«Зима 2025»

"Көктем аруы" байқауы

Тақырыбы: Ару қыздар байқауы Мақсаты: 1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу. 2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың шарттары төмендегідей: 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады) 2. «Қыз еркем – ісімен көркем» (Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді) 3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» (Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу) 4. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту) 5. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету) 6. «Зерделінің ойы озық» (Лездік сұрақтарға жауап беру) Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 2017» байқауына қош келдіңіздер!. Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Рұқсат болса бастайық! Мың бұралған арулар аңдап басып, Келеді міне ортаға толқып тасып Аруларын сыйлаған, халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық! (Арулар ортаға шығады) Ал, халайық, аруларға тамсанайық, Қыз қылықты дегенге ән салайық. Атына заты сай аруларға Тағы да бір қол соғып қарсы алайық. Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар. Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Жүргізуші: Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға, Бойындағы бар дарынды дарытуға. Қорықпастан сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен танысуға. Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып, Көрейік, ару қыздарды жарыстырып. Бұл залда білетін бар, білмейтін бар, Әрбір ару көрсін өзін таныстырып. Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын». Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз! Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз! Таңғажайып әлемі - өнер аты, Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз! Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады. Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – ісімен көркем» Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз Пір тұтқан адамдықты, адалдықты, Көркімен таң қалдырған тамам жұртты. Қыздардың қылығымен өмір қызық, Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады. Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі 1. «Қыздың жиған жүгіндей» Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан 2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген. Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер. 3.«Қызға қырық үйден тыйым» Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған. 4.«Біреудің ала жібін аттама». Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған. 5.«Шеше көрген тон пішер» Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған. Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған. Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер. 6. «Қыз жат жұртқа жаратылған» Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған. 7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде» Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған. Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда Өнерлінің ырысы Жарқырап жатыр жолында. Сайыста ән салайық, би билейік, Өнермен өрге басып кідірмейік. ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады (Ән айту, би билеу, күй тарту) Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар? Қыздарға әсемдік жарасады, Ай көркі биіктерге таласады. Болмаса сұлу қыз, ару әйел Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе Сұлу қыздар, ару қыздар Шашты кеспей күтіп оны қараңдар. Қыздың көркі шаш екенін түсініп, Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі. Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз «Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 5 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. VI «Зерделінің ойы озық» (Лездік сұрақтарға жауап беру) 1-ші арудың сұрақтары. 1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже) 2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ). 3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев) 4. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз). 5. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали) 6.Қошақанның анасы? (қой). 7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз. 2-ші арудың сұрақтары. 1. Төлегеннің серігі? (Жібек) 2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа) 3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май). 4. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова). 7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер). 5.Тай, құлынның анасы? (Бие). 6. Ең зор байлық (денсаулық) 7. Ана туралы бір мақал айтыңыз.

3-ші арудың сұрақтары. 1. Ананың қызы сізге кім болады? (әпке) 2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан). 3. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли) 4. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере). 5. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз). 6. Ботаның анасы? (түйе). 7. Бала туралы бір мақал айтыңыз. 4-ші арудың сұрақтары. 1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа) 2. Апа сіңлінің балалары (бөле) 3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу). 4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар). 5. Аққуда не жоқ? (сүт) 6.Ешкінің төлі ? (лақ). 7. Қыз туралы бір мақал айтыңыз. 5-ші арудың сұрақтары. 1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта) 2. Киелі құс (аққу) 3.Тігінші құралы ( ине) 4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали) 5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт) 6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек) 7. Көздің суы (жас)

6-шы арудың сұрақтары. 1. Ас атасы (нан) 2. Анаңның бауырлары (нағашы) 3. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

4. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем) 5. Жарға тұтылатын зат (кілем) 6. Жылқыда не жоқ (өт). 7. Әнші Роза … ( Рымбаева) 6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары. Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік. «Қыздар - ай» әні. Орындайтын Ислам Қуатов.Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі. Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Ару қыздар байқауы
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Қыз еркем – ісімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
3. «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді»
(Қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу)
4. «Өнер»
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
5. «Сұлулық сыры»
(Музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету)
6. «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
Құрметті аналар, ұстаз аналар, бойжеткен арулар, бүлдіршін қыздар! Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесі 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақ қызы десе ашық, бірақ жүзінде ұяңдық бар, әдепті, инабатты жан елестейді. Бүгінде сол әдепті де әдемі, инабатты да мейірімді ару қыздарымыз сынға түскелі тұр. «Ару қыздар – 2017» байқауына қош келдіңіздер!.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Рұқсат болса бастайық!

Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар ортаға шығады)

Ал, халайық, аруларға тамсанайық,
Қыз қылықты дегенге ән салайық.
Атына заты сай аруларға
Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.

Уа, арулар, арулар! Ешкімің жоқ алалар.
Ару болу үлкен сын, оны қазың бағалар. – деп әділ – қазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.

Бұл сайыста үзеңгі қағыстырып,
Көрейік, ару қыздарды жарыстырып.
Бұл залда білетін бар, білмейтін бар,
Әрбір ару көрсін өзін таныстырып.

Байқаудың І кезеңі «Мен қазақтың қызымын».
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін осы сөзбен бастап, өлеңмен, әнмен таныстырады.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
Аруларымыз көрермендерді қолөнерлерімен таңғалдыруға асығады.
Байқаудың ІІ кезеңі «Қыз еркем – ісімен көркем»
Бұл кезеңде Әр ару қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз

Пір тұтқан адамдықты, адалдықты,
Көркімен таң қалдырған тамам жұртты.
Қыздардың қылығымен өмір қызық,
Қыздардың ғұмырымен заман құтты – дегендей Байқаудың ІІІ кезеңі «Қызды тәрбиелеген – ұлтты тәрбиелейді» деп аталады.
Бұл кезеңде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын ашу бойынша аруларымыз сынға түседі

1. «Қыздың жиған жүгіндей»
Бұл теңеу қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді. Өздеріне тән нәзіктілігімен, сүйкімділігімен, сыртқы және ішкі сымбаттылығымен ерекше екендігін айтқан

2.«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Біздің халқымызда «қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Қыз баланы гүлге теңеп, көрікті болатынын аңғартады. «Елдің көркі» деп қыз баланың айрықша әдептілігіне көңіл бөліп, олардың жүрегін жылылыққа бөлеп, жандарын жаманшылықтан аластап өсірген.
Қыз баланың сүйкімділігінен, жанының нәзіктілігінен шыққан сөздер.

3.«Қызға қырық үйден тыйым»
Қыз бала тәрбиесіне ата-ана ғана емес, көрші-қолаң, туған-туыс, ауыл-аймақ болып сергектікпен қарайтын болған.
4.«Біреудің ала жібін аттама».
Қыз бала үшін өтірік айту, ұрлық істеу және қатыгездік, қулық-сұмдық деген жат қасиет екенін айтып, өтірік өрге бастырмайды, ешкімге қиянат жасама деп адалдыққа тәрбиелеп отырған. Тәрбиенің бұл түрінің әсері сол қыз баланың өмір жолын дұрыс таңдауына зор ықпалы болған.
5.«Шеше көрген тон пішер»
Халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қыз балаға 5 – 6 жасынан-ақ апа-жеңгелері, шешесі мен әжесі үй шаруасын жүргізуді (үй сыпыру, төсек жинау, ыдыс-аяқ жуу, ас пісіру, мал сауу), ою ойып, өрнек, кесте тоқуды үйрете бастаған.
Қыз бала тәрбиесінде шешенің орнын ерекше бағалаған.
Қыз баланың әр іске талапты да алғырлығынан, өнер-білімге бейім тұратын сергектігінен шыққан сөздер.
6. «Қыз жат жұртқа жаратылған»
Қыздарды тұрмыстық мүліктерді даярлауға: жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есі, көрпе көктеу, т.б. өнерлерін қыз балалар бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осындай еңбекке баулу нәтижесінде жанұя алдындағы жауапкершілік сезімдеріне бойларын үйретіп, психологиялық жағынан отау тігуге даярлай бастаған.
7.«Қызым – үйде, қылығы – түзде»
Халқымыздың тәрбиесінде қыздардың ерсі қылықтары мен әрекеттеріне үлкендер тыйым жасап отырған, сыпайылыққа, жарасымды мінез-құлыққа тәрбиелеген. Дөрекілікке, менменшілдікке, әдепсіздікке барудан сақтап отырған.
Әділқазылардан арулардың бағасын күтеміз

Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
ІV кезең «Өнер» Бұл кезеңде арулардың өнері тамашаланады
(Ән айту, би билеу, күй тарту)
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз



Адамның сыртқы түріне, киіміне қарап та қандай адам екендігін айыруға болады. Қазіргі талғамға, өзінің жас ерекшелігіне, эстетикалық талғамына сай жарасымды киінген, сыпайы да үлгілі қылығымен, мәдениеттілігімен ерекшеленген қыздарды көргенде көңілің толады. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» деген бар емес пе? Жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әдемі ғой. Табиғат берген көркі – жастығынан артық не бар?
Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктерге таласады.
Болмаса сұлу қыз, ару әйел
Табынып еркіндікпен санасады –деп, аруларымыз сәндік киім үлгісін көрсетсе

Сұлу қыздар, ару қыздар
Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - деп аруларымыз шаш үлгісін көрсетеді. Олай болса «Сұлулық сыры» кезеңінде аруларымыз музыка ырғағымен сәндік киім және шаш үлгісін көрсету бойынша сынға түседі.
Әділ – қазылардан арулардың бағасын күтеміз
«Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік. «Зерделінің ойы озық» – деп, аталатын бұл кезеңде. Әр аруға 5 сұрақтан қойылады. 1 минут ішінде 5 сұраққа жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
VI «Зерделінің ойы озық»
(Лездік сұрақтарға жауап беру)
1-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
2. Еттен жасалатын тағам? (Бесбармақ).
3. Қазақстанның Президенті кім? (Н.Назарбаев)
4. Білім, оқу, жазуды үйретуші адам? (Ұстаз).
5. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
6.Қошақанның анасы? (қой).
7. Қыз бала туралы бір мақал айтыңыз.

2-ші арудың сұрақтары.
1. Төлегеннің серігі? (Жібек)
2. Ананың сіңлісі сізге кім болады? (Нағашы апа)
3. Сүттен жасалатын тағам? (Көже, айран, ірімшік,қаймақ,май).
4. Әйгілі күйші – анамыз? (Дина Нүрпейісова).
7. Науқас адамдарға көмек беруші, емдеуші адам? (Дәрігер).
5.Тай, құлынның анасы? (Бие).
6. Ең зор байлық (денсаулық)
7. Ана туралы бір мақал айтыңыз.





3-ші арудың сұрақтары.
1. Ананың қызы сізге кім болады?
(әпке)
2. Қамырдан жасалатын тағам? (Бауырсақ, нан).
3. «Ана тілі – арың бұл»кімнің өлеңі? (Қ. Мырза Әли)
4. Абай Құнанбаевтың әжесі? ( Зере).
5. Ас пісіруші маман адам? (Аспаз).
6. Ботаның анасы? (түйе).
7. Бала туралы бір мақал айтыңыз.
4-ші арудың сұрақтары.
1. Мойынға тағатын әшекей бұйым (алқа)
2. Апа сіңлінің балалары (бөле)
3.Қазақ әйелдерінің сәндік әшекей бұйымдары? (сырға,білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қапсырма, шашбау, бойтұмар, түйреуіш, белбеу).
4. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
5. Аққуда не жоқ? (сүт)
6.Ешкінің төлі ? (лақ).
7. Қыз туралы бір мақал айтыңыз.
5-ші арудың сұрақтары.
1. Сүттен жасалатын тағамдар (қымыз, шұбат, айран, қаймақ, май, сүзбе, көже, қойыртпақ, шалап, боза, іркіт, ірімшік, құрт, жент, малта)
2. Киелі құс (аққу)
3.Тігінші құралы ( ине)
4. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали)
5. Қазақтың діни мейрамы ( құрбан айт, ораза айт)
6. Тіршілік иелерінің моторы (жүрек)
7. Көздің суы (жас)

6-шы арудың сұрақтары.
1. Ас атасы (нан)
2. Анаңның бауырлары (нағашы)
3. Ақ сүт берген аналардың анасы (әже)

4. Киіз үй жиһазын ата (кебеже, абдыра, кереует, жастағыш,жүк аяқ, тұс киіз, кілем)
5.
Жарға тұтылатын зат (кілем)
6. Жылқыда не жоқ (өт).
7. Әнші Роза … ( Рымбаева)
6-шы кезең бойынша аруларымыздың ұпайлары.
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз. Ұпай сандары әзір болғанша кезекті әнге берелік.
«Қыздар - ай» әні. Орындайтын Ислам Қуатов.Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее