«Зима 2025»

Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар

ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ, АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ РЕСУРСТАР ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША КОНСПЕКТ

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

ӘЛЕМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ БЕЙНЕСІ, АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ РЕСУРСТАР

Ақпарат-қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы. Ақпарат ұғымы күнделікті қмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым.Латын тілінде ол information-түсіндіру,мазмұндау деген мағынаны білдіреді. Ақпарат-ақпарат жеткізушіден оны алушы кісіге дейін қабылдау миханизімінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:синтаксистік,семантикалық және кибернетикалық.

Синтаксистік деңгейде ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып,бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескермейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты

Семантикалық деңгей (таурус)мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді.Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.

Кибернетикалық деңгейде ақпарат нысанның жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде,сондай-ақ басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оларды қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады.

Ақпараттану(информатика)-ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау,сақтау,түрлендіру,жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Ақпараттанудың негізгі нысаны ақпарат болып табылады .Сондықтан «ақпарат»ұғымы ақпараттану мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Ақпарат алу-бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары,құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағұлматтар мен мәліметтер алу.

Ақпараттық жүйе (АЖ)-қандайда бір нысанды басқаруға қажетті қоғамдық масаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау,сақтау,жаңарту,өңдеу,іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар,әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны.

Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық нысандардың бірігуін қамтитын белгілі бір ақпараттық кеңістікті белгілейтін пәндік саланы иемденеді.

Ақпарат жүйесін жіктеуді мынандай ішкі кластарға бөлуге болады: ●ақпараттық-анықтамалық жүйелер; ●ақпараттық кеңес беретін жүйелер ●ақпараттық қадағалаушы жүйелер;

Ақпараттық-анытамалық жүйелер ақпаратты жинап,оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық кеңес беретін жүйелер нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп,нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ал ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз енгізіліп,басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты түрде реттеледі.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ)-ақпараттты өңдеу және басқару шешімдерін қабылауға арналған ақпараттардың экономикалық және математикалық әдіс модельдерінің техникалық,программалық,технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын,оның жекеленген бөліктерінің жиынтығы құрайды.

Бағыныңқы жүйе дегеніміз-қандай да бір білгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.

Әлемнің ақпараттық бейнесі келесі бөліктерден тұрады: ●Адамның іс-әрекеті ●Ақпарат туралы түсінік ●Ақпарат туралы елес ●Ақпараттық үдерістер ●Қоршаған орта нысандары туралы елес ●Нысанның үлгісі туралы елес

Адамның ақпаратты қабылдау,өңдеу,жинау және беру үдерісі ақпараттық іс-әрекет деп аталады.Егер бұрын адамдар ақпаратты кітаптардан,қағазда рәсімделген құжаттардан алса,қазіргі ақпарат көзі-электронды.

Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпаратттық ресурсқа айналуының ,тиімді қолданудың жаңа құралы,дамытушы факторы болып табылады.

Жалпы ақпараттық ресурстарға берілетін анықтаманың бірнеше түрі бар:

мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы. Оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиыны мен кірістік құжаттар жатады; ● кітапханаларда, мұрағаттарда, қорларда , мәліметтер банктерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағұлматтар жиыны;

Ақпараттық жүйелердің жіктелуі:

1. Деректі:

Нысан атрибутының фориатталған түрінің нақты мағынасын тіркейді; ●Ақпарат нақты құрылымға ие; ●Сұраныстарға бірмәнді жауап беруге қабілетті;

2. Құжаттық:

Графикалық нысандардың,мәтіндік құжаттардың құрылымсыз бірігуі арқылы жасалады; ●Іздестіру аппараты арқылы қамтамасыз етіледі; ●Сұраныстарға жауап бірмәнді беруді қажет етпейді;

Білім беу ақпараттық ресурстары дегеніміз-ақпараттың кез келген түрі немесе оқу үдерісінде қолдану үшін арнайы жасалған программалық өнімдер.

БІЛІМ БЕРУ ЭЛЕКТРОНДЫҚ РЕСУРСТАРЫ: • Оқу материалдары (электорндық оқулықтар, оқу құралдары, рефераттар, дипломдар)

Оқу-әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, әдістемеліктер)

Ғылыми-әдістемелік материалдар (диссертациялар) • Қосымша мәтіндік және суретті материалдар (дәрістер, зертханалық жұмсыстар)

Тесттілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері) • Электрондық кітапханалар. • Білім саласының электондық мерзімді басылымдары. • Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны және мақалалардың аңдатпалары. • Электрондық мұрағаттар шығару











































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее