«Зима 2025»

Көбелектер; Қошақан; Тышқандар

"Көбелектер", "Қошақан", "Тышқандар" құрастыру сабақтары

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

«Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным, әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: табиғи материалдан құрастыру.

Тақырыбы: Көбелектер.

Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып көбелекті құрастыра білуге үйрету, саусақ бұлшық еттерін жетілдіру, ой-қиялын дамыту, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал – жабдықтар: табиғи материалдар, желім, бояу, үлгі суреттер.

Сөздік жұмыс: шемішке дәндері, асбұршақ, ұлу қауашақтары.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларды бірнеше табиғи материалдармен таныстырады. Бұршақ, шемішке дәндері, асбұршақ, ұлу қауашақтары т.б. Олардан дәмді тағамдар жасалатынын айтады.

-Бүгін біз бұлардан әдемі көбелектер жасап үйренеміз,-деп олардың қызығушылығын оята отырып, үлгіні көрсетіп талдау жасайды.





Балалар табиғи материалдарды ұстап көреді, қандай түрімен жұмыс жасағысы келетіндерін өздері таңдайды.

Ұйымдастырушылық-і

зденістік

Педагог әр балаға көбелектердің суреті бар парақтар таратып береді, мұндағы көбелектерді қалай жасауға болатынын көрсетіп, түсіндіреді:

-Көбелектердің шеткі сызықтары бойынша желім жағып алып оның үстіне өздерің таңдаған: шемішке немесе бұршақ дәндерін қатарластырып орналастырасыңдар;

-Көбелектің бейнесін жасаймыз, мұрты, өрнектерін қарындашпен бояп жасаймыз:

-Гүлдерді, шөптерді түрлі түсті қағаздан қиып жапсырамыз.





Балалар өздері таңдаған дәндерді алып, көбелектерді жасайды, бірнеше көбелекті әртүрлі дәндерден жасайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Дайын болған көбелектерді педагог тақтаға іліп, олардың арасына гүлдерді орналастырып, композиция жасап қояды, ең әдемі көбелек таңдалады.








Балалар өздерінің көбелектерін көрсетіп, көбелек туралы өлең айтып береді.


Күтілетін нәтижелер:

біледі: көбелектер жайында жаңа мәліметтерді;

игереді: көбелектерді жасаудың әдіс-тәсілін;

меңгереді: көбелектерді табиғи материалдардан жасауды.




«Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным,

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: қағазбен құрастыру.

Тақырыбы: Қошақан.

Мақсаты: үй жануарлары жайлы білімдерін толықтыру, қошақанды жолақ қағаздармен жасауға, ұқыпты жұмыс жасай білуге үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: үлестірмелі суреттер, ойыншық қошақан, әр балаға жолақ қағаздарды орайтын қарындаштар, жолақ қағаздар т.б.

Сөздік жұмыс: бұйра жүнді қошақан, орау, ширату т.б.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Педагог балаларға қошақандар туралы өлең оқып береді. Қошақандарды қайдан көргендерін сұрайды. Ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақандарды көрдіңдер ме?»-деп сұрайды. Біз қошақанға басқа қошақандарды тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз жасап көрейік деп, үлгі суретті көрсетеді. Оның жасалу жолдарын түсіндіреді:

Өлеңді мұқият тыңдайды. Қошақандар туралы білетіндерін әңгімелеп береді. Көмектесуге келіседі.

Ұйымдастырушылық-ізденісті,не к

-алдымен қошақандардың суреті салынған қағаздар тартылады, оны қарап көру ұсынылады, не жетіспейді;

-қошақанның бұйра жүндерін жасау қажеттігі келісіледі;

-ол үшін жолақ қағаздарды алып қарындашқа орап , ширатып алады, оны қошақанның суретіндегі орынға желімдейді;

-осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап, шөптер, гүлдермен толықтырып әшекейлейді;

-балаларға жолақ қағазды қарындашқа орауға көмектеседі, оны желімдеуге бағыт береді;

-дайын болған қошақандарға шөп беріп, су беріп, оған қалай қамқорлық жасайтындарын сұрап қорытындылайды.

-жолақ қағаздар қияды; қиылған қағаздарды қарындашқа орайды,оны суретке белгіленген жеріне жапсырады.

Рефлексиялық түзетушілік

Қошақандардың жасалған суреттеріне қарап, балалардың жұмыстарын бағалайды, қорытындылайды. Қошақан балаларға ризашылығын білдіріп, рақмет айтады.






Балалар өздері қошақанды қалай жасағандығын айтып береді.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: қошақандар жайында қарапайым түсініктермен танысады;

игереді: бұйра жүнді қошақандарды жасаудың әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: жолақ қағаздарды қиюды және оны қарындашқа орауды.


«Балдырған» тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: құрастыру.

Тақырыбы: Тышқандар.

Мақсаты: тышқан туралы қарапайым түсініктермен таныстыру, тышқанның дене бөліктері жайында түсіндіріп, оны құрастыруда дене бөліктерін жасауда табиғи материалдарды дұрыс әрі тиімді пайдалануға үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: жаңғақ, емен жаңғағы, ермексаз, шөп.

Сөздік жұмыс: емен жаңғағы, ірімшік.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Қызығушылығын ояту. Күтпеген сәт.

-балалар, бізге қонаққа Джери (тышқан) келді. Ол сендердің бір-біріңмен дос әрі еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен. Бізге оның үлкен өтініші бар. Ол жалғыз ойнағаннан жалығып кетіпті. Сендердің оған мына заттардын (ермексаз, жаңғақ, шөптен) өзі сияқты тышқан жасап берулеріңді сұрайды. Өздерің сияқты оның да көп достары болса екен деп армандайды. Кәне, біз оған көмектесейік. Балалар тышқанды құрастыруды бастамас бұрын тышқанның қандай дене бөліктерінен тұратынын есімізге түсірейікші.

Балалар қонақпен амандасады. Тышқанның денесі, екі құлағы, ұзын құйрығы, төрт аяғы және кішкентай ғана көздері болады. Сонымен қатар тышқанның мұрны үшкір, жіңішке мұрты бар.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тышқанның үлгісін қарау:

Балалардың өзіндік жұмысы. Әр бала өздеріне тиісті жұмыстарын үстел немесе жердегі төсеніш үстінде орындайды. Балалардың алдына табиғи заттар қойылады.

-Тышқанның денесін қай заттан жасаған дұрыс болады?

-Олай болса грек жаңғағын тышқанның денесі етіп алайық.

-Келесі кезекте тышқанның құлағын жасап көрейік, оған қай затымыз дұрыс келеді екен.

-Жақсы, енді тышқанның құйрығын жасайық.

-Балалар, бізде Джериге дос дайын болып қалды, Джери өте қуанышты болып тұр. Бірақ тышқанымыздың әлі көзі мен мұртын, әрі аяғын жасауымыз керек, ол үшін қай заттарды қолданасыңдар?

-Дұрыс, ал мұртын ше?

-Балалар жұмысына талдау жасалады.

«Жасалынған тышқандардан көрме ұйымдасыру». Джери енді өзіне дос таңдайды, ең әдемі жасалынғанын таңдап алсын.

Грек жаңғағынан денесі жасалады. Емен ағашының бас бөлігінің екеуінен құлақ жасайды. Көзін және аяғын қара ермексаздан жасап, мұртына шөптерді ермексазға қадап, оны грек жаңғағына жапсырады.

Рефлексиялық

түзетушілік

Джериге барлық балалардың жұмысы ұнайды, балаларға ризашылығы ретінде ірімшік сыйлайды. Балалар Джеримен және оның жаңа достарымен қоштасып шығарып салады.



Балалар ең жақсы жасалған тышқандарды таңдайды.

Күтілетін нәтижелер:

біледі: тышқанның дене бөліктерін құрастыруда табиғи материалдарды көлемі мен пішініне қарай дұрыс қолдануды;

игереді: тышқанды табиғи материалдардан құрастырудың әдіс-тәсілдерін;

меңгереді: қарастырған үлгі бойынша ұқыпты жұмыс жасай білу іскерлік дағдыларын.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее