«Зима 2025»

Наурыз тойы. М.Дулатов

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов. Қош келдің Наурыз!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. Мәтін мазмұнын байланыстыра түсінуге, ұлттық мерекеміз -Наурыз туралы түсініктерінің кеңеюіне мүмкіндік беру.

2. Әдеби-теориялық талдаулар, тіл дамыту, сөздік қорларын байыту, өздік және шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.

3. Халқымыздың бойындағы ұлттық рух пен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки


Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 156 Н. Бекежанов атындағы

қазақ орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Қайықбаева Гүлбарам Жанайдарқызы



Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов. Қош келдің Наурыз!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. Мәтін мазмұнын байланыстыра түсінуге, ұлттық мерекеміз -Наурыз туралы түсініктерінің кеңеюіне мүмкіндік беру.

2. Әдеби-теориялық талдаулар, тіл дамыту, сөздік қорларын байыту, өздік және шығармашылық жұмыстар еркіндігіне мүмкіндік жасау.

3. Халқымыздың бойындағы ұлттық рух пен мазмұн байлығына үңілу арқылы жақсылық пен әдемілікті түсінуге ұмтылдыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс


АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Мереке ,праздник, holiday

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

І. Ұйымдастыру

ІІ.“Сәттілік” баспалдағы.“Ой ашар” Оқушыларға сәттілік тілеу.

ІІІ. “Сенім” баспалдағы. “Ой шақыру”

ІV. “Ой қозғау” Термин сөздердің мағынасын ашу

V. “Білім” баспалдағы “Мағынаны таны”

VІ. “Зейін” баспалдағы “Түртіп алу”

VІІ. “Талант” баспалдағы “Ой қозғау” сұрақ -жауап VІІІ. “Болашақ” баспалдағы “Ойды түйіндеу” Біліміңді тексер

ІХ. Рефлексия “Екі жұлдыз бір тілек”

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру

ІІ.“Сәттілік” баспалдағы.“Ой ашар” Оқушыларға сәттілік тілеу


Сабақтың ортасы

ІІІ. “Сенім” баспалдағы. “Ой шақыру”

- Бүгінгі сабағымызды мынадай бір әңгімеден бастағым келіп тұр:

Бүгін біз сендермен Наурыз мейрамы туралы әңгімелесеміз. 
Наурыз –жыл бас. Қазақстанда Наурыз мейрамын 22 наурыз күні тойлайды. 22 наурызда күн мен түн теңеледі. Адамдар мейрамға дайындалады. Әжелер мен аналар ұлттық тағамдар, Наурызкөже әзірлейді, жастар үлкендерге көмектеседі, аула тазалайды. Наурыз мейрамында адамдар бір бірін құттықтап, қонаққа барады. Аталар мен әжелер бата береді. 

Бейнекөрсетілім «Наурыз тойы»

ІV. “Ой қозғау” Термин сөздердің мағынасын ашу

Байлаулы – байланысты

Деуге сыяды – деуге болады

Тіршіліктің арқауы – тіршіліктің негізі

Шаруа кенеледі – мал тойынады

V. “Білім” баспалдағы “Мағынаны таны”

«Қош келдің, Наурыз!» мәтінінің авторымен таныстыру. Мәтінмен танысу

Іштей оқу. Мәтіндегі мерекеге байланысты өздері үшін жаңалық болған деректерді «түртіп алу».

Осы 2 абзац бойынша жоспар құру..

Мәтінді ары қарай осы ізбен оқу.

- Наурыз туралы ақындар да неше түрлі шығармалар жазғанын білесіңдер. Мәтінде біз білмейтін жайттар бар болар. Наурыздың әдемілігін жазушы көзі қалай көргенін байқайық.

Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін абзацы табу.

- Мәтінді қандай дауыс ырғағымен, қандай интонациялық кідірістермен оқу керек деп ойлайсыңдар?

Егер ақырын, бәсең дауыспен оқысаңдар, мәтіннің мазмұнындағы негізгі ой қалай сезілер еді?

VІ. “Зейін” баспалдағы «Түртіп алу» стратегиясы бойынша мәтіндегі көктемгі табиғат өзгерісін, Наурыз мерекесінің ерекшелігін қандай сөз тіркестері арқылы бергеніне белгі қойып, дәптерге жазып алу. Осы сөздердің ішінен қалаған 2-3 сөзді пайдаланып, өзіңше Наурыз мерекесін сипаттап бір сөйлем жазу.

VІІ. “Талант” баспалдағы “Ой қозғау” сұрақ - жауап

Балалар, адам өмірі неліктен табиғатқа бағынышты?

Қазақ халқы бұрынғы заманда малсыз өмір сүре алмаған. Ал қазіргі заманда малсыз өмір сүруге болар ма еді?

Наурызда неліктен «шаруаның бір малы екеу болады»?

- VІІІ. “Болашақ” баспалдағы “Ойды түйіндеу” Біліміңді тексер

Сонымен, Наурыз қандай мейрамға жатады:

а) дін мейрамы
ә) ұлт мейрамы

б) мемлекет мейрамы

в) дүниежүзілік мейрам.

Балалар, бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- М. Дулатовтың жазғанын мәтіннің қай түріне жатқызуға болады?

Жұптық жұмыс

Олай болса, сендер де сабақты мерекелік нотада аяқтау үшін, 1. Наурыз мерекесіне арнап, « 4 жолды немесе 5 жолды өлең» құрастырып жазыңдар.

2. « Наурыз» мерекесін сурет арқылы бейнелеу.
















.

Сабақтың соңы



ΙΙ  Бағалау: Әр оқушы өздеріне баға береді.  

Бір-бірін бағалайды 

Мұғалімнің бақылау бағасы.

Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»


Смайликтер

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)



Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.












  • Қоғамдық пәндер

  • Күнтізбелік жоспар

  • Видео сабақтар

  • Құжатнама

  • Бұйрықтар

  • Білім стандарты

  • Бағдарламалар

  • Кембридж



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее