«Зима 2025»

Кадр есебі жөніндегі ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

Кадр есебі жөніндегі

ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

Анықтамасы:

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын ісқағаздарының бір түрі.

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссер­тация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай- ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.

Жеке іс парағын толтыру кезінде қажет болатын құжаттар:

Жеке куәлік,

СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі),

ӘЖК (әлеуметтік жеке коды),

Диплом (нөмірі),

Еңбек кітапшасы,

Әскери билеті.

Жеке іс парағы – визит карточкасы, өмірбаян, түйіндемеде берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылуы керек. Жеке іс парағында адамның білімі, кәсібі мен мамандығы, отбасы жағдайы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Кадр есебі жөніндегі

ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ


Анықтамасы:

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын ісқағаздарының бір түрі.

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссер­тация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай- ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.

Жеке іс парағын толтыру кезінде қажет болатын құжаттар:

  1. Жеке куәлік,

  2. СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі),

  3. ӘЖК (әлеуметтік жеке коды),

  4. Диплом (нөмірі),

  5. Еңбек кітапшасы,

  6. Әскери билеті.


Жеке іс парағы – визит карточкасы, өмірбаян, түйіндемеде берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылуы керек. Жеке іс парағында адамның білімі, кәсібі мен мамандығы, отбасы жағдайы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

Жеке іс парағының ерекшелігі:

1) жеке адам туралы толық мәлімет береді;

2) арнайы бланкіде толтырылады;

Қорыта айтқанда, жеке адам туралы нақты және толық мәлімет беріледі.

Құрылымы:

1. Аты-жөні.

2. Жынысы.

3. Туған күні, айы, жылы.

4. Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, республика).

5. Ұлты, азаматтығы.

6. Білімі.

7. СТТН (РНН).

8. ӘЖК (СИК).

9. ЖСН (ИИН).

10. Жеке куәлік нөмірі.

11. Мекенжайы.

12. Телефоны.

13. Оқу орнының атауы, орналасқан жері. Түскен жылы. Бітірген не­месе шыққан жылы. Бітірмесе, қай курстан кетті. Қандай мамандық бо- йынша білім алды. Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмірі.

14. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз (қандай дәрежеде).

15. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.

16. Ғылыми еңбектері және жаңалықтары (өнертабыстары).

17. Еңбек жолы (Келген уақыты. Кеткен уақыты. Күні, айы және жылы. Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік). Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері.

18. Сайланбалы орындарға қатысуы (Сайланбалы органның тұрған жері. Сайланбалы органның атауы. Кім болып сайланған. Сайланған жылы. Шығарылған жылы).

19. Мемлекеттік марапаттары.

20. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы (Құрамы. Әскер түрі).

21. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы (Отбасы мүшелерінің туған күні, айы, жылы).

22.Толтырылған мезгілі.

23. Қолы.

Бұл мәліметтерді төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.

1. Тегі, аты, әкесінің аты: қысқартусыз толық жазылады.

Мысалы, Жаңабаева Балауса Бөлекбайқызы.

2. Жынысы: ер немесе әйел деп көрсетіледі.

3. Туған күні, айы және жылы: ай аты толық көрсетіледі.

Мысалы, 24 қазан 1980 жыл.

4. Туған жері: құжатта көрсетілген мәліметпен бірдей, сол кездегі ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі.

Мысалы, Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қызылтаң ауылы.

5. Ұлты: жеке куәлікте, төлқұжатта көрсетілген мәліметпен сәйкес жазылады. Мысалы, қазақ.

6. Білімі: Тек орта мектепті бітірген болса, орта, техникум, училище, колледж бітірген болса, арнаулы орта, институт, университет бітірген болса, жоғары деп көрсетіледі. Бітірген мектеп, арнаулы немесе жоғары оқу орны және оның тұрған жері туралы мәлімет толтырылған кезде қазіргі атауы емес, сіз бітірген кездегі ресми атауы жазылады.

Мысалы, сіз Қазақ ұлттық университетін 1986 жылы бітірген болсаңыз, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қаласы деп сол кездегі атауын көрсетіңіз. Қандай мамандық бойынша білім алғаны диплом немесе куәлік нөмірі құжатқа сәйкес көрсетілуі тиіс.

Мысалы, филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, диплом МВ №114366.

7. Тіл білу дәрежесі: бұл пунктте алдымен ана тілі, содан кейін барып меңгерген қосымша тілдері туралы мәлімет жазылады.

Мысалы, ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлеймін, неміс тілінде оқып, түсінісе алу деңгейінде білемін немесе қазақ және орыс тілдерін жетік білемін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде меңгергенмін.

8. Ғылыми дәрежеңіз, атағыңыз: ресми атауын жазасыз.

Мысалы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

9. Ғылыми еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз: бұл пунктте тех­ника, өнер т.б. салада ашқан жаңалығыңыз немесе қомақты еңбегіңіз жа­зылады.

Мысалы, 2002 жылы «Рауан» баспасынан шыққан «Қазақша- орысша сөздіктің» авторымын. Көлемі 10 баспа табақ.

10. Еңбек жолы тармағында: жоғары және арнаулы оқу орындарын­да оқыған жылдары, Қарулы күштер қатарында болған жылдары және негізгі жұмысы мен қосымша істеген жұмыстары көрсетіледі. Оқу ор­нын көрсеткен кезде түскен, бітірген уақыты, Қарулы күштер қатарында болған уақыты толық және жұмысқа орналасқан уақыты мен одан шыққан немесе басқа жұмысқа ауысқан уақытыңыз күні, айы және жылы жазы­лады. Мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар, жоғары және арнаулы оқу орындары, сол кезде қалай аталса, сол атауы жазылады. Әскери қызметі мен атағы, әскери округ сол кезде қалай аталса, сол бойынша жазылады.

Мысалы, 30 тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.

1 қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алма­ты мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.

3 қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.

Немесе 5 қазан, 1981 ж. – 5 қараша, 1983 ж. Совет Армиясы қатарында болдым. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы №115 әскери округте қатардағы жауынгер, кіші сержант, сержант қызметін атқардым.

Еңбек жолы тармағындағы мәліметтер еңбек кітапшасындағы мәліметпен немесе толтырушының еңбек жолын айғақтайтын басқа да құжаттарда көрсетілген мәліметпен бірдей болуы керек.

11. Сайланбалы органдарға қатысуы: бұл тармақта егер жеке іс парағын толтырушы республикалық, облыстық, қалалық, аудандық т.б. сайланбалы органдарға депутат болып сайланған жағдайда толтырыла­ды. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын деп жазылады.

12. Мемлекеттік марапаттар: бұл тармақты марапатталғандар ғана толтырады. Бұл тармақта қашан және немен марапатталғаны көрсетіледі. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазылады.

13. Әскери қызметке қатысы: бұл пунктте, ең алдымен, әскери қызметке міндетті немесе міндетті еместігі жазылады.

Мысалы, әскери қызметке міндеттімін, әскери қызметке міндетті емеспін. Егер әскери қызметке міндетті болса, бұдан кейін әскери атағы, командалық, саяси, әкімшілік, техникалық құрамы, әскер түрі жазылады.

Мысалы, Алматы қаласы Калинин аудандық әскери комиссариат­тан берілген әскери билет НС №3361048. Құрамы: сержант. Әскер түрі: командалық.

14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы: бұл пунктте әйел адамдар сол кездегі жағдайына сәйкес тұрмыстамын, тұрмыста емеспін деп, ал ер адамдар: үйленгенмін, үйленбегенмін деп көрсетеді. Отбасы мүшелері туралы жазылатын тармақта өз отбасы болса, жолдасының, балаларының аты-жөні және туған жылы, ал жеке іс парағын толтырушы қызметкер үйленбеген немесе тұрмысқа шықпаған болса, ата-анасының, туған бауырларының аты-жөні, туған жылы жазы­лады.

Мысалы, Жолдасым – Асқаров Жәнібек Оралұлы 1962 жылы туған,

Ұлым – Асқаров Айдын Жәнібекұлы 1990 жылы туған,

Қызым – Асқарова Айсәуле Жәнібекқызы 1992 жылы туған т.б.

15. Жеке іс парағының соңына да толтырушының мекенжайы, үй те­лефоны, толтырылған күні көрсетіліп, қолы қойылады.

Мысалы, Алматы қаласы, Ақсай-1 ықшамауданы, 4 үй, 34 пәтер. Үй телефоны: 2-24-54-68. 15 наурыз 2010 жыл.

Ескерту!

Жеке іс парағы жылма-жыл толықтырылып, жаңаланып отыруына байланысты, кейбір жеке іс парағында: азаматтығы, жеке куәлік нөмірі, ӘЖК және СТТН нөмірлерін көрсетіңіз деген пункттер де кездеседі.

РНН – СТТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі).

СИК – ӘЖК (Әлеуметтік жеке код).

ИИН – ЖСН (Жеке сәйкестендіру нөмірі).


1-жаттығу. Берілген қосымшалар арқылы келесі сөздерден қызмет иесін айқындаңыз.

-шы / -ші

-кер / -гер

Қызмет

Қызмет

Жұмыс

Қайрат

Тергеу

Заң

Оқу

Кәсіп

Жазу

Іс

Сурет

Қаржы

Ән

Бап

Тыңдау

Тәлім

Би

Әдіс

Ем

Қалам

Шаңғы

Дәрі

Демеу

Зейнет

Қолдау

Қылмыс

Көмек

Жұмыс

Аударма

Айла


2-жаттығу. Көрсетілген әскер түрінің қазақша аудармасын тап?

1) «ВВ» – внутренние войска.

2) «ВДВ» – воздушно-десантные войска.

3) «П» – пехота.

4) «МП» – морская пехота.


3-жаттығу. Төмендегі кәсіп, мамандық атауларының қазақша балама­сын жазыңыз.

1) врач-стоматолог

2) правовед-юрист

3) мажилисмен

4) директор фирмы «Арай»

5) председатель ТОО

6) первый заместитель Министра

7) помощник ректора

8) Аким Созакского района Южно-Казахстанской области

9) главный специалист

10) ведущий научный сотрудник

11) младший научный сотрудник

12) секретарь-референт

13) руководитель организации

14) заведующий кафедрой

15) проректор университета

16) учитель средней школы

17) исполнительный директор

18) оперативный работник

19) чрезвычайный и полномочный Посол

20) программист

21) координатор


4-жаттығу. Керекті тілдік бірліктерді қойып, көшіріп жазыңыз.

1. Ана тілім – ... . 2. Орыс тілін ... . 3. «Парасат» орденімен ... . 4. «Даңқ» ... марапатталдым. 5. Әскери қызметке ... . 6. Әскери қызметке ... . 7. Физика-математика ғылымдарының ... .

Керекті тілдік бірліктер: докторымын, міндеттімін, міндетті емеспін, жетік білемін, қазақ тілі, орденімен, марапатталдым.


Сөздік және сөз тіркестері:

кадр есебі жөніндегі жеке – личный листок по учету кадров

іс парағы

жұмысқа қабылдау – принять на работу

тек / тегі/ – фамилия

аты – имя

әкесінің аты – отчество

туған жылы, айы, күні – число, месяц, год рождения

азаматтығы – гражданство

ұлты – национальность

жынысы – пол

білімі – образование

мамандығы – специальность

жоғары оқу орны – высшее учебное заведение

дәреже – степень

атақ – звание

ғылыми еңбек – научный труд

өнертабыс – изобретение

еңбек өтілі – трудовой стаж

сайланбалы органдар – выборные органы

әскери қызметке қатысы – отношение к воинской службе

әскери атағы – воинское звание

толтыру – заполнить

көрсету – указать

мәлімет – сведения

марапаттау – наградить

жариялау – объявить

міндетті – обязан

заңгер – юрист

үйлестіруші – координатор

бағдарламашы – программист

атқарушы директор – исполнительный директор

жетекші маман – ведущий специалист

бөлім меңгерушісі – заведующий отделом

аға ғылыми қызметкер – старший научный сотрудник



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее