«Зима 2025»

"Омоним сөздер"(2-сынып)

Омоним сөздер туралы түсініктерін молайту. Антоним, синоним сөздерден ононимдерді ажырата білуге үйрету.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы (омоним сөздер)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Айтылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту, сөздердің мағыналарын таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой – өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық
Армысың, алтын Күн!
Көгілдір көк аспан.
Бармысың, достарым!
Бас иемін сіздерге
Білім берген біздерге
Ұстаздарым, ардақты!
3- топқа бөліп алу 1-топ 2-топ 3-топ
«Адасқан әріптер» ойын (әр топ тапсырмалар арқылы өз жұмысын қорғайды)
І топ м с и н и о н
ІІ топ м а н т о и н
ІІІ топ м о н о и м
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау. 249- жаттығу
1.«Ашық-жабық» әдісі
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
3.Хабарлы сөйлем деп нені айтамыз? (мысал келтір)
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
5. Лепті сөйлем дегеніміз не? (мысал келтір)
6. Сөз дегеніміз не?
7. Антоним деген не?
8. Синоним деген не?
9. Омоним деген не?
«Кезектескен интервью» әдісі(әр топ өткен сабақтардан сұрақтар береді, жауап береді)
ІІІ. Жаңа сабақ.
2. «Ойланамыз, табамыз» әдісі
І топ
Омоним антоним синоним.
жас ————— жас ————- жас
ІІ топ
омоним антоним синоним
Ер ————— ер ———— ер
ІІІ топ
омоним антоним синоним
Үй —————- үй ——————— үй
3.Оқулықпен жұмыс 252- жаттығу
1-топ Бірінші сөйлем 2-топ екінші сөйлем 3-топ үшінші сөйлем
4. Топпен жұмыс. «Ұйқасын тап» ойыны
1-топ
● Ыстық та туып та,
Шыдамаймыз …. (суыққа)
● Ащы терім ақты
Жеміс өсті …. (тәтті)
2-топ
● Халқың үшін жаның сал
Қарғыс алма … (алғыс) ал!
● Ақылсыздар ұқпайды,
Аққа …(қара) жұқпайды.
3-топ
● Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін …(жеңіл) де.
● Сөздің де дұрысы бар … (бұрысы бар)
Әр кез дұрыс сөйлеуге тырысыңдар.

5.Сергіту сәті « Бір әріптің ізімен» ойын (әріптерді қатыстырып сөйлем ойлау)
1-топ: Ссс 2-топ Ббб 3- топ: Шшш
Саабақты бекіту
6.«Жасырынған сөздер» ойыны./слайд/
Мақсаты: ойын арқылы омоним сөздерді пысықтау
1…. ұзын, ақылы қысқа.
2. Арман құстарға жем … .
4. … сомың болғанша,
… досың болсын.
5 Шешеннің сөзі ортақ,
Шебердің … ортақ.
6 . Шешен жігіт сөз бастар,
Батыр жігіт … бастар.

ІҮ.Кері әсер парағы
1. Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Не үйрендім?
V. Үйге тапсырма. 254-жаттығу ереже
VІ. Бағалау, мадақтау (смайликтер арқылы бағалау)



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее