«Осень 2024»

Мектеп тәжірибесіндегі оң өзгерістер

Қазіргі білім саласындағы өзгерістерге байланысты мектепте атқарылған жұмыстар

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки



Мектеп тәжірибесіндегі оң өзгерістер.



Қазіргі таңда Қазақстанда білім беру үрдісінің өзіндік ұлттық үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы оқыту жүйесі қалыптасуда. Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсаты көзделіп, әрбір ғылым саласында нақты өзгерістер енгізілуде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін міндеттейді. Ұстаздар үшін тың міндеттер: оқыту әдістемелерін саралап, ғылым табыстарын сын көзбен бағалау; оқушыларды болашақта жан-жақты дамыған, рухани жетілген жеке тұлға ретінде қалыптастыру және өз іс-әрекетін, кәсіби шеберлігін жаңаша қалыптастырып, жаңаша ұйымдастыруды жолға қою. Еліміздің дамыған елдермен қатар тұра алатын терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, олармен білімі мен ғылымы, мәдениеті мен технологиясы теңесуі үшін маңызды істер атқару – ел мүддесі алдындағы парыз. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту бүгінгі күні білім беретін әдіскерлердің жаңа бағытта еңбектенуі мен іскерлігін талап етеді. Әсіресе барлық пәндерді оқыту барысында шығармашылық іс-әрекет пен пәрменді ойлауды дамытып, саналы деңгейге көтеру – күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелей. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді. Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабіллетті болудың қайнар көзі болып табылуын ескере отырып №50 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы орта мектебінде

«Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер.Критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану жолдары» тақырыбында мектепішілік семинар ұйымдастырып өткізілді.Семинар барысында «Тәжірибедегі рефлексия» курсының тыңдаушылары ашық сабақтар өтіп,өздерінің үйренген әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білді .Атап айтар болсақ 8-сыныпта Д.Шекербеков химия пәнінен «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы»,10-сыныпта А.Тойшыбеков математика пәнінен «Тригонометриялық теңсіздіктер және оларды шешу»,7-сыныпта Т.Сабденова тарих пәнінен «Ислам дінінің таралуы»,6-сыныпта орыс тілінен Р.Абдукаримова «Подлежащее,выраженное именем существительным и местоимением»,11 сыныпта Н.Расулова физика пәнінен «Шығару және тұтыну спектрі»,6-сыныпта география пәнінен С.Бегалиева «Құрлықтағы таулар»,5-сыныпта жаратылыстану пәнінен С.Каримбаев «Судың маңызы»,6-сыныпта информатика пәнінен Ж.Мұратова «Алгоритм ұғымы»,5-сыныпта музыка пәнінен Г.Сейітова «Киелі аспап қобыз»,6-сыныпта С.Шойынбекова өзін-өзі тану пәнінен «Жанашырлық және қуат»,9-сыныпта биология пәнінен Ж.Ақбердиев «Адамның тұқымқуалау аурулары»,5-сыныпта информатика пәнінен «Компьютердің негізгі құрылғылары»,2-сыныпта ана тілі пәнінен Г.Күлтаева «Шегіртке мен құмырсқа»,3-сыныпта ана тілі пәнінен Г.Срайлова «Мейірім»,2-сыныпта сауат ашу пәнінен А.Шимирова «И дыбысы мен әрпі»,3-сыныпта орыс тілі пәнінен А.Темирова «Я и моя семья»,5-сыныпта әдебиет пәнінен Н.Аманова «Шешендік сөз»,6-сыныпта өзін –өзі тану пәнінен А.Балтаева «Армысың кең дүние»,6-сыныпта технология пәнінен Г.Маханова «Тігін машинасымен жұмыс жасау»,11 сыныпта психолог маман А.Тұрысбекова «Сенімділік күш береді»тақырыбында ашық сабақтар өтті.

Семинар соңынан кері байланыс жасалып деңгейлік курстардан өткен әріптестеріміз өз ұсыныстарын айтып қорытынды жасады.Келешекте «Тәжірибедегі рефлексия»курсының тыңдаушыларына сәттілік тілейміз.Алған білімдерін шәкірт тәрбиелеуде тиімді қолдана білулеріне тілектеспіз.





Мектеп тренері ,биология пәнінің жоғарғы санатты ұстазы,І деңгей бойынша сертификатталған мұғалім Изтаева Н.А






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее