«Весна — лето 2024»

Мектеп жасына дейінгі балалардағы жалпы сөйлеу тілінің дамымауы

Балалардың жалпы сөйлеу тілінің бұзылуының себептері мен түрлері туралы ата-аналарға арналған баяндама

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

31 «Күншуақ» мектепке дейінгі ұйымы















«Мектеп жасына дейінгі балалардағы жалпы сөйлеу тілінің дамымауы мен себептері»

(ата-аналар жиналысына баяндама)













Дайындаған: Ямалетдинова Ж.Ю















Мектеп жасын дейінгі балаларда сөйлеу тілінің түрлі кемістіктері кездеседі. Олардың ішіндегі жиі кездесетіні және күрделісінің бірі – ол сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (СТЖД). Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы – есту қабілеті мен зияты әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері. Мұндай тіл кемістіктері бар балалардың саны күннен күнге көбеюде.

Сөйлеу тілінің жалпы дамымауын түзетіп, оның алдын алу шаралары уақытында жүргізілмесе, кейін баланың мектепте оқуы қиындай түседі. Соның салдарынан бала қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсуі де күрделенеді.

Сөйлеу тілінің дамымауы әртүрлі деңгейде кездеседі:

Жалпы сөйлеу тілі дамымауының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы байқалады. Бұл деңгейдегі балалар кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен, күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап, мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын ым-ишараны қолданып, ымдап түсіндіруе тырысады.

Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және қимыл-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын дыбыстардың ұқсастығына қарап өздерінің былдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып, түсіндіреді.

Сөйлеу тілі дамымауының екінші деңгейіне ауысудың белгісі – ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады.

Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі кедей, ол өзі білетін заттардың аттарын атаумен және қимыл іс-әрекеттерін айтып берумен ғана шектеледі. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Мұндай балалар септік жалғаулар мен көптік түрін білдіретін жалғаулардың мағынасы жете түсінбейді. Жұрнақ, жалғауларды пайдаланып сөз өзгерту кездейсоқ жағдай, сондықтан да оны пайдаланғанда әртүрлі қателерді көп жібереді. Мысалы, көрпе-көрпелар, пышақ-пышақдар, бала-бадар, асық-асықдар, т.б. балалар заттың атауын білгенімен, оны құрайтын бөлшектерін атауға келгенде қиналады (ағаштың жапырағы, бұтағы, түбірі, тамыры), ыдыс-аяқтардың, жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді. Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік қорының тым кедей екендігін көрсетеді.

Баланың тіліндегі жуан және жіңішке, ысқырық және ызың, қатаң және ұяң, мұрын жолды дыбытарының, сонымен бірге құрамы әртүрлі буынды сөздердің айтылуы мен үндестігі өрескел бұзылғандықтан сөйлегенде сөзінің сапасы жағынан да, саны жағынан да жасына қарағанда едәуір артта қалғаны байқалады.

Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссышз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары өрескел бұзылады. Мысалы: Буратино – буритана, балапан – бапан, бапалан, балалар – бадар, балар, баралар, орамал –омарал, орламал.

Сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейінде мектеп жасына дейінгі балалар айаласындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің атайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алады-ау деген кейбір дыбыстардың өзі де, өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Сонымен бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас, құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де шабағын оқуға отылды.

Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туарлы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін-еркін әңгімелеп бере алады. Қысқа әңгіме де құрастырады.

Алайда сөйлеу тілін жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.

СТЖД себептері:

  • Отбасында сөйлеу тілінің толық қалыптаспау жағдайлары;

  • Сөз арқылы қарым-қатынастың жеткіліксіздігі (мысалы, балалар үйінде);

  • Баланы қоршаған жағымсыз әлеуметтік жағдайлар (әлеуметтік жағдайы төмен немесе толық емес отбасы);

  • Соматикалық аурулар салдарынан баланың денсаулығының нашарлығы;

  • Минимальды неврологиялық бұзылыстары;

  • Орталық жүйке жүйесінің ерте жастан зақымдануы;

  • Тұқымқуалаушылық фактор (жеке жағдайларда)

СТЖД үш негізгі топқа бөлуге болады:

  1. Күрделенбеген түрі. Орталық жүйке жүйесінде аса білінетін симптомдар жоқ. Сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің дамымауы бұл балаларда сәл ғана неврологиялық бұзылыстармен бірге жүреді. Атап айтқанда, бұлшық ет тонусының жеткіліксіздігі, қимыл дифференцировкаларының жеткіліксіздігі, эмоциялық ерік жағының дамымауы, ерікті әрекеттерді реттеуінің әлсіздігі, т.б.

  2. Күрделенген түрі. Сөйлеу тілі кемістігі, бас миының қан қысымының жоғарылығы синдромы, цереброастениялық және неврозға ұқсас синдромдары, қимылдарының баяулығы синдромы және зейінінің тұрақсыздығы сияқты, бірқатар неврологиялық және психопатологиялық синдромдармен бірге жүреді. Бұл топ балаларында барлық психикалық процестердің тежелуі, гнозис пен праксистің жеке бұзылыстары, моторлы епсіздіктері байқалады.

  3. Терең және тұрақты дамымау. Ол бас миындағы сөйлеу тілі зоналарының органикалық зақымдалуы салдарынан болады. Бұл топты моторлы алалиясы бар балалар құрайды.

  4. Сонымен, СТЖД кезінде сөйлеу тілі кеш дамып бастайды, тілдің барлық жүйелерінің қалыптасуындағы кешеуілдеу және денсаулығының әлсіздігі салдарынан сенсорлы, интеллектуалды процестердің екіншілік – баяу дамуы байқалады.







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее