«Зима 2025»

Мейірімділік – асыл қасиет

Сабақ мақсаты: Балаларға мейірімділіктің мәнін аша отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, қайырымдылық қасиетін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатыснастарын арттыра отырып, әдептілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету арқылы, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №253 Мерзiм №25

Тақырып: Мейірімділік – асыл қасиет

Құндылық Сүйіспеншілік. Қасиеттер: қайырымдылық, әдептілік, мейірбандық.

Мұғалiм Ержанова Анар. Сынып оқушылар саны


Сабақ мақсаты: Балаларға мейірімділіктің мәнін аша отырып, сүйіспеншілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, қайырымдылық қасиетін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың өзара сыйластық қарым-қатыснастарын арттыра отырып, әдептілік қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды жақсылық жасауға үйрету арқылы, мейірбандыққа тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу.

5 «Т» ережесін еске түсіру.

Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Қандай сезімде болдыңыздар?

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Сары тауық пен балапандары М.Төрежанов.

Мәтінді түсініп оқып келу.


Сұрақтар:

  1. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

  2. Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

  3. «Күн ашылып ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

  4. Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

  5. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Ескертулер


  1. Дәйек сөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

  • Халық даналығының мәнін қалай түсіндіңіздер?


  1. Әңгiмелеу (сұхбат)

Мейірбан әйел

Бірде екі әйел автобуспен асығыс жол жүріп бара жатты. Олар автобус аялдамасынан түскен сәтте бір келеңсіз жағдайға тап болды. Аялдама отырғышында бір жасөспірім бүк түсіп жатыр еді. Әйелдің бірі дереу әлгі балаға қарай жүгірді. Ал екіншісі болса, «онда нең бар, кеттік, өзіміз асығып тұрғанда», - деп кейіді. Сонда мейірбан әйел:

  • « Жұмыс, жұмыс» деп, қиналып, көмекке зәру болып жатқан мына баладан бас тарта алмаймын, - деді.

  • Оны танымаймыз да, бөтен біреудің баласы емес пе!? – деді, екіншісі ренішті күйде.

  • Мұның қалай, егер өз балаң осындай жағдайға душар болса, адамдардың риясыз көмек қолын созғанын қалар едің ғой! – деп, мейірбан әйел көмекке ұмтылды.


Сұрақтары:


  • Екі әйел қандай келеңсіз жағдайға тап болды?

  • Екінші әйел не деп кейіді?

  • Әйелді мейірбандық іске қандай қасиеттері жетеледі?

  • Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  • Сендердің өмірлеріңде риясыз сүйіспеншілік көрсеткен адамдар болды ма?

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Мейірімді жүрек». Ойын- жаттығу.

Ойынның шарты: Бастаушы жүрекше үлгісін ұстап тұрып, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып, жүрекшені ұсынады.

Осы әрекеттер қайталанады.



3 Топқа үш түрлі тапсырма беру

1-топ. Мейірімділік кестесін толтырады.

Бірінші бағанға - мейірімді істерді, екінші бағанға – мейірімді адамның қасиеттерін жазады.

2-топ. «Мен мейірімді баламен» тақырыбында өздерінің жасаған ізгілікті істері жайлы шағын әңгіме жазу.

3-топ. Көп нүктенің орнына керекті сөздермен толықтыру.



Күлімдеген мейірімді ( күн )

Таза мөлдір мейірімді (су)

Бәрімізді көтеріп тұрған мейірімді (жер)

Аяулы мейірімді! (ана)

Қадірлі мейірімді!( әке )

Әлпештеген мейірімді! (әже)

Еркелеткен мейірімді! (ата)

Жылы жүзді мейірімді! (ұстаз)

Тату-тәтті мейірімді! (достар)



  1. Топпен ән айту.

Әні:   Ә.Дүйсенбиев

Ақ мамам әні Сөзі: Ә.Бейсеуов

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман-сау жүр ақ мамам


Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


Өзің маған мият-күн

Сен деп таңым жиі атты

Ақ маманың айқайы

Айналайын сияқты


Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


Қуат беріп құшағың

Қанат бітіп ұшамын

Естіртемін алып кеп

Ел білмейтін құс әнін


Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


Көрсетемін күллі елді

Жарық етем түндерді

Өсіріп мен сыйлаймын

Жұрт көрмеген гүлдерді


Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


  1. Үй тапсырмасы.

«Жан – Ана» мәтінін түсініп оқып келу. 122-бет. 26-сабақ, 72- беттегі.

Дәптердегі бірінші тапсырманы орындап келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

«Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасауа арқылы мейірімділік таныта алады».





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее