«Зима 2025»

Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Тәуелсіздігіміздің бейбіт жолымен желбіреп тұрған туын болашақта желкілдететін де,әнін әлемге әуелететін де бүгінгі ұрпақ. Ендеше жас ұрпақты ертеңгі күні егеменді еліміздің берік түтқасы болатындай етіп тәрбиелеуіміз қажет.Жас ұрпақ біздің өміріміздің болашагы.Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіннің ертен қандай адам болып шығатыны сіз бен біздің қолымызда.

Бүгінгі мақсатымыз әрбір жеке тұлғаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздеін беру және оның дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау.Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.Сондықтан еліміздің ертенгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет.Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған,салауатты,саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Оқушыны жеке

Олимпиады: ОБЗР 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Тәуелсіздігіміздің бейбіт жолымен желбіреп тұрған туын болашақта желкілдететін де,әнін әлемге әуелететін де бүгінгі ұрпақ. Ендеше жас ұрпақты ертеңгі күні егеменді еліміздің берік түтқасы болатындай етіп тәрбиелеуіміз қажет.Жас ұрпақ біздің өміріміздің болашагы.Бүгін мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіннің ертен қандай адам болып шығатыны сіз бен біздің қолымызда.

Бүгінгі мақсатымыз әрбір жеке тұлғаға түбегейлі біліммен мәдениеттің негіздеін беру және оның дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау.Адам бойындағы игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.Сондықтан еліміздің ертенгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет.Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан жақты дамыған,салауатты,саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр.Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға сынып ұжымының ықпалы зор.

Отбасы-Адам баласының алтын діңгегі өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап,отбасының тәрбиесін алады.Сондықтанда отбасы адамзаттың аса қажетті,әрі қасиетті алтын бесігі.Бала қашанда білім алып,мектеп табалдырығын аттағанымен,онын өмірінің көп бөлігі әке-шешесінің қасында өтеді.Осы ретте ата-ана мен ұстаз,ата-ана мен бала арасында жеке-жеке әнгіме өткізгені оңды.Ұстаз шәкіртіне,ата-ана баласына нәтижелі талап қоя білуі тиіс.Әрине бұл міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаға мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар туғызып отырған жөн.Жағдай туғызу-оқушының мінез құлқына жақсы қасиеттер қалыптастырып,өзін-өзі тәрбиелеуге көшетін бірден-бір тәсіл.Оған қоса жеке тұлғамен ұжым арасында бейбіт қарым-қатынас орнатып,жас ерекшеліктеріне орай олардың қызығу,әуестену обьектісін жете білу-нәтижелі болмақ.

Қазіргі уақыт талабы-білімді,саналы,мәдениетті,адамгершілігі мол,қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру.Жеке тұлға дегеніміз-адамның психикалық руханимәдинеті тұлға мәселесі қай уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес. Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері, таусылмас мол қажыры мен сабыры, еңбекқорлығы арқасында жетеді. Бала алдымен тәрбиешісін пір тұтады. Оның бейнесі болашақтың бейнесіндей әсер етеді. Мұғалімнің жүріс-тұрысы, ақыл-ой өрісі, іс-әрекеті, тәрбиесі мен шеберлігі оқушы психологиясына қатты әсер етеді. Жеке қасиеттері арқылы әсер етумен қатар мұғалім үшін оқушының қызығушылығы, бейім-қаблеті және басқа да психологиялық ерекшеліктері басты орында болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Бала тәрбиесі-қоғам дамуының қандай сатысы болсын мәнін жоймайтын әрдайым ізденіс пен жауапкершілікті қажетсінетін мәңгілік мәселе. Тәрбие-қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Бала бойында жақсы қасиеттер қалыптастыратын, күрделі кезеңде бейқамдық көрсетсек,ертеңгі күні опық жеріміз анық.

«Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беруі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», -деп Әл-Фараби бабамыз тайға таңба басқандай жол көрсетіп, жөн сілтеп айтып кетті. Данышпан ақын Абай Құнанбаев «Адам мінезін түзетуге болмайды дегеннің тілін кесер едім»,- деп, бала тәрбиесіне атүсті қарамауға шақырады. Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып-терген мол тәжірибесі бар. Оны күнделікті тұрмыста бала бойына сіңіріп үйретіп отырады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары мектептердегі оқушылардың тәртібі мен жүріс-тұрысы, білім жүйесіндегілерді ғана емес, қоғам мүшелерінің барлығын алаңдатып отыр.Қазіргі таңда біздің сөздік қорымызға «тәрбиесі ауытқыған», «қиын бала», «көше баласы»

Өзін-өзі танымаған, өзгені де таныуға шорқақ.

Адам өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түсе бермейді. Біреуі өз қолындағы берекесіздіктен, ал екіншісі-тұйықтықтан, үшіншісі-ұялшақтықтан арылғысы келеді.

Бәрімізде пендеміз, жаратылыста кем-кетіксіз адам болмайды, дегенімен шындап қолға алса, адам мінезінің сөзсіз өзгеретіндігі жаңалық емес.

Оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасуда сынып ұжымының да ықпалы зор. Барлық бала бірдей емес мінездері әр түрлі. Сол сынып ішіндегі атмосфераны бір қалыпты деңгейде ұстау, сынып жетекшісіне байланысты. Сынып жетекші оқушыларды алалап, үнемі сол балаға батыра айтып, қол жұсап артық кетсе, ол баланың сынып алдында ешқашанда беделі болмайды және оқушының ұжымға деген көз-қарасы өзгереді. Сынып ұжымыда үнемі шеттетіліп отырады.

Ал мұғалім мұндай оқушымен жеке әңгіме жүргізіп, қоғамдық жұмыстар тапсырып, титтей істеген жұмысын мадақтап ұжым алдында беделін көтеріп отырса, оқушының өмірге деген, оқуға деген көз-қарасы өзгеретіні айдан анық.

Қорта айтқанда бүгінгі таңда әр жеке тұлғаға сапалы білім, саналы тәрбие беру және олардың өмірден әрқайсының өз орнын табуға, және қарым-қатынаста адал, инабатты, төзімді бола білуге көмектесуді негізгі мақсат еткеніміз абзал.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее