«Зима 2025»

Кустардың көптүрлілігі

Құстардың көптүрлілігі. Құстардың экологиялық тоаптары. Таралуы. Маңызы.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Атырау қаласы, 2 орта мектебі

Биология пәні мұғалімі – Утешова Айдана Бектурсиновна

Сыныбы: 7 в,г

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Құстардың көптүрлілігі. Таралуы. Құстардың экологиялық топтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Құстардың көптүрлілігі, топтарға бөлінуі, атаулары мен өкілдері туралы білім беру. Таралуы, тіршілік орта жағдайларына бейімделуі және құстар экологиясы бойынша түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: озық технологиялардың әдістерін, жабдықтарын қолдана отырып, оқушының ой - өрісін, дүниетанымын, көру, шығармашылық қабілеттерін, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушы дүниетанымын дамыта отырып, табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың типі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, тапсырмалар түрлері.

Сабақтың көрнекілігі: жергілікті жердің құстары туралы мәлімет, құс дауыстары

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, тақырыптың мазмұнына байланысты бейнелі суреттер

Сабақтың нәтижесі: Құстар туралы білімдерін еске түсіреді,құстардың топтарға бөлінуі және бейімделуі туралы білім қалыптасады, бірін-бірі тыңдауға,идеяларын бағалауға үйренеді.

Сабақтың барысы:

Психологиялық дайындық

  • Өткен тақырыпты қайталау.

  • Жаңа сабақты меңгерту.

  • Сабақты бекіту.

  • Үй тапсырмасын беру.

Сабақтың жүрісі:

  1. Оқушылармен амандасу. 
    Құстар,құстар келеді (слайд -1)
    Жерді шуға бөледі 
    Көктем келді деп бізге 
    Жақсы хабар береді. 

Балалар көктем мезгілі, күн жылынып, жылы жаққа ұшып кеткен құстар келіп жатыр.  Осындай көктемгі көңіл-күймен бүгін де құстар туралы алған білімімізді толықтырамыз. Алдымен, өткен тақырыпты еске түсірейік. Өткен тақырыпта біз құстар класына сипаттама беріп, құстардың шығу тегімен таныстық. Сол тақырыпты қалай меңгергенімізді анықтау үшін алдарыңыздағы тапсырма парақшасын толтырайық. Берілген дұрыс сөйлемдердің астын сызамыз.

Өткен тақырыпты тексеру. (5минут) (слайд -2)

Құстардың тұмсығы - мүйізді тақтайшаларымен қапталған жақ сүйектің созындысы. (д) 2. Барлық құстардың балапандары әлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген болады.(қ) 3. Қауырсындар құс денесіндегі жылуды реттейді. (д) 4. Әдетте құстардың төрт саусағы болады, оның үшеуі алға қарай, ал біреуі артқа қарай бағытталады. (д) 5. Құс қарынының бірінші бөлімі етті қарын, ал екінші бөлімі безді қарын деп аталады. (қ) 6. Ілкіқұс (протоавис) - 225 млн жыл бұрынғы жер қыртысынан табылған құстардың арғы тегі. 7. Ежелгі құстардың қанат саусақтарында мүйізді саусақтары болған. (д) 8. Барлық құстар ұша алады.(қ)

Енді дұрыс жауаптарын тексерейік: (слайд -3)

Жаңа сабақты меңгерту: (10-15 минут)

Берілген тапсырманың сегізінші сөйлеміне оралайық. Бұл сөйлемді неліктен қате деп белгіледік? (Себебі құстардың жүзетін де, жүгіретін де түрлері кездеседі.) Ендеше бүгінгі сабағымызда осы құстар тобымен танысатын боламыз.

(тақырып, мақсат-(слайд -4)

Құстар – омыртқалы жануарлар ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Жер бетіндегі барлық құстарды дене құрылысана, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі:

Олар: Қыртөссіздер (жүгіретін құстар), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар) - (слайд -5)

Қыртөссіздер немесе жүгіретін құстар. Бұлардың төс сүйегі жалпақ әрі оның қыры болмайды. Олар ұша алмайды, бірақ құрлықта (ашық алаңқай жерлерде) өте жылдам жүгіреді. Қанат қауырсындары доғалданып келген, аяқтары өте жақсы жетілген. Бұған барлық құрлықта кездесетін түйеқұстар жатады. Оларды тіршілік ететін аймақтарына сәйкес жеке отрядтарға топтастырады. Мысалы: африкалық түйеқұс (страус), америкалық түйеқұс (нанду), австралиялық түйеқұстар (эму, казуар) және Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз түйеқұс (киви) деп аталады.

(Құстардың ең ірісі- африкалық түйеқұс (страус). Олардың басқа құстардан басты айырмашылығы – аяқтарында екі ғана саусақ болады. Өте ірілірінің салмағы 90кг-ға жетеді. Африкада, өзге де елдерде арнайы қолда өсіріледі. Оның етін, жұмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Африкалық түйеқұс Қазақстанда да қолда өсіріле бастады. Тұйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі –киви, оның салмағы 2-3 кг-дай. Ол жаңа Зеландия аралдарында кездеседі. Оның жұмыртқасы өте ірі (0,5 кг). Түйеқұстар өсімдіктермен де, ұсақ бунақденелілермен де қоректенеді.

Казуардың қауырсындары ірі қылшықты. Басында мүйізтекті айдары бар. Мойын қауырсынсыз, ашық қызғылт түсті тері, қатпарлы. Салмағы 80-90кг. Ішкі саусағындағы өткір тырнағымен қорғанады. Жаңа Гвинея, Австралия және сол маңдағы ұсақ аралдарда кездеседі. ЭЖұмыртқаны қоразы басады. Еті бағалы болғандықтан, қолда өсіреді.

Эму- Австралияның бұталы, құрғақ далалы жерлерінде таралған. Салмағы 45-50 кг. Жұмыртқасын қораз шайқайды (басады). Көбіне жемістермен қоректенеді. Қолда өсіріледі. ) (слайд -)

Жүзетін құстар (пингвиндер) –құстардың ішіндегі ерекше тобы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Ескек аяқтарының көмегімен суда жақсы сүңгиді. Төссүйек қыры жақсы жетілген. Ондағы бұлшықттер ескек аяқтарын қозғалысқа келтіреді. Олар ұша алмайды, құрлықта теңселіп әрең қозғалады. Аяқтары қысқа, әрі тұлғасының артқы жағында орналасқандықтан, денесін тік ұстайды. (слайд -7)

Пингвиндер жайында қызықты деректер:

  1. Ең үлкен пингвин император пингвині, оның биіктігі 120 см, салмағы 42 кг, ол 200 м тереңдікке дейін сүңги алады.

  2. Тропикте ұя салатын бір ғана құс Галапагосстық пингвин, Галапагос аралында мекендейді, биіктігі 50 см.

  3. Саны өте көп әрі кең таралған түрі –қоршаукөз пингвин ( пингвин Адели). Олардың саны 12-13 млн-ға жетеді.

  4. Патагон пингвині 2-3 апта бойына, 1500 шақырымға дейін жүзе алады. (слайд -8)

Қыртөстілер (ұшатын) құстар- қазіргі кездегі құстардың ең көп топ түрі. Төссүйекте жақсы жетілген қыры болады. Қанаттары да ұзын сүйірленіп келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Ұшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты бірнеше экологиялық топтарға бөлінеді.

Жергілікті жердің құстары:

Атырау облысында құстар алуан түрлі және кең таралған. Олардың ең басты тіршілік орындарының бірі –су және оның жағалауы. Жалпы құстардың 280-дей түрлері бар. Атап айтқанда тырналардан ақбас тырна біздің жерімізде ұялайтын болса, сұр және ақ тырна қайту кезінде ұшып кетеді. Сонымен бірге бHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D1%80%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D0%BD"ірқазан, дегелек, қаз, үйрек, шағала сияқты құстар кең таралған. Дуадақтардан дуадақ, жиекдуадақ және безгелдек сияқты түрлері өте сирек кездесетін құстар болып есептелінеді. Көгершіндердің 5 түрі, соның ішінде сирек кездесетіндері түркептер, дыркептер, көккептер және т.б. Бұлдырықтардан қарабауыр бұлдырық және ұзақ кездеседі. Облыста тауықтәрізділер өте аз. Оның екі түрінің ішінен сұр шіл кең таралған, ал бөдене сирек кездеседі.

Негізінен ашық жерлерде және су жағалаулары мен орман-тоғай алқаптарында күндізгі және түнгі жыртқыш құстар отрядтарының өкілдері кең таралған. Күндізгі жыртқыштардың облыстағы 23 түрінен 9- ы ұялайды, 11- қайту кезінде болады. Ал 3 түрі кездейсоқ ұшып келетіндер деп есептелінеді. Жиі кездесетіндері күйкентай, кезқұйрық, қарақұс, дала қыраны т.б. Үкілердің 8-түрінің ішіндегі кең тарағаны байғыз, саз жапалағы. Қалған үкілер сирек кездеседі. Аталған жыртқыш құстар көбіне кемірушілермен, жануар өлекселерімен қоректеніп, пайдасын тигізеді.

/Жергілікті жердің құс дауыстары арқылы олардың экологиялық топтарын анықтау/

1-дауыс-торғай

2-дауыс-ұзақ (грачи)

3-дауыс-бірқазан (пеликан)

4-дауыс –шағала

5-дауыс –көкек (кукушка)

6-дауыс-бөдене (перепелка)

7-дауыс –шіл (рябчик)

Құстардың экологиялық топтары:

  1. Сулы - батпақты жерлердегі құстар

  2. Орман құстары

  3. Ашық далалы алқаптардағы құстар. (слайд -9)

Жаңа сабақты меңгеру: (10 мин)

Оқулықпен жұмыс:

Мына берілген құс суреттерін экологиялық топтар бойынша орналастырып, әр топқа сипаттама беріңіз:

(шағала, торғай, қаз, тырна, көкек, дегелектер, қырғауыл, тоқылдақ, бөдене бүркіт)

/Оқушылар кітап бойынша экологиялық топтарына сипаттама береді./

Жаңа сабақты бекіту: (8 мин)

Сабақты бекіту тапсырмалары:

  1. Берілген құс түрлерін ерекшеліктері бойынша сәйкестендіріңіз:

  1. Пингвин

  2. Сұңқар

  3. Түйеқұс

  4. Тауық

  5. Аққу

  6. Үкі

А. Аятары күшті, ұзын мойынды Б. Тұмсығының жиектерінде майда «тісшелері» болады. В. Аяқтары ескекке айналған. Г. Аяқтарындағы тырнақтары өткір, қорегін бүріп ұстауға бейімделген. Д. Көздері үлкен және көз бұршағы қимылсыз. Е. Жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар.

Дұрыс жауаптары:

1

2

3

4

5

6

В

Г

А

Е

Б

Д


  1. Берілген құс түрлерін қоректенуі бойынша сәйкестендіріңіз:

  1. Қыран бүркіт

  2. Қарлығаш

  3. Құр

  4. Қарға

  5. Лашын

  6. Бозшымшық

  7. Үкі

А. Күндізгі жыртқыш құс

Б. Дән, тұқыммен қоректенуші

В. Кемірушілер, бунақденелілермен қоректенуші

Г. Түнгі жырқыш құс

Д. Тек қана бунақденелілермен қоректенуші.

Дұрыс жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

А

Д

Б

В

А

Б

Г


Қорытынды:

  1. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты қыртөссіздер (жүгіретін құстар), жүзетін құстар (пингвиндер), қыртөстілер (ұшатын құстар) деп 3 топқа бөлінеді.

  2. Тіршілік ететін орта жағдайларына байланысты мынадай экологиялық топтарға жіктеледі: сулы - батпақты жерлердегі құстар, орман құстары, ашық далалы алқаптардағы құстар.

  3. Бірдей экологиялық топқа жататын құстар ортаға бейімделуіне және қоректенуіне қарай ұқсас болып келеді.

Үйге тапсырма: (5 минут)

  1. §54,тақырып бойынша дайындық, кесте толтыру


Экологиялық тобы


Құс түрі


Тіршілік ортасы


Тіршілік ортасына бейімделуі

Орман құстары




Ашық далалы алқаптардағы құстар




Сулы –батпақты жерлердегі құстар





Бағалау: 2 минут

Қосымша:

Әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпай, жартылай жауапқа -0,5 ұпай. Ұпай сандарын сабақ соңында қосып есептелінеді.

22-26 –«5», 16- 21 – «4», 10-15 – «3», 9 немесе одан төмен –«2».

Жауап парағы:

Оқушының аты-жөні:_____________________________________________

Сыныбы: ______________________________________________________

Сабақтың тақырыбы: Құстардың көптүрлілігі. Таралуы. Экологиялық топтары.

Тапсырмалар

Ұпай

Өткен тақырыпты қайталау


Оқулықпен жұмыс


Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары


Барлық ұпай саны


Бағасы



Берілген дұрыс сөйлемдердің астын сызыңыз:

  1. Құстардың тұмсығы - мүйізді тақтайшаларымен қапталған жақ сүйектің созындысы. (д) 2. Барлық құстардың балапандары әлсіз, көзі соқыр, қауырсындары жетілмеген болады.(қ) 3. Қауырсындар құс денесіндегі жылуды реттейді. (д) 4. Әдетте құстардың төрт саусағы болады, оның үшеуі алға қарай, ал біреуі артқа қарай бағытталады. (д) 5. Құс қарынының бірінші бөлімі етті қарын, ал екінші бөлімі безді қарын деп аталады. (қ) 6. Ілкіқұс (протоавис) - 225 млн жыл бұрынғы жер қыртысынан табылған құстардың арғы тегі. 7. Ежелгі құстардың қанат саусақтарында мүйізді саусақтары болған. (д) 8. Барлық құстар ұша алады.(қ)
















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее