«Зима 2025»

Квиллинг техникасымен "Астра" "Раушан" гүл жасау

Оқушыларды квиллинг өнерімен және гүл жасау жолдарымен таныстыру;

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

«Балқаш қаласы С. Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ бейнелеу пәнінің мұғалімі, «Квиллинг» үйірме жетекшісі Токжигитова Сауле Тлеубергенкызы


Сабақтың тақырыбы:

«Квиллинг техникасымен «Астра» «Раушан» гүл жасау».


Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Оқушыларды квиллинг өнерімен және гүл жасау жолдарымен таныстыру;

Ә)Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. Көп ізденуге, өз ойларын еркін айтуға, дербес жұмыс жасауға дағдыландыру;

Б) Тәрбиелілік: Ұқыптылыққа, өз орнын тазалығын, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу;  

Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Көрме заттары, нұсқау карта.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, тіс тазалағыш, сызығыш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. «Пікір алысу орталығы»

А) Сұрақ-жауап білетін оқушы қол көтеріп жауап береді.

1. Еңбек сабағына қажетті құрал-жабдықтары ата?

2. Еңбек қауіпсізділігін сақтау ережесін түсіндір?

3. Қандай гүлдердің атын білесіңдер?

4. Қағаз неден пайда болды?


2. «Мақал-мәтел» орталығы. Оқушылар гүл туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады.

1.     Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі.

2.     Әр гүлдің иісі әр басқа.

3.     Таулы жердің суы әдемі, Жарық жердің гүлі әдемі.

4.     Түздегі гүлден үйдегі гүл ұзақ жасайды.

5.     Шықсыз гүл болмайды.


ІІІ. Жаңа сабақ.

«Ғылым орталығы» жаңа тақырыпты түсіндіру. Алдымен тақырыпқа байланысты жұмбақ шешейік:

  1. Көктемде көгереді, Жазда жайқалады, Күзде сарғаяды. (Өсімдік)

  2. Ақкүлгін шөп тұр өсіп, Қарсы алып дейім таң нұрын (Тау гүлі)

Бүгінгі сабақта квиллинг әдісімен түрлі-түсті қағаздан «Астра», «Раушан» гүл дайындап үйренеміз.

«Квиллинг» - қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап түрлі формаға келтіріп жасайтын қол өнер жұмысы. «Квиллинг» сөзі ағылшынның «құс қауырсыны» деген сөзінен шыққан. Себебі ертеде қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстың қауырсынын пайдаланыпты. Қазіргі таңда қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау хобби ретінде Батыс Европа елдерінде әсіресе Англия мен Германияда танымал. Бірақ бұл өнер түрі Шығысқа келіп кең таралды. Жіңішке графика мен пластинаның қағаз жасау және онымен жұмыс жасаудың бай дәстүрлерін осы өнерге өмір сыйлады.

ХҮ ғасырда бұл өнер болып есептеген, ХІХ ғасырда әйелдердің ермегі, ХХ ғасырда бұл ұмытбола бастады. Тек өткен ғасырдың соңына қарай квиллинг қайтадан өнерге айналды. Қағаз дегенде біз ең алдымен оның ұзаққа жарамайтындығын дәйек етеміз. Бірақ квиллинг бұл ойды жоққа шығарды.

Жалпы «Квиллинг» - қарапайым қағаздың шексіз мүмкіндіктерін көру.                                  

Сарамандық жұмыс.  Квиллингке арналған құрал-жабдықтар.

Европада шиыршықтарды орау үшін ұшы майысқан пластмасса немесе темір таяқшаны пайдаланады, енді біреулер осыған ұқсас құралды қолдан жасапта алады мысалы тіс тазалағышты пайдалануымызға болады.

Қағаз. Қағаз екі жағынанда түрлі-түсті болуы керек. Дайын кесілген қағаз қиындыларын арнайы дүкендерден де сатып алуға болады. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда қиындыларды өзіңіз қырқуға болады. Квиллингке арналған қиындылардың  ені 3-7мм.

Жіңішке таяқша. Қайшы Желім Пва Сызығыш 

«Астра», «Раушан» гүліне шиыршықталған жапырақ тәрізді формада бірнеше жеке-жеке гүл сабақтарын, ортасына салынатын ағаштан жасалған сабағын жасыл квиллинг қағазбен қаптап, жасыл жапырақтарын әзірлеп дайындаймыз. Ағаш сабақтар дайын болған бетте гүлдің формасын жасап, жапырақтарды жапсыра біріктіріп «Астра», «Раушан» гүлін жасаймыз.






















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее