«Зима 2025»

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы ма, адам талабы ма?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы ма, адам талабы ма?



Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын.

Мемлекет басшысы 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігін айтты. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай барлық іс қағаздары, мерзімді басылымдар мен кітаптарды латынмен шығаруды тапсырды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 12 сәуірінде «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мемлекеттің бағыт-бағдарын айқындаған мақаласында Ұлттық рухани жаңғыру Ұлттық рухани деколонизациямен латын әліпбиіне көшу жайын сөз еткен болатын. Артынша қоғамда сан түрлі пікірлер қайшылығы пайда болып, интернет әлемінде екіұдай болып тартысу жүріп берді. Содан бері қызу талқыланып жатыр. Жақтайтындардың сөзіне қарасақ, орыстың рухани отаршылдығынан құтылудың, рухани тәуелсіздіктің басты жолдарының бірі — әліппе ауыстыру. Қарсылық көрсетіп жатқандардың сүйенері: Латын қарпіне көшер болсақ, онсызда қауқары аз қазақ тілінің келешегі бұлыңғыр. Қазақша газеттердің тиражы азаяды. Оқырман жоғалтады. Одан кейінгі өзекті проблема қатарында «латын әліпбиіне мемлекет тұтас, түгел өте ме, әлде тек қазақ тілі ғана өте ме?» — деген сауал тұр.
Тағы бір қорқыныш: орыс мектептерінің 70 пайызында қазақ балалары оқиды. Ертең екі әліпби елді екіге бөліп, қазақтілді және орыстілді болып бөлінген бір қазақ тағы да екіге бөлініп кетпесіне кім кепіл? Латын тіліне көше қалған жағдайда мемлекеттік ісқағаздарын орыстілділер кириллицамен, қазақтілділер латынмен жазып жатса, нағыз рухани бөліну осы емес пе? Латынға өтуге қарсылардың екінші басты қаупі осы күнге дейін кириллицада басылған миллиондаған әдеби-мәдени, тарихи, рухани кітаптарымыздан айырылып қалып, тағы да тамырымыз қиылып кетпей ме деген күдік-күмән. Бұлай алаңдау да түсінікті жайт. Бірақ қазіргі технология заманының жетістіктері бұл күдікті жоққа шығарады. Біріншіден, миллиондаған әдеби, мәдени, ғылыми еңбектердің ішіндегі асылы мен жасығы іріктеліп, елге пайдалы дүниелер іріктеліп, сүзгіден өткізіп алатын боламыз. Сондықтан мемлекеттің тұтастығы мен бірлігі — Тәуелсіздігіміздің берік негізі екенін ойласақ, латынға мемлекет болып, қазақ тілімен бірге орыс тілі де тұтас, түгел өтуі керек!
Баяғыда өткен Өзбекстан мен Әзірбайжандағы ахуал да тілге тиек болады.
— Кезінде түрік тіліне қалай модернизация жасалды, тап соның сәті бізге бүгін келіп тұр. Біз көптеген терминдерді аударып жатырмыз ғой, егер латын әліпбиіне көшетін болсақ, онда көп дүниелер сол қалпында түсер еді. Сонда қазақ тілі білімнің, ғылымның тілі болар еді. Ол үшін көптеген латын терминдерін аударудың да қажеті болмайтыны белгілі.
— Латын әліпбиіне көшу — Қазақстан үшін өте күрделі процесс. Оған бұл мәселенің төртінші мәрте көтеріліп отырғаны дәлел. Бұрын да талай ғалымдар жиналып, мәселені жан-жақты талқылаған. Елімізде бұрыннан қалыптасқан тәжірибе де бар. Кезінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі көтерілгенде ғалымдар дәл осылай жиналып, пікірлерін білдірген болатын. Тіпті осы жолдан өткен мемлекеттерге ғылыми экспедициялар да жіберілген. Сол тәжірибелер мен пікірлер жинақталып, жеті жоба болып жарық көрді. Соның ішінде кемі үш жобада қазір айтылып жүрген мәселелердің бәрі қамтылған. Бұл — ғылыми және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалар. Демек, жұмыстың көбі кезінде жасалып қойғандықтан, сол жобаларды қайта қарастырып әрі қарай жаңғырту қажет.
Бүгінгі таңда қазақ оқырмандарының назарын аударып отырған өзекті пікірталастың бірі – қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру идеясына қатысты. Ұлтымыздың рухани әлемі үшін маңызды болып табылатын осынау өзекті мәселеге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі ұсыныстар, ой-пікірлер тасқыны үздіксіз орын алуда. 
Күн тәртібінде тұрған осынау өзекті тақырыпты одан әрі дамытып, латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары мен зиянды тұстарын талдап көрсетіп жазылған мақалалар қатары күн сайын толыға түсуде. Әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып , кириллицадан латын әрпіне көшуді қарапайым халық қолдай ма, әлде қарсы ма, мұнымен санасып жатқан ешкім жоқ.Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері, бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын алфавитіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап, өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Президентіміз әліпбиіміздің толықтай латын тіліне көшуін 2025 жылға қарай жүзеге асыруды көздеп отыр. Бірақ бұл мәселеге кейбір азаматтарымыз наразылығын танытуда. Мұхтар Шаханов ағамыздың өзі: «Латын әліпбиіне көшу – қазақ халқын екіге бөледі» деп, халқымыздың болашағы үшін шыбын жаны қиналып, шырылдап жүр. Айтқан сөзінің де жаны бар, астарында ақиқат жатқаны рас. Бұл мәселе елде қарама-қайшы пікірлі екі таптың пайда болуына әкеп соқтырады. Тіпті жақын көршілеріміз Өзбекстан мен Әзірбайжан халықтарының әліпбиі өзгеруі себепті бұрынғы жазылған тарихтарына көз жүгірте алмай отыруы да соңғы кездерде мәлім болуда , себебі – латын алфавитіне көшу арқылы кириллицаны ұмытқан. Осы сөздерімізге мына бір мәселе айқын дәлел. Латын әрпіне ауысу – оңай шаруа емес. Себебі тарихымызды енді-енді айқындап жатқанда, бұл – теріс қадам басушылық. Әріптерімізді азайтамыз деп, болашағымызды бұлыңғырландырып, тарихымызды өшіріп алмасақ игі еді. 
Мемлекеттік тілді жиырма бес жылдың ішінде толық меңгермей жатып латын әліпбиіне көшіру еш қисынға келмейді. 2020 жылы мемлекеттік тілді меңгергендер 95 пайызды құрайды дейміз. Қазірдің өзінде еліміздегі адамдардың елу пайыздан астамы қазақ тілін толық меңгермеген. Әрі әліпби ауыстыру қыруар қаржыны керек етеді. Ал бұл тұрғыдан келгенде біздің әдеби-мәдени мұралар қайда қалмақ? Онсыз да латынша әріпті меңгеріп, кейін ауыса берерміз. Бірақ түбегейлі ауысудың қажеті жоқ. Мемлекеттік тілді толық меңгеру ұзақ уақытқа созылғанымен, соңы нәтижесіз аяқталып келеді. Оның қасында ресми тіл жоғары тұр. Ал латынға көшу арқылы біз орыстан құтыла алмаймыз. Болмаса тәуелсіздік жылдарында біржола латынды таңдауымыз керек еді. Президенттің жолдауында латын қарпіне көшу мәселесі айтылғалы қоғамдық пікір екіге жарылғандай. Қолдайтындар және қолдамайтындар болып. Біреу біліп айтады, біреу еріп айтады. Біз латын қарпіне көше қалған жағдайда туындайтын мәселе қатары мынандай болуы мүмкін: 
1) қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттің осы уақытқа шейін тұтастай дерлік тек кирилл графикасында жазылуы;

2) жаңа әліпби бойынша мұғалімдер дайындау;

3) жекеменшік мекемелердің бұрынғыша кирилл әріптерімен жұмыс істей беруі;

4) латын әліпбиімен шығатын ұлттық баспасөзге деген сұраныстың азайып кетуі;

5) қазақтардың бұрыннан да кириллицамен оқитын тобы әліпби екіге бөлінгеннен кейін, латын шрифтісімен жазылғандарды мүлде қолға алмай кету ықтималдылығы және т.б. 
Қазақстанда латын әліпбиі ресми түрде қолданысқа еніп, қазақ мектептері осы әліпбимен оқытыла бастаған уақытта қазақтардың арасынан балаларын орыс сыныптарына берушілер қатары одан ары көбейе түсуі ғажап емес.

Сөздің шынын айтсақ, 2025 жылы қазіргі шулап жүргендердің бірі бар, бірі жоқ. Сонда латын жазуы кімнің игілігіне қалады? Оның иелері не ойлайды? Латын әліпбиіне көшу үшін көп уақыт қажет. Бізден кіші балалар да кириллицаға үйреніп қалған. Латын қарпіне көшсек те, көшпесек те біздің елімізде бірдеңе өзгереді деп ойламаймын. Оған көшу алдымен көп қаржыны талап етеді. Мемлекет тарапынан қаржы бөлінбейді емес, бөлінеді. Бірақ ол талан-таражға түседі де, әліпби жайына қалады. Мұндай қадамға бармас бұрын алдымен халық арасында зерттеу жасау керек. Бұл кімге тиімді, кімге тиімсіз? Латын заман талабы ма, әлде жоғарыда отырған адам талабы ма?! Жауапсыз сұрақтар өте көп, мыңның біріне жауап беріп көрелік...

Т.П.Праслов атындағы

Прииртышск мектебі Әліпаева А.Қ.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее