«Зима 2025»

Краткосрочное планирование урока на тему: А.Йасауи «Даналық кітабы» еңбегі.

Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иасауидің өмірі жайлы мағлұмат беру;

Ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке, адамгершілікке, мейірімділікке үндеу, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге шақыру, мұсылман жолына түсуге баулу, түрлі діни секталардан аулақ болуға шақыру;

«Даналық кітабынан» үзінділер оқытып, мазмұнын талдату, Иасауи сақтандырған бес нәрсені жаздырып, естерінде қалдыру:

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы

А.Йасауи «Даналық кітабы» еңбегі.

Күні/ класы

23.11.16 / 9 «д»

Мақсаты

Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иасауидің өмірі жайлы мағлұмат беру;

Ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке, адамгершілікке, мейірімділікке үндеу, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге шақыру, мұсылман жолына түсуге баулу, түрлі діни секталардан аулақ болуға шақыру;

«Даналық кітабынан» үзінділер оқытып, мазмұнын талдату, Иасауи сақтандырған бес нәрсені жаздырып, естерінде қалдыру:

Жалпы мақсат

Иасауи туралы түсінік бере отырып, «Даналық кітабы» еңбегіндегі негізгі ойды анықтау.

Күтілетін нәтиже

Иасауидің өмірлік мақсат – мұратын танып, имандылық туралы ойларын қазіргі заманғы тәрбиемен ұщтастыра біледі. Діни ұғымдардың мағынасын ұғады.

7 модульдің қолданылуы

“Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Суреттер сөйлейді, ТВ –шоу,Жигсо, көшпелі постер.

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер,

Ұйымдастыру кезеңі



Тренинг

сурет арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым

Оқушылар амандасады, «Ағаш» тренингі арқылы сабаққа дайын, дайын емес екендігін байқатады.

Әрбір оқушы суреттер арқылы тиісті орнына отырады

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім


Қызығушылық

тарын ояту

«Суреттер сөйлейді» әдісі

«ТВ -шоу» әдісі арқылы Сұрақ жауапты пайдалану

Суреттер арқылы сабақ тақырыбын, мақсатын ашу. Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы әр топты диалогқа түсіру


Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды қатесіз топпен орындау, білімдерін тексеру.

Топпен жұмыс жасау, жарыс арқылы сабаққа деген ынталары артады

Түсіну

«Жигсо» әдісі


«Ең алдымен, өзіңді – өзің таны!»- дейді грек ғалымы. «Өзіңді танығаның – хақты танығаның»- дейді ұлы бабамыз Қожа Ахмет Иасауи. Хақ деп отырғаны – ақиқат, дүниенің мәні. Демек, әрбір адам ең алдымен, өз елінің өткенін, тарихын, ата-бабаларын білуі керек. Ендеше, біз Иасауидің «Даналық кітабы» туралы оқитын боламыз.

Оқушылар жаңа тақырыпты бір – біріне «Жигсо» әдісі арқылы түсіндіреді.

Қолдану

«Даналық кітабы» «Көшпелі постер» әдісі


Үш топ бөлім бойынша алған білімдерін постерге жазып, көрші қатарға беру

Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген бөлім бойынша алған білімдерін постерге жазып, көрші қатарға беру

Сергіту сәті

Жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Қол, аяқтарын қозғалтып жаттығулар жасайды.

Талдау

Жұптық тапсырма.

Жаңа тақырыпты талдау мақсатында тапсырмалармен, кітаппен жұмыс жасау тапсырылады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, жұппен тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек

Жинақтау

Тест тапсырма (Үйге тапсырма.)

Бүгінгі өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру.

15 сұрақты тестке жауап береді.

Бағалау

Бағалау парақшасы

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпен бағалайды

Рефлексия

«Ашық микрофон»

Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын ұсыну керек.

Оқушылар сабақ бойынша өз ойларын ұсынады.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее