«Зима 2025»

Коучинг " Сабақтарға SMART мақсат қою"

коучинг на тему смарт цели, проведен среди молодых учителей с целью обучения

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы:

" Сабақтарға SMART мақсат қою"

Мақсаты:

 Мұғалімдермен сабаққа мақсат қоюдың тиімді  жолдарымен

ой бөлісу, әдіс алмасу.

Дереккөздері:

«Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», «Интербелсенді әдістемесі»  А.Қ. Әлімов, Б.М. Қосанов, Р.Ж. Базарбекова,  «Сpm.kz»  порталы,  ғаламтордан мәліметтер.

Оқу 

нәтижелері:

Мұғалімдер сабақтарына SMART ақылды

тапсырмалары арқылы  мақсат қоя біледі

Негізгі 

түйінді  идеялар:

Мұғалімдер сабақтың мақсатын нақты, өлшенген, қолжетімді

етіп қояды. Дұрыс қойылған мақсат арқылы оқушылардың

білімді дұрыс игеруіне жағдай жасалады.

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар

Көшбасшылық

Оқыту үшін бағалау

СТО

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

 

Ресурстар:

А-3  парақтары,  стикер,  интерактивті  тақта,  слайдтар,  маркер, қалам т.б.

 

Коучинг бойынша

коуч пен мұғалімнің іс-әрекеті

 

  Кезеңдер

Коучтің іс-әрекеті

Мұғалімнің  іс-әрекеті

Психология

лық ахуал қалыптастыру, топтарға бөлу:

3 мин.

І. Психологиялық

 ахуал  туғызу                               

 Тренинг  «Жасырынған сөз» тренингі

 



Түрлі түсті фигуралар ұсыну, топтарға бөлу.

Шеңберге тұрады.

Мамандықтар жазылған сөздерді таңдап, іс-әрекет арқылы сөзсіз көрсету тиіс. 

Мұғалімдер түстер

арқылы бірігіп, топқа жинақталады.

Қызығушылықты ояту:

7 мин.

Кіріспе

 «Үйрету мүмкін емес! Үйрену ғана ықтимал»

Біз былайша (тиімді түрде) үйренеміз:

  • Өзіміз өз қолымызбен жасағанда

(белсенді әрекеттер арқылы);

  • Бірлесе оқығанда;

  • Басқаларды үйреткенде;

  • Ойын түрінде.

«Үйренуге үйрену – білім игеру процесінің

негізгі мақсаты». Сондықтан

жаңашыл идеяларды танудан және

тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы орайда, мұғалімнің жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді.

«Ойқозғау»  тәсілі

Топтық жұмыс «Ассоциация»  

Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз: Слайд:

  • болашақ нәтижені суреттеу

  • неге қол жеткізу керектігінің  бейнесі

  • белгілі бір анықталған күш-қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған

іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы

  • бұл индивидумның өз күштерімен қол

жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі  

Мақсат қою - белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз процесс. Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек. Үздіксіз талдау жасау мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға көмектеседі.

              

Сабағымызды бастамас бұрын сіздерге сұрақтар ұсынамын. 

1. Мұғалімдер сабақтың мақсатын қою оңай деп ойлайды. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?

2.Дұрыс қойылған мақсат оқыту тәжірибесін жақсартады деген пікірмен келісесіз бе?

3.Сабақты жоспарлауда қандайда бір қағидаларға сүйенесіз бе?



Бейнеролик «Мақсат қою» талқылау.
















Топпен жұмыс




















Мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлай отырып, сұрақтарға ия, жоқ деген жауаптар ұсынады. Топ ортасынан біреуі топ пікірлерін ортаға салады.


Топпен жұмыс

Бейнеролик талқылау

Мағынаны тану:

1-тапсырма

20 мин.

1. Бүгінгі коучинг тақырыбы, мақсаты мен күтілетін нәтижесі айтылады.

2. «Сабақтарға SMART мақсат қою» , «Блум таксономиясы» материалымен танысу, топта талқылау

Топта талқылайды


2-тапсырма

  1. ин.

3 "Мақсатты тұжырымдау. 

Сабақтарға SMART мақсат қою" (интербелсенді тақтадан слайдтар

көрсетіледі)                                                        

SMART мақсаттар мен міндеттер   

SMART – оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды  деген мағынаны білдіреді.  Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол – 1954 жылы  Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specific – арнайы, нақты;

Measurable – өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable – қолжетімділік;

Realistic – шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed – белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.

1.   Specific.

Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты  емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл  немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.

2. Мақсат өлшенетін болу керек.  Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3. Мақсат қолдан келерлік болу керек.  Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап, «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат – қолдан келмейтін нәрсе.

4. Мақсат шынайы болу керек.  Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң, «Мен космонавт (турист емес) болам» деген мақсат – бұл жаста қол жетпейтін жағдай.

5. Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек. Мақсат қоюды қарапайым өмірден алынған мысалмен түсіндіріп көрелік. Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек» деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін.

Ал SMART бойынша жүйелесек:

Топтық жұмыс (үй, тон, машина)

Мақсат: Ағашпен үйді жылыту.

Міндет:

1.Ағашты кесу.

2.Үйге әкелу.

3.Отты тұтату, жағу.

Нәтиже:Үй жылынды.

Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.

Топтық жұмыс

    1. Жадынама құру

    2. Топтарға SMART мақсатта сабақтың, міндетін, күтілетін нәтижесін құруға тапсырма беріледі

 

Мұғалімдердің жауаптары салыстырмалы түрде тыңдалады.

 



































































Мұғалімдердің жауаптары салыстырмалы түрде тыңдалады.

 

Қорытындылау:

3 мин.

Мақсатты дұрыс қою – адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі, оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.


Рефлексия

2  мин.

 Кері байланыс  парақшасын толтыру

«Рюкзак»

Бүгінгі сабақтан нені біле алдыңыз?

Бүгінгі сабақта не қызықтырды?

Сіз сабағыңызда  SMART мақсат қоясыз ба?  Қандай ұсынысыңыз бар?

Таратып берілген кері байланыс  парақшалары

толтырылады



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее