«Зима 2025»

Менің Елбасым реферат

Елбасымыздың құрметіне арнаймын.Біз Елбасымызды мақтан тұтамыз.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы

«Теңдік орта мектебі» КММ








Мәнжазба

«Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент»
















Орындаған: Ермек Эльмира

Жетекшісі: Амиза Айгуль






2016 жыл


Мазмұны


Кіріспе .................................................................................................................... 3

І. Негізгі бөлім .................................................................................................... 4-5

ІІ. Қорытынды ........................................................................................................ 6

ІІІ. Қоланылған әдебиеттер тізімі ........................................................................ 7

























Кіріспе


Халық үшін Елбасы,

Әскер үшін Қолбасы.

Тар жол ,тайғақ кешуде

Туған жұрты қолдасын!


Менің атым Ермек Эльмира .Мен 3-сыныпта оқимын.

Қазақстанның тәуелсіздінің 25 жылдығына орай, Елбасымыз Н.Назарбаевтың балалық қызығушылығымнан "Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент" атты мәнжазба жазуыма себепкер болды.

Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағы мен білім алған кезеңі жайындағы мәліметтерді парақтап көрдім. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің еңбек жолы, қызмет мәртебесі және қандай белестерді бағындырған туралы қарастырдым.















3

І. Негізгі бөлім

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келген.Жаңа туған нәрестенің әжесі Мырзабала : "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.Оның аты Нұрсұлтан болсын"-деп ұсыныс білдіреді.Әжесі Мырзабала немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңіреді.Нұрсұлтан сыныбында ғана емес,мектептегі үздік оқушылардың бірі болады.Әке -шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалар тарихынан сыр шертетін салихалы әңгімелер айтып,жан-дүниені тебірентер әндер айтатын.

Нұрсұлтан ертерек есейіп туыстарына материалдық тұрғыда көмектескісі келді.Себебі ,ол отбасындағы үлкен ұл еді.Ол өз өміріне өзі иеліе етуге бел байлап ,түбегейлі шешімге бел байлады.Теміртауға келгеннен кейін болашақ металлург ретінде Украинаға ,Днепрозержинск қаласындағы Днепр металлургия комбинаты жанындағы кәсіптік-техникалық училищеге оқуға жіберді.Нұрсұлтан жастардан іріктелген домнашылар тобына қосылды.Жас Назарбаев мықтылығын спортта,балуандардың боз кілемінде дәлелдей білді.1959жылы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіподақтардың бүкілодақтық орталық кеңесі ұйымдастырған жарыста жеңімпаз атанды.

Ол училище бітіргенде металлургтің күрделі мамандығын игеріп қана қоймай,Украинаның спорт шебері атанды.Н.Ә.Назарбаев біліктілік емтихандарынан үздік баға алып ,"домна пешінің сегізінші разрядты екінші горновойы" куәлігін иеленді.

Қызмет жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап,домына пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1991 жылы желтоқсанның 1-нде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті.Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыпен (98,7%) жеңіске жетті.

4

Елбасының басқа лауазымдары мен жетістіктеріде баршылық.Назарбаев -Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі -ерекше үлгідегі "Алтын Қыран " орденімен, сонымен қатар әлемнің көптеген елдерінің ,халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жоғары наградаларымен марапатталған.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті басқарудағы жүргізіп отырған саясаты өзге елдерге қарағанда сапалы және тиімді. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан қазақ елінің тұңғыш президентіне алғысымыз шексіз.

Тәуелсіздік жылдарында халқымыз мемлекетіміздің басшысына берік сенімін көрсетті. 2015 жылғы Қазақсан Президентінің сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар дауысының 97 пайыздан астамына ие болып,айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Ел президенті Қазақстан халқына арналған жолдауларын 1997 жылдың қазан айынан бастап жыл сайын жолдап отырды.

1997 жылы қазан айында жолдаған "Қазақстан - 2030" стратегиясының басты мақсаты экономикалық өсуге арналған. 2012 жылы жолдаған "Қазақстан - 2050" стратегиясы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Назарбаевтың "Қазақсан - 2050" стратегиясы мемлекетіміздің дамуының бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист саясаткер ретіндегі жеке беделі еліміздің инвестициялық ахуалдың қалыптасуына және де көптеген мемлекеттермен жеке халықаралық қаржы инситуттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға ықпал етті.








5



ІІ. Қорытынды

«Жасыратыны жоқ,кейде мен де іштей ойланамын,түн ұйқымды төрт бөліп ұйықтамай шығар түндерімде болады.Сондағы бар ойлайтыным -елімнің,жерімнің тағдыры,ертеңі,болашағы.Мұным кейбіреулерге жаттандылау болып көрінуі мүмкін.Бірақ,бұл -менің имандай шыным.», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы белгілеген "Қазақстан -2030" бағдарламасы және жыл сайынғы Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын бағыт бағдарымыз.

Мен болашаққа нық сеніммен үлкен үмітпен қараймын.

Осы игілікті істер мен жақсылықтардың басында көрегендікпен басшылық етіп отырған еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ағамызға балалық жүрегіммен алғыс айтамын.

Елбасының өткенінің өзі-көпке үлгі өнеге боларлық өмірбаян.

Мен де осындай ізгілікті көре отырып,ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөліп қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.














6


ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев айтқан сөздері. Қазақстан Республикасының Президенті ресми сайтындағы Н.Назарбаевтың жеке парақшасы. Тексерілді, 8 қыркүйек 2012.

2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. 3. Атабаев Қ.М. Тарихқа бойлау деректанудан басталады // Қазақ әдебиеті, 18 сәуір, 2003, 10-11-б

4. Қайнар Олжай. Президент пырағы. Алматы, 1994

5. Бейбіт Сапаралы. Президенттің балалық шағы. Алматы, 1995






























7

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее