«Зима 2025»

Әлемді география арқылы таны

Әлемді география арқылы таны

Мақсаты:

Нөсерлетіп жауар тамшы (найзағай) Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады (бұлт) Күні - түні жүйткиді, Кең далада бір тарлан (жел) Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын. Биіктен қайта түскенде, Өңі кірер даланың (жаңбыр) Ат үстінде асыл тас, Алайын десем табылмас (жұлдыз) Егер де мен …………….(өз пікірін қорғау) Қорытынды.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Әлемді география арқылы таны

Мақсаты:

Екі топтың Еуразия елдерінің  халқы,табиғаты басқа географиялық ұғымдар туралы білімдерін ортаға салып жарысу мүмкіндігін  туғызу. География пәніне қызығушылығын,белсенділігін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа,тез ойлап,тез шешім қабылдауға,бір-біріне көмектесуге көрсетуге тәрбиелеу.

 Көрнекіліктері : интерактивті тақта,слайд.

 Өткізілу түрі: жарыс

 Барысы:

Ұйымдастыру:Оқушыларды дайындаған үстелге отырғызу.

 Жүргізуші:

Бүгінгі апталықта география пәнінен 7-8 ші сыныптар арасындағы   өткізгелі  отырған «Әлемді география арқылы таны» сайысына қош келдіңіздер.

Топтарды ортаға шақырайық

І-топ  7 сынып оқушылары-Азия елдерінен келген

ІІ-топ 8 сынып оқушылары Еуропа елдерінен келген қонақтарымыз

 Әділқазылар алқасымен таныстырайын.

 Жүргізуші:

-Ал енді сайысымызды бастайық!

Сайыстың жоспарымен таныс болайық

  1.Топтардың өзін таныстыруы.

  1. Капитандар сайысы. «Блиц турнир»

  2. Бұл кім?Бұл не?

  3. Артық сөзді табу

5.Сәтті сапар

  1. Бұл қай ел?

  2. Бейне сұрақ

  3. Қорытынды.Марапаттау

 1-кезеңі Топтар өздерін таныстары

Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп отырады

2-ші кезеңі. «Капитандар сайысы» Әр топтың капитандары берілген сұрақтарға тез жауап беру керек.

І-топ

1.Дүниежүзінде қанша материк бар?  (6)

2.Еуразияның солтүстігіндегі шеткі нүктесі  (Челюскин мүйісі)

3.Еуразияның биік тауы (Гималай)

4.Еуразияда неше климаттық белдеу бар? (7)

5.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма (Мариан шұңғымасы)

ІІ-топ.

  1. Дүниежүзінде неше мұхит бар?  (4)

  2. Еуразияның батысындағы шеткі нүктесі (Рокко мүйісі)

  3. Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит)

  4. Еуропадағы биік тау (Альпі тауы)

  5. Еурапа елдері неше аймаққа бөлінеді? (4)

 3-кезең. «Бұл кім? Бұл не?»

Бұл сайыста сөздер беріледі олар нені білдіретінін анықтау

Миной-  Еуразияның Крит аралында мекендеген  ежелгі тайпалары

Уэд- (кеуіп қалған өзен арналары)

Терая- гималайдың етегіндегі батпақты жер (құбыжық)

Шұрат- шөл зонасында жер асты суы жақын орналасқан жерлер мен өзен аңғарларында қалыптасады

Тайфун- қытай тілінен аударғанда «үлкен жел» деген мағынаны білдіреді

Тайга-қоңыржай белдеудегі ең ірі табиғат зонасы

 4-кезең. «Артық сөзді табу»

Сөздер беріледі артығын табу керек

1.Африка,Америка,Еуропа,Антарктида,Арктика   (Арктика)

2.Меконг,Висла,Амур,Янцзы   (Висла-еуропа өзені,қалғандары Азияның өзендері)

3.Тянь-Шань, Альпі,Памир,Гималай,Сахара   (Сахара-шөл)

4.Өзен,теңіз,көл,мұхит,түбек (түбек)

5.Жапония,Қытай,Корея,Үндістан   (Үндістан)

6.Вашинктон,Сидней,Сингапур,Астана,Пекин   (Сингапур)

 5-кезең. «Сәтті сапар»

Екі топтың әрқайсысына жеке тапсырма.Елдердің астанасын,мемлекеттік тілін атау қажет.

1-топ                                                            2-топ

1.Германия                                                 1.Испания-

2.Ресей                                                        2.Франция

3.Үндістан                                                  3.Жапония

4.Қытай                                                       4.Қазақстан

5.Ұлыбритания                                           5.Монғолия

Жауабы:


  1. Берлин,неміс тілі          1.Мадрид,испан тілі

2.Мәскеу ,орыс тілі                             2. Париж,француз тілі

3.Дели,ағылшын                                  3. Токио,жапон тілі

4.Пекин,қатай тілі                                4.Астана,қазақ тілі

5.Лондон,ағылшын тілі                           5.Ұлан-Батор,монғол

6-кезең.

 7-кезең. «Бейне сұрақ»

Биология мұғалімі:Қазақстандағы қай қорықта қоқиқаз құсы қорғалады?

Жауабы: Қорғалжын қорығы

Тарих мұғалімі: «Орталық Қазақстанды зерттеген қазақ жерінен шыққан саяхатшы» .Жауабы: Шоқан Уалиханов.

8-кезең. Қорытынды.Марапаттау

Әділқазылар алқасы топ ұпайларын есептеп жеңген топты атап марапаттайды





























Сабақтың тақырыбы: «Бала шақтан болашаққа»

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гидросфера және дүниежүзілік су ресустары туралы терең мағлұматтар бере отырып, жер беті суларын қорғаудың алғы шарттарымен таныстыру.

Дамытушылық:Экология туралы оқушылардың түсінігін кеңейту, халықтық педагогиканы қолдану арқылы судың маңыздылығын ұғындыру, логикалық, шығармашылық ойлау дағдыларын кеңейту.

Тәрбиелік: Болашақ ұрпақтың елін, жерін қорғауға, «Судыңда – сұрауы бар» - деген мақалды негізге ала отырып, экологиялық, тәрбие беру.

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, экология

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Дүниежүзінің және Қазақстанның физикалық картасы, суреттер, карточкалар, математикалық шкатулка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Күн шуағын сезіну.

  1. Психологиялық дайындық.

  2. Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Барша адамды құрметтеп,

Иілеміз біз.

2.     Сабаққа қойылатын ереже:

-         Бірін-бірі тыңдау, қатысу;

-         Уақытты үнемдеу, қатысу;

-         Ойды еркін айту;

-         Тақырыптан ауытқымау;

-         Бәсең сөйлеу.

3.     Сабақтың міндеті:

Іздеймін, табамын,

Ойланамын, біліп аламын.

Мұғалім: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

                Жан сәулесін таратады баршаға.

                Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

                Бас иеміз ұстаздар мен оқушы толған ортаға.

Бүгінгі өткізгелі отырған  саяхат сабағымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздар:

1.     ҚР-сы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына жолдауының жас ұрпақ алдына белгілеген мақсат, мұраттары туралы әңгімелеу арқылы баяндау, түсінік беру. (География пәнінің мұғалімі І.Ә.Мүрсәлімова)

2.     Сайысқа түсетін топтарды таныстыру.

3.     Екі топқа блиц-сұрақтар қою

4.     «Сандар ғаламшары»

5.     «Бұл кім, ол не?»

6.     «Тапқырлар» ғаламшары

7.     Сен маған, мен саған ғаламшары

8.     «Зейінділер» ғаламшары

9.     И.Жақаевтың «Еділ мен Жайық» әнін орындау. Саяхат – сайыс сабағын қорытындылау.

10.         Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 Сабағымыздың басты мақсаты: Оқушылардың географияға деген қызығушылығын арттырып, сабақ кезінде алған білімі мен іскерлігін тереңдету, отанға деген патриоттық сезімдерін ояту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың этикалық тәрбиесін жетілдіру.

-         Біз бүгін оқушылар саяхатқа «Қазақстан - 2050» зымыранымен шығамыз. Ол үшін оқушыларды 2 экипажға бөліп, экипаж капитандарын сайлап алайық. «Еділ», «Жайық» атты білімді топтар бүгін ортамызда.

Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік – дегендей топтардың ұшуға даярлықтарын тексеріп алу үшін 2 экипажға ауызша сұрақтар қоямыз. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз. «Байқоңыр айлағында» 2 экипаж мүшелері сұрақтарға жауап береді.

1.Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім?

2. Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім?

3. Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай облысында орналасқан?

4. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

5. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» бағдарламасын халыққа қашан жолдады?

6. Қазақстан қай жылы латын әліпбиіне көшеді деп көрсетілген? (2025ж)

«Сандар ғаламшары».

Мұғалім:  - Алдымыздағы «сандар ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда есепті жақсы шығаратын, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Мына ғаламшарға келген адамдарға «құпиялы сырсандық» ішіндегі тапсырмаларды орындау қажет. Қане, сендерде осы ғаламшарға келдіңдер, сондықтан өз білімдеріңді дәлелдеңдер.

11022 = (3*250)+10272

8742= (4000*2)+742

7729= (3500*2)+729

180= (45*2)+90

149= (50*2)+49

361= (150*2)+61

«Бұл кім, ол не?» ғаламшары

Бұл кезең балалар ұяшық таңдау арқылы  жүзеге асады.

10 – Париждегі Эйфель мұнарасының суреті

10 – Нью- Йорктегі "Бостандық" мүсінінің суреті

20- Шүрегей суреті

20- Талғат Мұсабаевтың суреті

30- Қасқалдақ құсының суреті

30-Ф.Магелланның суреті

40- Семенов Тянь-Шаньскийдің суреті

40 – Қытай қорғанының суреті

«Тапқырлар ғаламшары»

(Билет арқылы суырады, картадан обьектілерді көрсетеді)

1 билет.

РАЛА – Гренландия, Мадагаскар, Тасмания, Жаңа Жер, Шри-Ланка

2 билет.

ЫШҒАҚАН – Калифорния, Мексика, Гудзон, Парсы, Бенгал

3 билет.

ҰҒБЗА – Дрейк, Гибралтар, Беринг, Мозамбик, Дежнев.

4 билет.

ЕҢТЗІ – Арал, Каспий, Жерорта, Кариб, Жапон.

5 билет.

ЕНӨЗ – Амазонка, Ніл, Ертіс, Лена, Сырдария.

6 билет.

ӨЛК – Байкал, Балқаш, Виктория, Жоғарғы, Каспий

«Сен маған, мен саған» ғаламшары

Бұл ғаламшарда балалар енді топтар бір-бірімізге сұрақтар қоямыз.

 «Зейінділер» ғаламшары

І топқа: а, с, л, а, ғ, р, ы, н.

Сұрақтары:

1. Басты өзенге жолда қосылатын өзендерді не дейміз? (сала)

2. Су массаларының бір бағытта орын ауыстыруын не деп атаймыз?(ағыс)

3. Өзеннің басқа бір теңізге, көлге немесе өзенге құяр жері (саға)

4. Қашық сөзінің синонимі (алыс)

ІІ топқа: а, б, қ, л, а ,р, н, т.

1.     Алматы, Астана не ол? (қала)

2.     Экологиялық апатқа ұшыраған Қазақстандық теңі-көл (Арал)

3.     Жан жағын су қоршаған шағын құрлық бөлігі (арал)

4.     Аңғардың түбіндегі ағын өтетін ойыс (ойыс)

Көрермендерге:

1. Сөз атасы — құлақ,Су атасы — ……….( бұлақ)

2. Адамзатты сөз бұзар, (Тау мен тасты су бұзар)

3. Судыңда – .......  (сұрауы бар)

4. Таулы жер бұлақсыз болмас, (Сулы жер құрақсыз болмас)

5. Бір тамшы су-..... (...- жерге пайда)

6. Батыр туса – ел ырысы, (Жаңбыр жауса, жер ырысы)

7. Бұлақ көрсең -..... (...көзін аш.)

8. Қар мол болса, дән көп.... (Су көп болса, ну көп)

Еділ мен Жайық әні

1.Құлпырады дала гүлдейді орман

Емізеді егіз Еділ мен Жайық

Ақшағала айдын ақталған арман

Тербеледі кеме, ойнайды қайық

А-а-а-а ағады шалқып

Аққулар қалқып

Еділ мен Жайық

2.Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр

Сылқылдайды сұлу Еділ мен Жайық

Әуелейді адам, самғайды сұңқар

Қияндарға шыңға қанатын жайып

 

 

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Саяхат сабағымызды табиғат туралы мына бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!

Сен – күнсің!

Көтерілген күліп қырдан.

Сен – көлсің!

Сен – орман!

Сен – бұлақсың!

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

 

Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !







Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жарты шарлардың физикалық картасы, тақырып слайдтары.

Әдісі: Сайыс

Жүрісі:

1-ұйымдастыру кезеңі

2-таныстыру кезеңі ( сайысқа 2 топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)

3-сайыс

Барысы: -Қайырлы күн, бүгінгі сайыстың құрметті қонақтары. - Бүгін біздің «Тапқыр достар» атты ойын сайысын бастаймыз. - Бүгінгі ойын сайысқа 5-6 сынып қатысады, яғни әрбір топтан 4 оқушы шығады. Сонымен бізде екі топ қатысады.

І топ– «Меридиан» тобы

ІІ топ– «Параллель» тобы

Әділқазылар алқасы бес балдық жүйемен оқушылардың білім дәрежесін бағалайды. Жіберілген кемшіліктерді ескертіп отырады.

-  Енді ойын шарттарымен таныстырып өтелік.

І кезең –Таныстыру

ІІ кезең –  Топ басшылар сайысы

ІІІ кезең –Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту.

ІV кезең – Адасқан әріптер, берілген сөздердің орнын табу.

V кезең – «Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу».

VI кезең – «Менен баста» ойыны

VIІкезең – «Жасырын сөз» ойыны

- Ойынымызды бастамас бұрын осы география ғылымы туралы айтып өтейік. География ғылым ретінде ежелгі Грекияда туған. Біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек ғалымы Эратосфен өзінің Жерді сипаттауға арналған еңбегін «география» деп атаған екен. Және, ұзақ уақыт бойы география жаңа жерлерді ашып сипаттаумен ғана айналысатын ғылым деп есептелініп келді. ХІХ ғасырдың басында бүкіл Жер шарында ашылмаған жер қалмаған екен.Осыған орай географияның міндеті де өзгерді. Ендігі жерде ол Жер бетіндегі денелер мен құбылыстардың таралуын сипаттап қана қоймай, олардың себебін түсіндіретін ғылымға айналды. Сондықтан қазіргі жарысқа түскен оқушылар өздерінің физикалық география курсынан алған білімдерін көрсетеді. Ал енді ойнымызды бастаймыз. 1-ші команданы шақырамыз. (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады.).  Ортаға 2-ші команданы шақырамыз (команда өздерін таныстырып өтеді, белгіленген орындарына отырады). Командаларға сәттілік тілейміз.

I бөлім. «Таныстыру» екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.

1. «Меридиан» тобы

2. «Параллель» тобы .II бөлім. «Бәйге» топ басшылар сайысы.  «Меридиан» тобының басшысына сұрақ

  1. Экватордың ұзындығы (40 000км)

  2. Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)

  3. Белгілі бір жерге тән жыл сайын қайталанып отыратын ауа райының жиынтығы

( климат)

  1. География ғылымының дамыған жері .... (Ежелгі Грекия)

  2. Су қабығының латынша атауы        (гидросфера).

  3. «География ғылымының атасы» атанған грек оқымыстысы ... (Эратосфен)

  4. Дүние жүзіндегі  ең терең шұңғыма  (Мариан).

  5. Жан-жағынан материктермен шектелген орасан зор су алқабы   (мұхит).

  6. Азимуты 90˚ болатын көкжиек тұсы ... (шығыс)

  7. ... ең ұзын параллель (экватор)



«Параллель» тобының басшысына сұрақ

  1. Солтүстік бағытты көрсететін жұлдыз. (темірқазық)

  2. Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. (горизонтальдар)

  3. Салыстырмалы биіктікті ... құралымен өлшейді. (деңгейлегіш)

  4. Жердің сыртқы қатты қабығы  (литосфера).

  5. Жердің ішкі құрылысы ... тұрады. (жер қыртысы, мантия, ядро)

  6. Ең терең көл  (Байкал).

  7. Тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар (минералдар)

  8. «Жол» деген мағынаны білдіретін араб сөзі (азимут)

  9. Масштабтың неше түрі бар? (үш)

  10.  Жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында  түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат       (магма).

III бөлім. Жұмбақ жасыру, оның шешуін үш тілде айту. «Меридиан» тобы

 

Ешбір тірексіз күмбез,

Жылт-жылт еткен,

Ешбір сүйексіз күмбез.

Жылғадан өткен.

Ешкім көтере алмайтын күмбез,

(су, вода, water)

Ешкім төңкере алмайтын күмбез.

(Аспан, небо, the sky)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер

(карта, карта, map)

Бетін адам ашады, Білім нұрын шашады.

(кітап, книга, book)

«Параллель» тобы Көтеріліп теңізден,

Ол келсе орман шулайды,

Аспанға биік барамын.

Толқын теңіз тулайды.

Биіктен қайта түскенде,

Қуса өзін қуады,

Өңі кірер даланың.

Ешкім оны қумайды.

(жаңбыр, дождь, rain)

( жел, ветер,wind)  

Ай үстінде асыл тас,

Алайын десем табылмас.

(жұлдыз, звезда, star)

Қолы да жоқ, көзі жоқ,

сурет салар өзі кеп

(аяз, мороз, frost)

IV бөлім. Берілген сөздердің орнын табу  «Меридиан» тобына  

  1.  Л п о ю с  - полюс

  2. Т а р к а – карта

  3. И а н м е д р и – меридиан

  4. М т у з и а – азимут

  5. Е ф а м о т а с р - атмосфера

 

«Параллель» тобына

  1. Ф р е а с д и г о р – гидросфера

  2. И о н г з т ь л а р о – горизонталь

  3. С п м а о к  - компас

  4. Қ л ы й о б – бойлық

  5. Ғ д а а р у а л б - бағдарлау

V бөлім. «Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу». «Меридиан» тобына тапсырма

  1. Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды. Кеме координаты 80° ш.б пен 40° о.е еді. Кемеге көмекке бару үшін, ол қай жерде екенін анықтаңыз.

«Параллель» тобына тапсырма

  1. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 е. және 173 б. Жаңа  ...... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?

VI бөлім.. Тақтада әліпбидегі кейбір дауыссыз дыбыстар бойынша сұрақтар берілген. Бұл сұрақ жауаптарының басқы әріптері  алфавитпен байланысты болады. Дұрыс жауап – 5 ұпай.

Б

В

Г

Д

Ж

З

К

Қ









Л

М

Н

П

Ш

С

Т

Ф

  1. Б – Көкжиек тұстарын, бақылаушының тұрған жерін, қозғалыс бағытын анықтау.(Бағдарлау)

  2. В - Машина маркасымен аттас өзен.    (Волга)

  3. Г – Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы. (географиялық ендік)

  4. Д – Шөп басқан,батпақсыз жазық жер    (Дала)

  5. Ж – Жер бетінің біршама тегіс және белесті алқабы (Жазық)

  6. З – Жануарлардың жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым (Зоогеография)

  7. К – Қазақстан қаласы (Көкшетау)

  8. Қ – Таудағы қар жыл бойы ерімейтін биіктікті көрсететін сызық  (Қар жиегі)

  9. Л – Жер бетіне шығып, газынан айрылған магма   (Лава)

  10. М – Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейту дәрежесі (Масштаб)

  11. Н – Салыстырмалы биіктікті өлшейтін құрал   (Нивелир)

  12. П – Күнді айнала  қозғалып жүретін және Күн жарығымен жарқырап көрінетін аспан денесі  (Планета)

  13. Ш – жер қыртысында су, жел, т.б күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары (шөгінді тау жыныстары)

  14. С – Жер сілкіну қайталанып тұратын аймақ  (Сейсмикалық аймақ)

  15. Т – Бір - бірімен өзара байланысты табиғат кешендерінің біртұтас жүйесі   ( табиғат кешені)

  16. Ф – Географияның бір саласы  (Физикалық география)

VII. Жасырын сөз. Мына сөздердің ішінен артық әріптерді алу арқылы, географияға қатысты терминдерді табу.

гкартаенглобусыцжерьтимеридианвяфэкваторцуебағдарлауэхъпланмслитосфераглнетаудлөзенбсымуссонэрнклиматнавкаспийэжютасқынукпнілд. Жауаптары: карта, глобус, жер, меридиан, экватор, бағдарлау, план, литосфера, тау, өзен, муссон, климат, каспий, тасқын, ніл

VIIІ. Марапаттау. Ұпайлар саны есептеліп, жеңімпаз топ анықталады, жеңген топ марапатталады.IХ.Қорытынды «Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Дарындылық пен тапқырлық Жеткізеді сіздерді География сырына», - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Сайысқа қатысқан оқушыларға естелік сыйлықтар табыс етіледі.
























































НЕ? Қайда? Қашан

Сабақтың тақырыбы: НЕ? Қайда? Қашан?
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың дүниежүзі тарихы, география пәндерінен алған білімдерін тексеру, еске түсіру.
б) дамытушылық: оқушыларды саралау, талдау, салыстыруға үйрете отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
в) тәрбиелік: Тарихты білуге, ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ
Сайыстың кезеңдері:
1. Сұрақ - жауап
2.«Ең, ең, ең.....»
3. Ойлан тап?
4. Сәйкестендіру тесті
5. Қай елде ойлап табылды?
6. Бұл кім?(тұлғаны таны)
7. Кім жылдам?(терминдермен жұмыс)
8. Тарихи сынақхат
9. Қара жәшік (жасырылған затты тауып, суретін салу )
10. Жұмбақтар шешу
11. Егер де мен..........(өз пікірін қорғау )
1. Шахматтың Отаны қай ел?
Шахматтың Отаны - Үндістан
2. Қай елде жазу материалына суреттегі заттарды пайдаланған?
Қосөзенде балшық тақтайшаға
Үндістанда пальма жапырақтарына
Египетте папирусқа
Қытайда бамбукке
3. « Ең, ең, ең.............»
І - топ
1. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең үлкен арал (Гренландия)
4. Ең биік шың (Джомолунгма )
5. Ең ылғалды материк (Оңтүстік Америка )
ІІ - топ
1. Ең үлкен шөл (Сахара)
2. Ең суыққа төзімді құс (пингвин)
3. Ең үлкен мұхит (Тынық мұхит )
4. Ең халқы көп мемлекет(Қытай)
5. Ең тұзды мұхит (Атлант)
ІІІ - топ
1. Ең биік ағаш(Секвойя)
2. Ең үлкен көл (Каспий)
3. Ең кішкентай мұхит (Солтүстік мұзды мұхит )
4. Ең ыстық материк (Африка)
5. Ең үлкен мемлекет(Ресей)
IV - топ
1. Ең терең көл (Байкал)
2. Ең кіші материк (Аустралия)
3. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
4. Ең ұзын өзен (Ніл)
5. Ең суық материк (Антарктида )
V - топ
1. Ең биікте орналасқан астана (Ла - Пас)
2. Ең терең шұңғыма (Мариан )
3. Ең биік сарқырама(Анхель)
4. Ең ұзын тау (Анд)
5. Ең суы мол өзен (Амазонка)
3. Ойлан тап!
ХТМИҰ ГОУБЛС АТБАСШМ ПНТАЕАЛ
Мұхит Глобус Масштаб Планета
4. Мемлекет пен мемлекет билеушілерін сәйкестендіру
1. Египет билеушісі А. Раджа
2. Қосөзенді билеуші В. Перғауын
3. Үндістанды билеуші С. Патша
4. Қытайдың билеушісі Д. Император
Жауабы: 1_В__, 2__С__, 3__А_, 4__Д_
5. Қай елде ойлап табылды?
1. Компас, қағаз.
2. Қазір қолданып жүрген сандарымыз.
3. Латын алфавиті (әліпбиі ).
4. Геометрия ғылымы.
5. Театр, Олимпияда ойындары.
1. Қытай 2. Үндістан 3. Рим 4. Египет 5. Греция
Бұл кім?(тұлғаны таны)
1. 1492 жылы Пиреней түбегінен шығып, асыл тастармен бағалы піл сүйегі, алтынға бай Үндістанға сапар шекті. Екі айдан соң Орталық Америка аралдарына жетті. Бірақ өмірінің соңына дейін Үндістан жағалауында болдым деп, сол аймақ тұрғындарын «үндістер» деп атады.
2. Б. з. б ІІ ғасырда өмір сүрген грек оқымыстысы. Ол картасында градус торларын белгілеп, көптеген географиялық нысандар түсірді. Бірақ картаның кемшілігі онда құрлық судан көп болып бейнеленген.
3. 1519 - 1522ж. ж. Тұңғыш рет дүние жүзін айналып шығып, жердің шар тәрізді екенін және ең үлкені - Тынық мұхиты екенін дәлелдеген.
4. 1835ж. Қостанай облысы Құсмұрын көлінің жағасында дүниеге келген. Арғы тегі - Абылай хан, шын аты - Мұхаммедханафия. Ыстықкөл аймағының картасын жасап, «Манас» жырын жазған 5. Әлемнің дөңгелек картасын жасаған түрік оқымыстысы. Ол картаға түріктердің көптеген қалалары мен қоныстарын, жер бедерін картаға бейнелеген.
1. Х. Колумб 2. Птоломей 3. Ф. Магеллан 4. Ш. Уәлиханов 5. М. Қашқари
Терминдермен жұмыс
1. Фенеху -
Планета -
2. Сфинкс -
Гидросфера -
3. Шадуфтар -
География -
4. Бабилу -
Масштаб -
5. Нубанда -
Тау -
Тарихи сынақхат
1. Хаммурапи б. з. б …………жылдар арасында патшалық етті.
2. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі…………қалыптасты.
3. Египетті ежелгі заманда …………. деп атаған.
4. Перғауын………патшалық құрған кезде Сирияға 17 рет жорық жасаған.
5. Қазіргі Түркия жерінде ерте замандарда............... мемлекеті өмір сүрді.
Б. З. Б 1792 – 1750 жылдар Қосөзенде Қара жер Тутмос ІІІ Хетт мемлекеті
Қара жәшіктегі затты тап!
(сипап сезу арқылы жасырылған затты тауып, суретін салу )
Жұмбақты шеш!( үш тілде)
Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы (найзағай)
Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады (бұлт)
Күні - түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан (жел)
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
Ат үстінде асыл тас,
Алайын десем табылмас (жұлдыз)
Егер де мен …………….(өз пікірін қорғау)
Қорытынды.

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее