«Зима 2025»

"Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойындар арқылы тілдерін дамыту"

Мектеп жасына дейінгі балабақша тәрбиешілеріне көмекші құрал

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки














Саменова Гульжан Булатовна

13 «Золотой ключик» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі

БҚО,Орал қаласы














«Үй жануарлары»

Ойын мақсаты: Үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету.

Ойын шарты: Дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларын алып, алған жануардың дене мүшелерін атату, олар туралы мейірімді сөздер айту.

  • Балалар малдың төлдері қандай? (әдемі, сүйкімді.)

  • Қалай еркелетеміз? (ботақан, қошақан.)

  • Төлдер қалай ойнайды. (секіреді, жүгіреді.)

Мен өлең оқимын, сендер қандай төлдер екенін айтып, қимыл іс-әрекет арқылы көрсетесіңдер.


Шөре, шөре лағым,

Тентек болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдеме құлағың,- деп нені атаймыз?- Лақты.


Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүнің үлбіреп,

Қарасам көз тоймайды.- Бұл не?- Бота.


Әукім- әукім, әукешім,

Қасиыншы әукешін.

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.- Бұл не?- бұзауым.


Қырау-қырау құндызым,

Құлдырайды шабады.

Жылтыңдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.- Бұл не?- құлыншақ.


  • Балалар әжелерің, аталарың еркелеткенде қандай сөздер айтады?- құлыншағым, қошақаным, ботақаным т.б.



«Кім тез жинайды.»

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.Ойын топта я болиаса аулада ойнауға болады. Ойын 4-5 рет қайталанады.


«Қоянға көмектес.»

Ойын мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстырып, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үрету.

Ойын шарты: Балалар бізге қонаққа қоян келді, ол бізбен бірге ойнағысы келеді. Балалар көздеріңді жұмыңдар, ал қоян бұл кезде көкөністердің қасына сандарды қояды. Балалар көздерін ашқанда қандай санның тұрғанын айтып берулерің керек. Тапқан баланың еңбегі бағаланып отырады. Ойын 3-4 рет қайталанады.


«Пішінді құрастыр.»

Ойын мақсаты: Түстер мен пішіндер арқылы құрастырып үйрету. Есте сақтау, көру, ажырату қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына әр түрлі пішіндер беріледі. Ол пішіндерден суреттегі көрсетілген заттарды құрастырады. Түсі мен пішінін дұрыс ажыратулары керек.







«Артығын тап.»

Ойын мақсаты: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

Ойын шарты: Балалардың алдына аңдардың суреті бар конверт таратылады.Балалар суретті алып ненің артық екенін ажыратып табулары керек.


«Ыссы- салқын.»

Ойын мақсаты: Өсімдіктер туралы түсініктерін дамыту. Балалардың сөздік қорларын байытып, тапқырлыққа, ойлампаздыққа баулу.

Ойын шарты: Өсімдіктерді балалар көре алатын, қолдары жететін, орындарын ауыстырып қоюға болады. Санамақ айтып ортаға бастаушы баланы таңдайды. Ол бала есіктің артына шығады. Допты өсімдікткрдің артына жасырады. Ішке «кір» деген кезде допты қай өсімдіктің артына жасырғанын тауып алу керек. Тапқаннан кейін допты алуға болады. Бастаушыға допты балалар іздеуге көмектеседі, доптан алыстап кетсе «салқын, салқын» деп, жақындаса «жылы,жылы» деп, қасына келсе «ыссы, ыссы» деп белгі береді. Яғни сол жерден допты іздеу керек.

Ойынды басында 4-5 өсімдіктермен, үйренгесін 10 шақты өсімдіктерді қолдануға болады. Допты тапқан бала «мен допты бегония ханшайымы гүлінің артынан таптым», я болмаса «мен допты арқар мүйізі гүлінің артынан таптым» деп тапқан гүлдерінің аттарын атап айтулары керек. Балалар барлық өсімдіктермен танысқаннан кейін ойын ойналады.






«Жер, су, ауа, от.»

Ойын мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, тез жауап беруге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шебер құрып тұрады, допты бір балаға лақтырып «Жер» деген кезде жердегі өсімдіктер, заттар, адам, ұй, жануарларды атап айтады, «су» дегенде суда тіршілік ететін балық аттарын, су көліктерін атайды, «ауа» дегенде ұшақ түрлерін, құстардың атарын, аспан, бұлт, ай, жұлдыздың аттарын атайды.

Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады.

«Ауа» дегенде кезде балалар қолдарын жоғары көтереді, «Су» дегенде қолдарын алға созып жүзеді, «от» дегенде қолдарын былғайды, «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді.


«Тез жауап бер.»

Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. «Жасыл»- жапырақ, «көк»- аспан, «сары»- күн, «қызыл»- гүл, «ағаш»- отырғыш, «тас»- үй, «темір»- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.


«Дыбыстар қайда орналасқан».

Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.

5



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее