй жұмысы

2  мин

 §18 оқу

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее