«Зима 2025»

ҚЫС ҚЫЗЫҒЫ (сурет көрмесі)

ОРПРОЛ

ООЛДППОП

АПОАРЛАПР

АОПАПРЬТЛ

АОТРОПЛО

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки



Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.

Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.

Амандасу рәсімі:

«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.

Кіріспе бөлім:

Қыс туралы әңгімелеу.

  • Балалр, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс екенін қайдан білдіңдер?

Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.

Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.

  • Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.

Әңгімені талдау.

  • Балалар , әңгіме не туралы?

  • «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?

Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.

(Осы кезде есік қағылады)

  • Балалар, біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік, кім келді екен? Балалар, бізге Ақшақар қонаққа келіпті.

Ақшақар:

- Мен орманнан келдім. Қыс апаларың сендерге құстарым орманнан ұшып кетті, соларды ұстауға көмектесіңдер деп сәлем айтып жіберді.

  • Балалар, біз Қыс апамызға көмектесейік. Апамыздың орманында қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.

  • Ол үшін ойын ойнайық.

Ал, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.


Жұмбақтар

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды (қарға)


Өзі сақ, өзі ұзын,

Шықылықтап тұрмайды.


Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс (сауысқан)


Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз (Торғай, үкі, тоқылдақ туралы)

Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.


Сергіту сәті.

Қарға біздің қар, қар,

Сауысқаныс саңқ, саңқ.

Торғайларым шиқ, шиқ,

Жапалағым ух, ух.

Көкек көкек, көкек деп,

Ұшады екен желпілдеп.

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?

  • Олар жем іздеп келді.

  • Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.

Табиғат тілашарынан

«Қыс ұясын қарайла, бұзылмасын абайла» тіркесін жаттайық.

  • Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Мүмкін ол біздің құстарға келген Қыс апамыз шығар.

Есік ашылып, Қыс кіреді.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.

  • Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.

  • Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.

(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)
















«Қысқы ертегілер» апталығына

«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.


Рольдерде ойнайтындар:

Түлкі: Нұрсауле

Аю: Талап

Қасқыр: Алихан

Түйе: Ержан


Автор сөзі:

Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде...

Түлкі:

  • Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.

Қасқыр:

  • Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!

Түлкі:

  • Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.

Түлкі:

  • Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, - дейді сыбырлап,

Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.

Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;

  • Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, - дейді.

Түйе:

- Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.

Түлкі:

  • Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.

Түйе:

  • Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.

Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.

Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.

Қасқыр:

- Жеме, Аю ұрсады.

Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:

Аю:

- Ішек қайда? Деп ақырады.

Түлкі:

-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен - өтірік.

Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.

Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:

Аю:

- Ет қайда? - деп қаһарлана гүж ете түседі.

Түлкі:

  • Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.

Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.





























Наурыз - жыл басы!


Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

  • Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекміз де келіп қалды. Мерекелерңіз құтты болсын!

Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші:

Наурыз келсе, құт келгені халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.


2-жүргізуші:

Той пернесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Той шашуға тойыңдар,

Бұдан кейін ойын бар. (шашу шашылады)


2-жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!

Көңілің бар алаңдар.


1-жүргізуші:

Ата менен анаң бар,

Үлкен кіші ағаң бар.


2-жүргізуші:

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар.


1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.

Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.


Балалардың тақпақтары:


Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.



Наурыз тойың , Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.


Хор: «Наурыз той»


Доңыз жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.


Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.


Қыс өтіп , қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!


Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім - өнер серік болсын.

Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.


Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.


Ән. «Наурыз думан»


Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел Наурыздыы тойлайды.


Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышты ел енді,

Наурыз келді салтымыз.


Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.


Малдар төлдеп, қой қоздап,

Сүттен бұлақ ағызған.

Жаңа жылдың сипаты,

Молшылыққа аңыз боп,

Басталыпты Наурыздан.


Ән: «Шақырады көктем»


Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.

Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.

  • Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.


Тапсырмалар:


  1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ,.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысчы болмаса ел жетім.


  1. Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?

Малды теппе,

Ақты төкпе,

Отты шашпа,

Күлді баспа,

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба,

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.


  1. Жеті атаңды ата.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.


  1. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.

  1. Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.


  1. Ұлттық ойындарды ата.

Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

  1. Жеті қазынаны ата.

Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

8. Үш алысты ата.

Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.


Би: «Түркістан»


Құт- береке Наурыз айым келді деп,

Жер ттүледі жасыл-желек желбіреп.

Айналайын атамекен, кең далам,

Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.


Аспанымда ақша бұлттар аунайды,

Наурыз тойы көңіліңді баурайды.

Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,

Аңқылдаған қазағымнан аумайды.


Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,

Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.

Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,

Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!


Бата беру


Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын!

Әумин!









Тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

  • Балалар, кәне, бір-бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейік.

  • Қайырлы күн, қайырлы таң, әрқашан күн сөнбесін.Аспан ашық. Аман болайық. Деніміз сау болсын. Бәріміз дос болайық. Тату болайық. Нанымыз көп болсын. Сабақты жақсы оқиық.

  • Балалар, біз бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.

  • Сәлеметсіздер ме, балалар? Менің атым Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.

  • Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?


Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.


Жақсы бала қандай болады?

Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын.


Жақсылыққа құштармыз,

Жақсы адам болып шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.



Апаң сенің базардан,

Алма сатып әперді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек,

Рахмет сізге деу керек.


Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?

Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.


Ойын: Қозғалмалы ойын.


Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтел.


Жақсы аймен күндей,

Әлемге бірдей.

Жақсы туса, ел ырысы,

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілің ашылады.

Жақсының жүрген жері базар,

Жаманның жүрген жері азар.


Сергіту сәті.

  • Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Әй-әй балақан,

Жамандықтан қаш.


Қуыр-қуыр қуырмаш,

Жалқауға жан жуымас.

Әй-әй балақан,

Жамандықтан қаш.

  • Балалар, бізге Әдемі қыз суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.

  • Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып ожатыр. Бұл балалар қандай балалар?

Жақсы, онда Ілияс қай қалтаға салады екенін көрейік.

  • Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?

  • Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?

Әмина қандай қалтаға салады екен.

  • Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?

  • Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.

  • Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?

  • Жақсы. Қалташаға салайық.

  • Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?

  • Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.

Ұлдар:

Апам үшін күнде мен,

Отын ағаш жарамын.

Су құямын гүлге де,

Дүкенге де барамын.


Қыздар:

Сыпырамын үй ішін,

Жуам ыдыс – табақты.

Апам бірақ мен үшін,

Оқымайды сабақты.

«Жақсы мен жаман» көрініс.


Қорытынды:

  • Әдемі қыз біздің балалар сен әкелген тапсырмаларды орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі.

  • Балалар, жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Ал, Әдемі қыз келесі сабақта кездескегше сау бол.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее