«Зима 2025»

"Ойыншықтар әлеміне саяхат"

Балаларға ойыншыққа зерттеу жүргізу арқылы (көлемі, түсі, матириалы) негізгі қасиеттері бойынша топтастыруды үйрету. Көркем сөз арқылы балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру; заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру салары: «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту,Сенсорика,Музыка.

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

Мақсаты:Б.М.Балаларға ойыншыққа зерттеу жүргізу арқылы (көлемі, түсі, матириалы) негізгі қасиеттері бойынша топтастыруды үйрету. Көркем сөз арқылы балалардың белсенді сөздік қорын байытуды жалғастыру; заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау. Д.М. қысқа өлеңді анық асықпай айтуды,олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге ,балалардың танымдық қабілеттерін дамыту ой өрісін кеңейту.Т.М.Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен, жанашырлықпен қарап әрекет ете білуге тәрбиелеу;ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктер,қажетті құрал жабдықтар: проектор,әр түрлі ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: сайқымазақ,ойыншықтар.

Әдіс- тәсілдері:көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.


Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің оқу қызметі

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты,
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәтті болсын бүгінгі күн!

Ұйымдастыру-шылық –ізденістік


Кәне бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілі екенін қайдан білеміз?
Қардың түсі қандай?
Қарды жылы жерге кіргізіп қойсақ ол неге айналып кетеді?
-Балалар,сендер саяхатқа барғыларын келеме?

-Балалар, бүгін біз сендермен ойыншықтар әлеміне саяхатқа барамыз.

-Ойыншықтар әлеміне қандай көлік түрімен баруға болады?

-Олай болса біз көппіз саяхатқа автобуспен барайық. «Автобус» әні(Үнтаспа қосылады)
Тәрбиеші: -Міне балалар, ойыншықтар әлеміне келдік.

Ойыншықтардың арасында Сайқымазақ ұйқтап жатады.

Сайқымазақ балаларды көріп амандасады.

Сайқымазақ: -Сәлеметсіңдерме балалар! Ойыншықтар әлеміне қош келдіндер!

-Сендер мені таныдыңдар ма?Мен сайқымазақпын.

-Ойыншықтар әлемінде қандай ойыншықтар бар екенің менің сиқырлы жәшігім арқылы көрсетейін.

Слайд№1
Тәрбиеші:
-балалар,қараңдаршы мына жерде көп ойыншықтар бар екен. Мен сендерге ойыншықтардың қандай заттардан жасалғаны жайында түсіндіріп өтейін.
Сендер ойыншық атауларын білесіңдер ме?

Мынау қандай ойыншық?

Түсі қандай?

Ол қалай дыбыстайды? Бұл ойыншық жұмсақ па қатты ма?
-Мынау қандай ойыншық?
Балалар доп туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Кәне бәріміз бірге айтайықшы.


-Доптың пішіні қандай?
-Түсі ше? Доп қатты резеңкеден жасалған.

-Ал мынау не?

-Қуыршақ қандай? Қатты пластмасстан жасалған.
-Ал мынау қандай ойыншықтар?

-Аюдың түсі қандай? Қоянның түсі ше?
-Аю қалай жүреді?Ал қоян ше?

-Бұл ойыншықтар жұмсақ матадан жасалған ұстап көріңдерші.
-Ал мынау не? Түсі қандай?
-Күшік қалай дыбыстайды?
-Бұл ойыншық жұмсақ па, қатты ма?
Өте жақсы,дұрыс айтасыңдар.
Сергіту сәтті. «Аю»
Аю,аю тұршы,

Беті,қолынды жушы.

Шашынды тарашы ,

Айнаға қарашы......

-Балалар,ойыншықтар сендермен ойын ойнағыары келіп тұр.

Д\о: «Не тығылды?»

Тәрбиеші ойын шартың түсіндіріп өтеді.


Рефлексиялық-түзетушілік

Сайқымазақ: -Балалар,бүгін сендер ойыншықтар жайында көп нәрсе білдіңдер

-Олай болса балалар, сендердің білімдеріңді тексеріп көрейік.

Менің сиқырлы жәшігіме мұқият қараңдар.

Слайд№2


Сайқымазақ: Жарайсыңдар,балалар!

Тәрбиеші: -Балалар, келіндер сайқымазаққа өлең айтып берейік.


Ән «Ойыншықтар»

Сайқымазақ: Рақмет. Өлеңді жақсы айтады екенсіңдер.Сендерге арналған сыйлығым бар еді.Сыйлығын беріп, қоштасады.

Тәрбиеші:Біздің де балабақшаға қайтатын уақыттымыз келді.Автобусқа мінеді. (Үнтаспа қосылады)

Тәрбиеші: -Балалар,біз бүгін қайда бардық?

-Ойыншықтар әлеміне қандай көлікпен бардық?

-Бізге қонаққа кім келді?

-Ойыншықтарды сындыруға болама?
-Сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне белсенді қатыстыңдар.Рақмет сендерге.

Қонақтарға сау болыңыздар-деп айтамыз. Сау болыңыздар!








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее