«Зима 2025»

:«Математика және спорт» сайысы.

Математика пәнінің мұғалімі. Бұл мамандық маған қатты ұнайды.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

23 орта мектебі


















Пән мұғалімі: Естаева Қ.Қ.

Сынып: 8 «А» және 7 «А»

























Тақырыбы: «Математика және спорт» сайысы.


Мақсаты:

Білімділік: Математика мен спортты байланыстыра отырып,

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және

спорттық ойынға деген көз қарасын, сүйіспеншілігін

қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін

кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны

тәрбиелеу.


Түрі: Спорттық ойын

Типі: топтық сайыс

Қажетті құралдар: тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер,

Спорттық ойын құралдары, слайдтар.


Сабақтың барысы:

  1. Топтың таныстыруы. (аты, ұраны, әні, төсбелгісі)

  2. «Мықты білімпаз?» (эстафеталық жарыс)

  3. «Білгенге маржан» (Қораз төбелес)

  4. «Ребус» шешу. (арқан тартыс)

  5. «Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады», (топ басылар сайысы)

  1. «Бірлік болмай, тірлік болмас» (ширату- скакалка секіру, шар үрлеу)

  2. «Сен маған, мен саған» (шығармашылық тапсырма)

  3. «Ойымды жалғастыр» ( жанкүйерлерге мақал-мәтелдер)

  4. «Сен білесің бе?» ( доппен секіру)

  5. Бекіту, бағалау, марапаттау.

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов


2. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула» С.В.Ковалевская


3. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың

патшасы» К.Гаусс


  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек». М.Искаков


Мұғалім сөзі: Мінекей, залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Кешіккендерді тоспаймыз,

Ғылымдардың патшасы –

Математика жайында

Кешімізді бастаймыз.


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.


2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан шәкірттердің,

Сәті келді сыналар.


1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.


2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді бастайық,

Әділқазы алқасымен,

Танысудан қашпайық.

Әділ-қазылар сайланады.


1- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.


2- жүргізуші: Әділ-қазы, ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.


1- жүргізуші: Көңілді қырандар мен барыстар,

Жиналыпты небір мықты арыстар.

Бар өнерін жинап алып бойына,

Бірі көкте, бірі жерде сайысар.


2-жүргізуші: Әрбір топтың сәлемдесу парызы

Сыналады екі топтың әр ісі.

Әні менен ұранын, төс белгісін

Жүйрік барыс, жас қыран айтып өтсін.



Қырандар: Сәлем бердік жанкүйер мен ұстазыма,

Сәлем бердік Азияда барысына.

Көкте самғар көреген қырандарың,

Келіп жетті, мінекей алдарыңа.



Біз ешқашан қиындықтан қашпаймыз,

Сұрақтарды бірден шешіп тастаймыз.

Сендерді де айта алмаймыз нашар деп

Ал, ендеше, сайысуды бастаймыз.


Таныстыруы: - Біз тобымызды «қырандар » деп атаған себебіміз:

Қыран тәрізді көреген, алғыр, батыр болып тек биіктерден көрінгіміз келеді. Көшпенділер үшін бұл – бостандық, тәуелсіздік мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылудың белгісі. /төс белгіні көрсетіп тұрып айтады/

Қыранның символикалық мәні мемлекеттік билікті, кеңдікті және көрегендікті білдіреді.

Қыран – сұңқар тектінің ең ірісі. Қазақстандағы бүркіттің жалпы саны белгісіз, дегенмен келтірілген деректерге орай жүздеген тұқымы бар деп жорамалдауға болады. Қыран бүгінде толығымен жойылуға жақындаған, әлемнің көптеген аймақтарында өте сирек кездесетін құс. Экологтардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта әлемдегі жалпы саны шамамен

170 мыңды құрайды.

Қыранның негізгі азығы: тышқандар,қоян, суыр, ұлу, бөдене, түлкі, қасқыр, елік. Қыранның көзі күндіз өте жақсы көреді. Мәселен, қоянды

2 шақырымға дейінгі қашықтықтан байқайды. Жемтігін байқаған қыран шүйліккен кезде жылдамдығы сағатына 240-320 шақырымға дейін жетеді.

Қыран Қазақстан аумағында жылдан-жылға азаюына байланысты еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген.

«Қырандар» тобы 6 оқушыдан құралған.

Топ басшымыз: Сатыбаев Батыржан.

Топ мүшелері: Қалауова Мереке

Өмірбеков Мейіржан

Бөлебаева Жәудір

Сейтжапар Абдуәлі

Көпбосын Жазира

Біз, ешқашан ешнәрседен қорықпаймыз. Әрқашанда біргеміз.

  • Алға, қырандар!

Біздің атымыз: «Қырандар»


Біздің ұранымыз: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашан да үміткерміз жеңіске!


Біздің әніміз: Асыл текті туған, Ақ тілек күшімен,

Белін бекем буған Ақ қалам ұшымен,

Барыспен сайысып, Жетекші апайдан,

Достық туын құрған. Үлгі алып ісінен


Қайырмасы:

Алға, алға, Көк аспанда,

Алға жеті қырандары! Талмасын кең қанаттарың

Сенім артқан Самға мәңгі

Жансын бауыр үміттері. Қазағымның қырандары.


Қырандар, қырандар, Ғалым күші дарып,

Барыстан қалмаңдар. Жүрек дүрсіл қағып,

Топ үшін, елүшін, Жетейік жеңіске

Намысты қорғаңдар. Ойнап, топты жарып.

Қайырмасы:


Барыстар: Алдарыңа келді міне,,

Барыс тобы бас иіп.

Жанкүйерлер тұр ғой, әне,

Әрқайсысы қасқиып.


Бір мектепте оқимыз бәріміз де,

Достық сөзі әрқашан дәрі бізге.

Жарысуға, қырандар, келіп тұрмыз,

Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге!


Таныстыруы: - Біз тобымызды «барыстар » деп атаған себебіміз:


«Барыстар» тобы 6 оқушыдан құралған.

Топ басшымыз: Мырқали Ерзат.

Топ мүшелері: Жапсаров Айбек

Әлкебаева Ақмоншақ

Хаби Айша

Сұлтанәлі Ердәулет

Тұрғынбаев Тұрәлі


Біздің атымыз: «Барыстар»


Біздің ұранымыз: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста, алғырлықпен аламыз!


Біздің әніміз: Біз барыспыз, барыспыз

Алға қарай ұмтылған.

Қырандармен бірге біз

Қиындыққа көнеміз.

Қайырмасы:

Алға, достар, бастаңдар.

Ақ көңілдер аспандар,

Бас иеді біздерге,

Асу-асу асқарлар.


Азияда туын, біз,

Желбіреткен барыспыз.

Спорта да, өнерде

Әрқашанда біргеміз.

Қайырмасы:


1-жүргізуші: Биыл қоян жылында кең байтақ, алып Қазақстан жерінде алғаш рет Азияда қыстық спорттық ойындар олимпиадасы жүріп өткенін жасымыз да, кәріміз де, осы отырған бәріміз де жақсы білеміз.

2-жүргізуші: Сондықтан да, бүгінгі кешіміздің тақырыбын, осыған орай «Математика және спорт» деп алып отырмыз.

1-жүргізуші: Кешіміздің барысында математика мен спорт тығыз байланыста болып, екі жақты ұпай беріліп отырады.

2-жүргізуші: Олай болса:

1-жүргізуші: Кешімізге қатысыңыздар! Қолдаңыздар!

2-жүргізуші: Есептен шет қалмаңыздар!

1-жүргізуші: Ойынды да ойнаңыздар,

2-жүргізуші: Жайбарақат қалмаңыздар!


1-жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт - дей отырып, алғашқы сайысымыз «Мықты білімпаз» эстафеталық жарысын бастауға рұқсат етіңіздер


2-жүргізуші: Ойын шарты: Аяғына дөңгелек ролик байлаған екі топтың ойыншысы алдағы тұрған кедергілерден сүрінбей өте отырып, бірінші болып келген ойыншы тақтадан тапсырма таңдайды, екеуі осы тапсырманы ақ қағазға орындайды, болғаны қағазын қазылар алқасына тапсырып, эстафета таяғын өзінің келесі ойыншысына апарып береді. Ойын осылай жалғаса береді

1-жүргізуші: Тағы да естеріңізге сала кетейік, ұтыс екі жақты ұпай санымен есептеледі. Ең төменгі ұпай 5-тен, жоғарғы ұпай 10-ға дейін

2-жүргізуші: Мысалы: І-ші топтың ұтысы 5-те 10 десек, біріншісі спорттың, ал екіншісі математиканың ұпай саны деп есептеледі


1-жүргізуші: Сондықтан, құрметті қазылар алқасы спортқа да, математикаға да дұрыс көңіл бөліп, шатаспай баға берулеріңізді сұранамыз. Сонымен әр топқа екі бағадан қойып отырасыздар.


2-жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Ойынымызды бастайық.

Айдаhарша ысқырған,

Аузына ысқырық қыстырған,

Күлімдеген Жазира әкпейге,

Аттың басын бұрайық.


Тақтадағы тапсырмалар: «Мықты білімпаз»

3

2

1




4


6

5

2-тапсырма:






Х - ?

a) 10 b) 9 с) 11 d) 13




1-тапсырма

Фигураларды сандармен белгіле

4 + = ?

2 1 2


a) 1 с) 10

b) 9 d) 11


х

16

15





2

8

9

7




4-тапсырма:

Барлық квадрат бірдей. Осы

квадраттарды сызық бойынша бүктеп кубик жасасақ, С әрпінің қарсысында қандай әріп болады?


A

B

C

D

E

F

a) A с) C

b) D d) F



3-тапсырма:

Төменде жетіспейтін

санды тап:

3

12

8

7

28

24

5

20

?


a) 8 с) 10

b) 16 d) 12



6-тапсырма:

2 - 1



4 – 2


?


a) 8 с) 10

b) 16 d) 12

5-тапсырма:

Сұрақ белгісінің орнына қандай сан қойылу керек ?








a) 48 с) 45

b) 1 d) 90



















? 3 45 6

42 9

21 18

















1-жүргізуші: Бүгінгі кеш, қызықты кеш

Көрермендер, халайық.

Дөңгеленген қазақ қызын,

Қол соғып, біз қарсы алайық.


2-жүргізуші: - Әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша 11 «Б» сынып оқушысы Жұмаханова Қымбаттың биін тамашалаңыздар.

БИ:


1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы 1-ші сайыстың бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

«Білгенге маржан» кезеңіне келдік біз,

Қоразданып, адал аппақ ниетпен.


2-жүргізуші: «Білгенге маржан» кезеңін бастамас бұрын «Қораз төбелес» ойынын ойнаймыз.


1-жүргізуші: Ойыннң шарты:

Алдарыңызда 4 шеңбер жатыр. Әр шеңберге 3 ойыншыдан жалғыз аяқпен қолдарын артына ұстап 1 ойыншыны шеңберден итеріп шығару керек. Енді әр шеңберде 2 ойыншыдан қалады, олар да осылай қайталап, 1ойыншыны шығарады. Қалған 2 ойыншы бір шеңберге кіріп, тағы да шоқысады, соңында қалған 1 ойыншы тақтадағы сұрақтарға тез арада 1минут ішінде жауап беру керек.

2-жүргізуші: Ескеретін бір жәйт, қай топтың ойыншысы бірінші келсе, сол топ бірінші болып сұрақтарға жауап береді.

1-жүргізуші: Жазира әкпей, кезек сізде.


Тақтадағы тапсырмалар: «Білгенге маржан»

І - топқа

  1. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)

  2. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)

  3. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)

  4. 1/10 санының кері саны? (10)

  5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)

  6. Жарты түзу. (сәуле)

  7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. (бос ыдыстан)

  8. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)

  9. Бір шоколадты 100 теңгеге сатып аламыз. 1,5 шоколадты неше теңгеге сатып алуға болады. (200)

  10. Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарсы 3 мысықтан отыр. Бөлмеде неше мысық отыр

  11. Кім барлық тілде сөйлейді (жаңғырық

  12. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі (ғасыр)

  13. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

ІІ топқа:

  1. Шаманың 1/100 бөлігі (процент)

  2. Шеңбер сызуға арналған құрал (циркуль)

  3. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)

  4. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек?

  5. Торда 4 қоян бар. 4 бала 4 қоянды әкетті, ал бір қоян торда қалды. Неге?

  6. Көпмүшенің барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)

  7. Қабырғалары толықтауыш сәулелер болатын бұрыш (жазыңқы)

  8. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. (98)

  9. Ең үлкен хорда. (диаметр)

  10. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)

  11. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)

  12. Миллиард санын жазғанда неше нол керек(9)

  13. Кері сандардың көбейтіндісі (1)


1-жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалаған жүгі бар,

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Дильнозаның сыңғырлаған үні бар

2-жүргізуші: - Әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша 5 «Г» сынып оқушысы Естаева Дильнозаның орындауында «Мектебім» әнін қабыл алыңыздар.

ӘН

1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы 2-ші сайыстың бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Қырандар мен барыстар

Ребус шешіп тастайық

Арқанды да тартайық

Күш сынасып, бұл кеште

Рахаттанып қалайық.

2-жүргізуші: Сайысымыздың 3-ші кезеңінде Ребус шешеміз, ол үшін екі топ арқан тартысады, жеңген топ бірінші ребусты, жеңілген топ екінші ребусты шешеді.

1-жүргізуші: Жазира әкпей, ұйықтап қалмаңыз, кезек сізде.







І- топқа:

ш 2’ ‘‘7ң


= ‘1’ 1’тп‘5


ІІ-топқа


1 м ’’ 21


6тп с 8’’’ үу д 1іа





1-жүргізуші: -Жарайсыздар, әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша

5 «Г» сынып оқушыларының дайындаған «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.


2-жүргізуші: Ойын-толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

«Қара жорға» биіне қосылыңдар,

Қане, достым билеңдер, қалма жасып.

БИ


1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы 3-ші сайыстың бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Әр нәрсенің бастауы,

Топ басына тиісті.

Оның әрбір істері,

Өз ісінің жемісі.

Онда неге тұрамыз.

Қолға алайын сол істі.

Топ басының өз ісі

Білімділігіне тиісті


2-жүргізуші: Сайысымыздың 4-ші кезеңі «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп аталады.


1-жүргізуші: Олай болса, Топ басылары сайысқа түседі, сайысқа түспес бұрын екі топтан күшті деген екі жігіті қолдарын айқастыра өздерінің топ басыларын отырғызып алып, тапсырмалар үстеліне бірінші болып жеткен топ тапсырманы таңдайды.


1-жүргізуші: Жазира әкпей, ысқырығыңызды аузыңызға қыстырыңыз.


І – топқа:

1 - тапсырма:

а) 1234 b) 4321 с) 2143 d) 1234

2143 2143 1234 4321

4412 4412 4421 4412

3231 3231 1431 1431


2 – тапсырма

Арман Әселден үш жас үлкен, Әсел Русланнан төрт жас үлкен, Арман 16 жаста болса, үшеуінің жастарының қосындысы нешеге тең?


a) 42 b) 38 с) 40 d) 44











































ІІ – топқа:

1 - тапсырма:

а) 7531 b) 1357 с) 5371 d) 7315

7351 3175 5731 3715

3157 5713 7513 3175

7351 7351 5317 1537




2 – тапсырма

Марат 15 жаста, ол інісінен 3 есе үлкен. Марат інісінен 2 есе үлкен болғанда неше жаста болады?


a)30 b) 25 с) 20 d) 45















































2-жүргізуші: Топ басылары тапсырмаларын орындап жатқанда қалған ойыншыларымыз қарап тұрмау керек.


1-жүргізуші: «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей екі топтың ойыншылары скакалкамен секіре отырып, алдағы кедергілерді айналып өтеді де, бірінші болып жеткен ойыншы тақтадан № таңдайды.


2-жүргізуші: Сол №-дің артынан шыққан сурет бойынша оған әртүрлі сипаттамалар бере отырып, шарды үрлеу арқылы, оны жаруға тырысу керек. 1-жүргізуші: Кім бірінші шарды көбірек жарса, сол топтың ұпай саны көбірек болады.

2-жүргізуші:Жазира әкпей, кезек сізде.


Тақтадағы суреттер:

1 сызғыш

2 компьютер

3сумка

4 мұғалім

5 құс


1-жүргізуші: -Жарайсыздар, әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша

«Барыс» тобының дайындаған өнерін тамашалаңыздар.


2-жүргізуші: Түсеміз біз өнерлілер сайысына,

Барыстардың тимеңіз намысына.

Біз жанкүйер сіздерді қолдап келдік,

Би билейміз математика жарысында.

БИ

1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, топ басыларының бағасын берсеңіздер

2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Енді 5-ші сайыстың ұпай санын көргіміз келіп отыр.

2-жүргізуші: Көп-көп рахмет.


1-жүргізуші: Байқаймыз, басымызды шайқаймыз, демекші мұнда екі топ бір-біріне «Сен маған, мен саған» үй тапсырмасын жасап әкелдім, мықты болсаң осы тапсырманы орындап көрші» деп тұрған сияқты.

2-жүргізуші: Ал, онда бұл не тұрыс. Тұрмайық дайындаған үй тапсырмаларыңды орындауға 10 минут уақыт береміз. Іске сәт, достар!


(Тапсырмалар орындалып жатқанда)


1-жүргізуші: Жанарыс, мұнда жанкүйерлер де өз топтарының тілеуін тілеп отырған жоқ па? Осыларға кезек берсек қайтеді?

2-жүргізуші: Білімінің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

дегендей уақыт өткізбей жанкүйерлерге ойын кезегін берсек- берейік.

1-жүргізуші: Олай болса, «Ойымды жалғастыр» ойынын ойнайықшы.

2-жүргізуші:Иә, жанкүйерлермен математикалық мақал-мәтел жарысып ойнайық.

1-жүргізуші: Қай топтың жанкүйерлері көп жетон жинаса сол топқа сонша ұпай саны қосылады.

2-жүргізуші:Барыстарға қызыл жетон таратылады,

1-жүргізуші:Қырандарға сары жетон таратылады.

2-жүргізуші:Әр жетон 3ұпаймен есептеледі.

1-жүргізуші: Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді


2-жүргізуші: Ал, балалар, балалар.

Мақал – мәтел айтайық.

Асулардан асайық,

Білім шыңына біз жетейік.

Кедергіні жеңейік.


1-жүргізуші: Тақтада аяқталмаған мақал –мәтелдер шығады, сіздер оны жалғасын тауып, мақалды толықтыруларыңыз керек


М А Қ А Л – М Ә Т Е Л Д Е Р


  • 2 жақсы қас болмас,...... 2 жаман дос болмас.

  • 7 атасын білмеген .........жетесіз,

  • Білекті бірді жығады,....... білімді мыңды жығады.

  • Алтау ала болса ауыздағы кетеді, .....төртеу түгел болса төбедегі келеді.

  • 5 бармақ жұмылса ..............жұдырық болады.

  • 30 тістен шыққан сөз............ 30 рулы елге тарайды.

  • Жеті жұрттың тілін біл, ........жеті түрлі білім іл

  • Досыңды үш күн сынама,............үш жыл сына

  • Бір елі ауызға.................................екі елі қақпақ

  • Жүз сомың болғанша,.................жүз досың болсын

  • Білгенің бір тоғыз, ......................білмегенің тоқсан тоғыз

  • Бір кісі қазған құдықтан, ...............мың кісі су ішеді

1-жүргізуші: Жанкүйерлер сіздерге рахмет.


2-жүргізуші: Жетондарыңызды жинап алуға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші: -Жарайсыздар, әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша

«Қыран» тобының ойыншысы Бөлебаева Жәудірдің орындауында испан биін тамашалаңыздар.


2-жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға

Құр қарап жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолыңды өнерлі жас талапқа

БИ:


1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы, «Сен маған, мен саған» үй тапсырмасының бағасын берсеңіздер


2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Жанарыс, қай топ жеңіске жететінін «Сен білесің бе?»


2-жүргізуші: Мен емес, оны қазылар алқасы білетін шығар?!


1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Сен білесің бе?» деп аталады.

2-жүргізуші: Әдеттегідей, спорт ойыны арқылы тапсырмаларды орындаймыз.


1-жүргізуші: Ол үшін әр топ ойыншылары үлкен доппен секіре отырып, тапсырмалар үстеліндегі эстафета таяғын ала кетеді де, келесі ойыншымен алмастыру арқылы ойынды жалғастырады, соңында жеңген топтың жанкүйерлері тапсырманы бірінші болып ашады, қалған сұрақтарды кезектесіп орындайды.


2-жүргізуші: Тақтадағы торкөзде бірнеше сандар тұр. Осы сандар ұпай саны болып есептеледі де,топтарының ұпайларына қосылады.


1-жүргізуші: Сондықтан, құрметті ойыншылар неғұрлым үлкен сан таңдауға тырысыңыздар. Бірақ үлкен сандардың артында қиын сұрақтар болатынын ұмытпаңыздар.


2-жүргізуші: Сұраққа жауап бере алмасаңыздар топтарыңыздан сонша ұпай шегерілетінін де ескере кетеміз.


1-жүргізуші: Жазира әкпей, сіздің кезегіңіз.

Тақтадағы тапсырмалар:

20

40

30

10







10

40

20

30





30

10

20

40









Жоғарғы 10 - Тосын сый.- Жанар әкпейдің әрекеті.


Ортадағы 10 - Сағат 2200- де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің

жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ)


Төменгі 10 - 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе? (тең)


Жоғарғы 20 - Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді.

Асханаға неше килограмм картоп әкелінді? (300 кг)


Ортадағы 20 - Аты шулы айқас сызық,

Өзі толған мағына қызық. (Координаталық жазықтық)

Төменгі 20 - Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)


Жоғарғы 30 - Тосын сый – түйенің шөгуі


Ортадағы 30 - Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы

қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)


Төменгі 30 - Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала

жолықты. Мектепке неше бала барды? ( 5 бала )


Жоғарғы 40 - Тосын сый. – Ерке қыздың қылығы.


Ортадағы 40 - Әсем поездың басынан есептегенде 7-ші вагонға отырды.

Марина поездың соңынан есептегенде 7-ші вагонға отырды.

Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған? (13)


Төменгі 40 - Төрт пен бестің арасында қандай таңба қойылғанда 4-тен

артық, 5-тен кем сан шығады? ( үтір )



1-жүргізуші: -Жарайсыздар, әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша

«Барыс » тобының ойыншысы Жапаров Айбектің орындауында «Атамекен» әнін тамашалаңыздар.


2-жүргізуші: Бүгінгі кеш өнер шабыт шыңдады

Кеш қызығын талай адам қолдады

Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

«Атамекен» әнін халық тыңдады

ӘН


1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы соңғы сайыстың бағасын берсеңіздер.


2-жүргізуші: Көп рахмет.


1-жүргізуші: Ұрпағы еліміздің намыс қонған

Ұшады білімдермен алыстарға

Саналы да зерделі оқушылар

Оқуда жете берсін табыстарға. – дей отырып,

Барыстар мен Қырандарға табыс тілейміз.


2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы сіздерді барыстар мен қырандардың жинаған жалпы ұпай санын есептеуге жібергелі отырмыз.


1-жүргізуші: Біздің Барыстар мен Қырандардың жанкүйерлері әділ-қазы алқасының бағасы шыққанша «жұмбақ шешуден жарысып тобымыздың ұпай санын көбейтеміз» деп құлшынып отырған сияқты.


2-жүргізуші: Қалай достар, жұмбақ шешеміз бе?


1-жүргізуші: Жарайсыздар.




2-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,

Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.

Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек

Артық болмас, бастайық, кезек бізде.


1-жүргізуші: Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы, бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)


2-жүргізуші: Бүтін сан бөлшек сандар

Барлығыда бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң теріс сан бәрі сонда (рационал сандар)


1-жүргізуші: Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бары? ( 6 )


2-жүргізуші: Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса,

соншалық цифр бар? (жүз-100)


1-жүргізуші: Атадан 10 боламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз. (цифрлар)

2-жүргізуші: Күшіне сенген бір мықты

Жығып алып сегізді

Барайын қайда дегізді. (шексіздік)


1-жүргізуші: Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (дәреже)


2-жүргізуші: Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. ( сызғыш )


1-жүргізуші: Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

2-жүргізуші: Бүтін, бөлшек бөліктерден

Үтір айырып тұрады,

Осы санның кім біледі

Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

1- жүргізуші: Өмірің сенің қызық,

Жолында жоқ түзу сызық,

Басы да жоқ аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)


2-жүргізуші: Түзудің бір бөлігі

Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

1-жүргізуші: Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

2-жүргізуші: Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді.

Бірін -бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапсада

Бір мәреге келмейді ( Параллель түзулер)



1-жүргізуші: Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды. (Циркуль)


2-жүргізуші: Нүктеден, екі сәуледен құралған,

Айтшы бұл не екенін? (бұрыш)


1-жүргізуші: Екі бұрыш ежелден,

Көрші болған ең тату

Бірін-бірі толықтырған

Жазыңқыға бар жақын?

(Сыбайлас бұрыш)

2-жүргізуші: Екі түзу қатар жүріп,

Үшіншісін қияды,

Сонда шыққан бұрыштарды,

Кімдер айтып жияды? (айқыш, сәйкес,тұстас)


1-жүргізуші: Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап. (х)

2-жүргізуші: Тар шеңбер айналып

Тұр қазықта байланып

Қаға берер таңдайды

Әдетінен таңбайды (сағат)


1-жүргізуші: Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренерміз аман болсақ!

2-жүргізуші: Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.



2-жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған барыстар,

Айналайын жеңіс құшқан қырандар,

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Көкке самғап, биіктерден асыңдар! -деп тілек тілеп екі топты жеңістерімен құттықтап, сахнадан қол соғып шығарып салайық.


Екі жүргізуші: Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге көп рахмет

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет.


































Газеттері:

Барыстар:


1) Сандардың сол жағындағы сандарға амал таңбаларын қой:


3 3 3 3 3 3 = 1000 4 4 4 4 4 4 4 4 = 500

(333*3+3/3) = 1000 ( 444+44+4+4+4)=500

2)Жұмбақтар

12 бұтағы бар алып емен.

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген.

Жауабы: Еменім 1 жыл болар ойлап тұрсам.

12 ай бұтақ деген деген ойды ұқсам

1 жылда 52 апта бар ғой

Әр апта 7 күннен әуел бастан


Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді.

Бірін -бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапсада

Бір мәреге келмейді / Параллель түзулер/


3) Әр қабырғаларындағы сандар қосындысы 200 болатындай 10,20,30,40,50,60,70,80,90 сандарын үшбұрыш қабырғаларындағы дөңгелектерге орналастыр

4) Міне қызықты кестелер

Бұл кестеде тек беттер

Дұрыстап көз сал

Қатаң заңға бағынған

Сұрақ тұрған жерге ойланып суретін сал.




Қырандар:

1) Бос тор көзге сандарды қойғанда, барлық 8 амал орындалуы тиіс.


Жауабы: 7+3-5=5, 6-2+4=8, 8+4-6=6, 5+5-3=7










2) 5,10,15,20,25,30,35,40,45 сандарын әрі тік, әрі көлденең қосындысы 75 болатындай төмендегі шаршыға орналастыр.















3) Бір кішкене қыз атасынан, сіз нешедесіз? – деп сұрады. Сонда атасы: «Менің жасымды алты есе кемітіп, 6-ны азайтса, 6-ға тең болады.» Сонда атасы еше жаста болғаны?

Жауабы: 72 жаста


4) Жұмбақтар: Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қана бермейді.

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,

Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)



Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,

Құралған фигура бар қарапайым.

Салу үшін сен оны сызғыш ізде,

Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее