«Зима 2025»

Тақырыбы: "Ұстаз-ұлы тұлға" (эссе)

Ұстаз-ұлы тұлға

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Әбу Насыр Әл- Фараби

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?

Ұстаз-адамдықтың диқаншысы.Адам тәрбиелеудің,жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны.Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан,өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар.Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен.

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты.

Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.

Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп,жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына біткен талантын барлығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын деп тұрған жас шоқты үрлеп,лап еткізіп жандыратын жандар да кездеседі өмірде.Олар-өмірдің асуларынан асып,тұңғиығын сүзіп,адамгершілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең ұстаған жүректі жандар.Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз. Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиет,құрметін,өмірден санасына түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып,олар дың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден көрінуін қалайды. Ата-ана,ұстаздар армандайтын шыңдарды бағындыру үшін аса зор қабілеттілік қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.

Ұстаздарымыздың бар бақыты өзі тәрбиелеп,өзі білім беріп отырған оқушыларында екені рас.Кез-келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады.Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет.Өзгенің бақытын аялаумен,өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты.

Осындай ауыр жүкті арқалай жүріп,өзім Шаған ЖОББМ-де бастауыш сыныпта дәріс беремін.Ұстаздық еңбек жолыма 32 жыл. Он бір жылдың салқын күзі де,ыстық жазы да,қақаған аязы мен құлпырып өмірге де,өлкеге де нәр берген көктем айлары да осы шәкірттеріммен бірге өтіп жатыр.Жоғары сыныпта өте жақсыға оқып жүрген шәкірттерімді көргенде марқаямын, мақтанамын.

«Бұлақ көрсең, көзін аш»деген халық даналығы бар емес пе? Осы шәкірттерімді «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» атануға лайық,білімге деген құштарлықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыруына жауапкершілікпен қарау -менің міндетім.Білім мен тәрбиені қатар бере отырып,осы шәкірттерімнің талаптарына нұр жауса екен деймін. «Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Өнерлінің өрісі кең» деген қанатты сөздермен қанаттандырып отырамын.Әлі де балапан қанаттары қатаймаған шәкірттерім талай байқауларға қатысып,талай бәйгенің жүгенін ұстайтындарына ұстаздық жүрегім күмән келтірмейді.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Мұғалімнің өзі туралы эссе


«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Әбу Насыр Әл- Фараби


«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?

Ұстаз-адамдықтың диқаншысы.Адам тәрбиелеудің ,жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны.Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан,өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар.Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да ,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салды.Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білімдарлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен.

Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне байланысты.

Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу-бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер,жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.

Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп,жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына біткен талантын барлығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын деп тұрған жас шоқты үрлеп,лап еткізіп жандыратын жандар да кездеседі өмірде.Олар-өмірдің асуларынан асып,тұңғиығын сүзіп,адамгершілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең ұстаған жүректі жандар.Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз. Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиет,құрметін,өмірден санасына түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып,олар дың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден көрінуін қалайды. Ата--ана,ұстаздар армандайтын шыңдарды бағындыру үшін аса зор қабілеттілік қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.

Ұстаздарымыздың бар бақыты өзі тәрбиелеп,өзі білім беріп отырған оқушыларында екені рас.Кез-келген шәкірттің бойында адам сүйсінетін қасиет болады.Оны байқау үшін жіті бақылау мен асқан сезімталдық қажет.Өзгенің бақытын аялаумен,өз уақытын аямаумен ғұмырын өткізетін ұстаздар қауымына бүгінгі таңда жүктелер міндет аса салмақты.

Осындай ауыр жүкті арқалай жүріп,өзім Шаған ЖОББМ-де бастауыш сыныпта дәріс беремін.Ұстаздық еңбек жолыма 32 жыл. Он бір жылдың салқын күзі де,ыстық жазы да,қақаған аязы мен құлпырып өмірге де,өлкеге де нәр берген көктем айлары да осы шәкірттеріммен бірге өтіп жатыр.Жоғары сыныпта өте жақсыға оқып жүрген шәкірттерімді көргенде марқаямын, мақтанамын.

«Бұлақ көрсең, көзін аш»деген халық даналығы бар емес пе? Осы шәкірттерімді «Мыңнан тұлпар,жүзден жүйрік» атануға лайық ,білімге деген құштарлықтары мен сүйіспеншіліктерін арттыруына жауапкершілікпен қарау -менің міндетім.Білім мен тәрбиені қатар бере отырып,осы шәкірттерімнің талаптарына нұр жауса екен деймін. «Өнерлі өрге жүзеді», «Талаптыға нұр жауар», «Өнерлінің өрісі кең» деген қанатты сөздермен қанаттандырып отырамын.Әлі де балапан қанаттары қатаймаған шәкірттерім талай байқауларға қатысып,талай бәйгенің жүгенін ұстайтындарына ұстаздық жүрегім күмән келтірмейді.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее