«Зима 2025»

«Отбасы - тәрбие бастауы»

Сабақтың мақсаты: Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Олимпиады: Всеобщая история 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Психологиялық тренинг-сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Отбасы - тәрбие бастауы»

Күні:

Класс: 8

Сабақтың мақсаты: Ата – аналармен тілдесіп, оларды ынталандыру, ортақ шешімді анықтау. Болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу, ата - аналармен бетпе-бет кездесе отырып, бала тәрбиесі туралы пікір алысу. Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: күннің, үйдің суреті, ұлағатты сөздер, карточка, майшам, жіп, түрлі-түсті қарындаш, плакат (А4).
Даналық сөз: «Баланы дұрыс тәрбиелеу - бұл біздің қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу - бұл біздің келешек қасіретіміз» А. С. Макаренко.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Кіріспелсөз
Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». «Сезімді тәрбиелеу»яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз - адамзатқа қызмет ету. Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек.
«Күллі ғажайыптардың ішіндегі ең тамашасы - жақсы тәрбиеленген адам» деген болатын грек философы - Эпикет.
Бала - әр ата - ананың болашағы.

II. «Танысу» жаттығуы

Нұсқау: Тренингке қатысушылар шеңберге жиналады, жұлдызшалар таратылып беріледі.

Қатысушылар өздеріне тренингтік есім тағайындап, жұлдызшаларға жазып, кеуделеріне жабыстырады.

Тренингтік ереже:

Тренингке берілген регламентті сақтау

Қатысушыларды тренингтік есімдерімен атау

Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу

ІІІ. «Күн шуағы» жаттығуы

Мақсаты: әр тұлғаның осы топтың мүшесі екендігін сезіну.

Нұсқау: тақтаға күннің суреті ілінеді. Қатысушыларға күннің шуағы таратылады. Шуаққа әр қатысушы өзінің бойындағы жағымды қасиеттерін жазулары қажет.

IV. «Сағат тілі» жаттығуы

Нұсқау: қатысушыларға сағаттың суреті бейнеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді: Мысалы:

13-14 аралығы – амандасу

15-16 аралығы – күлімдеу

17-18 аралығы - комплимент айту

19-20 аралығы – басынан сипау

21-22 аралығы – қол алып амандасу

23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау

V.«Құрастыр»ьжаттығуы
Нұсқау: ата-аналар мен оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында шашыраңқы суреттерден құралған сұрақтар таратылады. Жауап берген соң суреттер тақтаға ілініп, үйдің бейнесін құрастырулары қажет.

VI. Бейнебаян «Бала тәрбиесі»

VII. «Менің отбасым» жобалау әдістемесі

Нұсқау: Білім алушыларға «Менің отбасым» тақырыбына сурет салу тапсырылады. Салынып болған суреттер жинап алынады, ата – аналары өз балаларының салған суреттерін табуы қажет.

Талқылау сұрақтары:

Өз балаңыздың суретін табу қиын болды ма?

Өз балаңыздың суретін қандай элементтер бойынша таптыңыз?

VІІІ. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы

       1.   Балаңыздың туған  күні?

      2.    Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

      3.    Балаңыздың парталас көршісі кім?

      4.    Балаңыз қандай өлшемлі   аяқкиім киеді?

      5     Балаңыздың сүйікті асы қандай?

       6.     Балаңыз кеше қандай баға алды?

      7.     Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

       8.    Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

       9.    Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

       10.    Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

      11.    Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

      12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

ІХ. Постер қорғау.

Ата-аналар мен оқушыларға плакат үлестіріп беріледі.

Ата-аналарға тақырып: «Отбасындағы кикілжіңді шешу жолдары»

Оқушыларға тақырып: «Бақытты отбасы»

Х. «Танып ата» ойыны.
Ойын барысында қатарда тұрған балалар арасынан ата - аналар жеке - жеке шығып, көзі жұмулы күйінде сипалап тану арқылы өз балаларын табады.

ХІ. Оқушы сыйы

Көрініс «Әке мен бала».

Оқушы арнауы (оқушылар ата-аналарына арнап шығарған өз арнауларын оқиды).

Ән «Әке-Ана».

ХІІ. «Жіп орамы» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Екі жұптан жіптің екі шетін ұстайды. Ортаға, жіптердің байланысқан жеріне қарындаш қойылады. Қатысушылар бірігіп қарындашты ыдысқа салулары қажет.

ХІІІ. «Тілек шамы».

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

- Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен  балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.

ХІV. Қорытынды

«Кел ойнайық» жаттығуы

1.Өтірік айту жаман қасиет дегендеріңіз, қол соғайық

2.Жақсы адам болғыларыңыз келсе, орнымыздан тұрайық

3.Жалқаулық жаман қасиет дегендеріңіз, отырайық

4.Жауапкершілік жақсы қасиет дегендеріңің,аяқты еденге соғайық

5.Өзіңізді бақыттымын деп есептесек, мен бақыттымын деп айқайлайық

6.Болашаққа сеніммен қарасақ, екі қолымызды жоғары көтерейік

7.Бүгінгі тәрбие сағаты ұнаса, орнымыздан тұрып, қолымызды алға созып шапалақтаймыз.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее