«Зима 2025»

Күш.Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.

Мұғалімдер мен іс-тәжірбие бөлу мақсатында сіздерге жіберіп отырмын.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:28.11.17

Мұғалімнің аты-жөні: Юсупова Г.С

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Күш .Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2 Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру.

7.2.2.10 Масса, тартылыс құбылыс және ауырлық күші ұғымдарын ажырату

Сабақ мақсаттары

1.Теориялық білімдерін есеп шығаруда пайдалану дағдысын қалыптастыру

2.Оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдылану

3. Күштерді күнделікті өмірде тиімді қолдануға үйрету

Жетістік критерийлері

Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіреді.

Салмақ пен ауырлық күшін ажыратады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

Үштілдік мақсаты: күш ,force, тартылыс күші,gravity ауырлық күші, салмақ , масса-mass.


Құндылықтарды дарыту




Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуына күштердің күнделікті өмірде жиі кездесетіндіктен өмір бойы білім алуына ықпал жасау

Пәнаралық байланыс


АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, смартфондарды қолдану арқылы (Kahoot) бастапқы білімді тексеру.

Бастапқы білім


Жаратылыстану пәнінен күнделікті өмірде қолданылатын күштердің түрлерін біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


1. Сәлемдесу, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

2. Шаттық шеңбері. Шеңберде тұрып оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.

3. " Жұмсақ ойыншық" әдісі арқылы сыныптық жұмыс.

Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші”. Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға екі оқушыны шақырайық. Бірінші оқушыға доп, екінші оқушыға бор береміз:

-Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз?

-Доп пен бор жерге түседі.

-Ал сендердің ойларынша бұл заттар не себепті басқа жаққа кетіп қалмай, міндетті түрде жер бетіне түседі? (Оқушылар өз ойларын айтады)

Жаңағы сұрақтардың шынайы жауабын қазір түсінесіңдер. Балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы тебілген доп та, бұтағынан үзілген алма да Жерге түседі.

Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады.

Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады.

Барлық кеңістікті жайлаған тартылыстан “Жеті қат көкке ұшсақ та”, “Жеті қабат Жер астына енсек те” құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіләлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы И.Ньютон бұл құбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы-Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады.

Физикалық диктант

  1. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын _________________ болып табылады.

  2. SІ жүйесінде күш бірлігіне _________________ алынған.

  3. Физикалық негізі мақсаты табиғатта болып жатырған _________________ зерттейді.

  4. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрген, ондай қозғалыс _________________ қозғалыс деп аталады.

  5. Пішіні мен көлемін сақтау _________________ денеге тән қасиет.

  6. Дененің немесе заттың жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама ________ деп аталады.

Дескриптор

Оқушылар

- физикалық шамалардың анықтамасын анықтайды;

Башарұлы Р.

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық

Сабақтың ортасы


"Елші әдісі " арқылы жеке,жұптық жұмыс (тапсырма парақтар таратылады,белгілі уақыттан кейін көршісімен алмасып бағалайды. Оқушылардың қолында 3 түсті қалам болуы керек)

Тапсырма

Жүк көлігі, қайық, ұшақ және ғарыш кемесі қозғалыс кезінде қандай денелермен өзара әрекеттеседі? Олардың әрекеттесу күшінің бағытын анықтаңыз.

Дескриптор

Оқушылар

- әрекеттесетін денелерді анықтайды;

- күштердің бағытын анықтайды.

Тапсырма 1

Суретте кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.

Дескриптор

Оқушылар

- суретте кескінделген күштерді ажыратады; - күштердің сәйкес белгілеуін қолданады.

Бақынов есептер жинағы





Үлестірмелі материалдар

Сабақтың соңы

Бүгінгі сабақты қорытындылау

"5-5-1" әдісі арқылы оқушыларды қорытындылау (Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендігі жайлы 5 сөйлем жазады.Одан кейін ол 5 сөйлемді , 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге қысқартады) Оқушылар өздерінің түйінді сөздерін сыныппен бөліседі.

Үлестірмелі материалдар, слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларға есептер жинағынан деңгейлік есептер беремін. Сабақтың мақсатына қарай тәжірибе беремін

Жұмсақ ойыншық,физикалық эксперимент, жеке, жұптық жұмыс, топтық жұмыстар. Рефлексия"Бағдаршам"

1. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

2. Еңбекті қорғау ережелерін сақтау.

3.АКТ-ны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау












Сабақ бойынша рефлексия



Рефлексия "Бағдарашам "

Бағдаршам-оқушылардың өздерінің қаншалықты түсінгенін көрсетудің жылдам тәсілі. Оқушыларға қызыл, сары және жасыл түсті карточкалар беріледі.

Қызыл- түсінбесе ,сенімді болмаса.

Сары- түсінуге жақын, аздап білмесе.

Жасыл- толықтай түсінсе, сенімді болса.

Үйге тапсырма

Күш .Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее