«Зима 2025»

Оқу – менің еңбегім

Мақсаты: Оқушыларға көп оқу қажеттігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.
  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Олимпиады: География 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Бекітемін» Мектеп директоры: Л.Қыдыралиева


Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 13.11.18 жыл

: 8

Мұғалімі: М.Оразымбетова

Сыныбы: 3

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Оқу – менің еңбегім.

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.

Мақсаты: Оқушыларға көп оқу қажеттігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.

  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

  1. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №7 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №8, «Бала Шоқан» мәтінін оқып келу..

Сұрақтар:

1. Шоқанға әжесі қандай насихат сөз айтты?

2. Шоқанның оқуға ықыласы қалай байқалды?

3. Әжесінің Шоқанға айтқанынан нені түсіндіңдер?


  1. Сабақтың дәйексөзі.

«Адамның сәні – өнер,білім,ақылы »

Халық мақалы

Сұрақтар:

1. ”Өнерлі өрге жүзер” дгенді қалай түсінесіндер?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.


  1. Жаңа сабақ:

Оқулықта берілген Сапарғали Бегалиннің «Шоқан асулары» атты повесінен алынған «Бала Шоқан» атты үзінді әңгімені оқып шығып, талдау жасау.


  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, мұғалім кубик лақтырады. Кубиктің 6 жағында, 6 мамандықиесіболады.

1. Биші;

2. Әнші;

3. Домбырашы;

4. Құрылысшы;

5.Суретші;

6. Актер.

Кубуктің қай жағы түссе, сол адамның қимылын бірге жасайды.


6. Топпен ән айту.

«Ұстазым»әні

1.Әліппеден басталған,

Келгенімді мектепке.

Ұстаз маған жол ашқан,

Оқу ,білім,өнерге.

Асығамын мектепке,

Көңілім бар қуанған.

Бақыттымын бүгін мен,

Ұстазыма ұқсаған.

Қайырмасы:

Ұстазым ағайым,ұстазым апайым

Үлгілі шәкіртің болайын.

Анамдай,әкемдей ұстазым,ұстазым

Өзіңе арналған осы


6. Үй тапсырмасы:

Үйде әдебиеттік оқу пәнімен байланыса отырып, мектеп кітапханасынан жаңа сабақ барысында таныс болған Сапарғали Бегалиннің

«Шоқан асулары» атты повесін алып, толық нұсқасымен танысып келу.


7. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.






«Тексерілді»

Оқу ісінің меңгерушісі:_______________________Е.Қайрылбаев

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее