«Зима 2025»

Отбасы жарастығы

Өзін - өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары. Бұл сабақ жоспарын 5 сыныптағы "Отбасы жарастығы" тақырыбын өткен кезде қолдануға болады.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Ақтөбе қаласы №53 орта мектебі

«Өзін –өзін тану» пәнінің мұғалімі Айтқалиева Жазира Сансызбайқызы


Өзін –өзін тану сабағының жоспары

Мектеп №53 Мерзім ____ №11

Мұғалім: Айтқалиева Ж.С. Сынып: 5 Оқушылар саны:__

Тақырып : Отбасы жарастығы

Құндылық : Сүйіспеншілік

Қасиеттер : Бауырмалдық,кешірімшіл болу, жақсы көру

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға отбасы жарастығы сүйіспеншілік құндылығынан туындайтындығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға отбасын жақсы көруді үйрету;

  2. Оқушыларда кешірімді бола білу қасиеттерін дамыту;

  3. Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:

(оқулық,дәптер,

дәйексөздер,

аңыз әңгіме,

видео тб.)


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті. «Күн нұры»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

11-сабақ,40 – беттегі«Отбасы татулығы» аңыз әңгімесін оқып келу.

Ертедеқандай отбасы өмір сүріпті?

Ол қандай отбасы еді?

Патша неге таң қалып, шаттанды?

Патша кімге жолықты?

Қарт қандай жауап берді?

Патша неге таң қалды?

Ақсақал жазған сөздердің отбасы үшін қажеттілігі неде?

Отбасындағы қарым- қатынасты неге теңейміз?

Сіздер өз отбасыларыңызға деген сүйіспеншіліктеріңізді қалай білдіресіздер? Сендердің отбасыларындағы үйлесімділік неде?

Ескерту


3.Дәйексөз.

«Отбасында өзара сүйіспеншілік болғанда ғана отбасылық тұрмыс зор бақытқа кенеле алады.»

Н.К.Крупская

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(2 рет қыздарға, 2 рет ұлдарға айтқызу, барлығы қосылып айту.)

Дәптерге жазу.



4.Оқиғаларды әңгімелеу(сұхбат) « Сүйіспеншілік күші » видео


*Бейне үзіндіде не жарық болып тұр?

*Жарығын ол неге түсіріп тұр?

*Жарық әсерінен не пайда болды?

*Адам бойында осы шамға ұқсас нені айтуға болады?

*Сен өзіңдегі жарық нұрдыайналандағыларға қалай берер едің?

*Жарық сияқты бауырмалдық танытқан кездерің болды ма?

*Отбасында жақсы көрудің маңыздылығы неде?

*Кешерімшіл бола білудің отбасындағы жарастықтың болуына тигізетін әсері қандай?


5.Шығармашылық іс – әрекет.

Оқушыларға ( Отбасы ) сөзін жасырын түрде беріп, қима қағаздан дұрыс құрату - (ытбоса). Алдарыңдағы қағаздарды пайдаланып, күн шуақтарын жасаңдар. Жасаған күн шуағына отбасында үйлесімділік тізімін жазып күнге орналастырыңдар. (Мейірімді,бақытты,жарасымды,өнегелі,тату,үлкен,тәрбиелі тб).






6.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр.

Сөзі:Ғ.Қайырбеков

Әні:Ш.Қалдаяқов

Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған

Даланың әр күнін,жинадың сен маған

Сен берген құстардың, қанаты самғаған,

Балалық құштарым, өзіңе арналған

Қ – сы: Әлдилеп аялап, өсірген жемісін
Самал жел, сая бақ, құшағың мен үшін

Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Көңілді көктемдей, көзіңнен танимын

Өтеуге борышым, анашым, жан сырым

Іздедім сен үшін, әлемнің асылын

Әлемнің асылын, әлемнің байлығын

Сыйлар ем кеш мені,сыйлар ем ай, күнін,қолыма түспеді

Қ – сы:

Ете көр қанағат,әзірге берерім

Балалық махаббат, балалық жүрегім

Бол риза анашым,қолдағы осы бар,

Өзіңе арнаған,әнімді қосып ал.

Қ – сы:


7.Үй тапсырмасы.

Дәптерден 11-сабақ, 1- тапсырма.

12-сабақ, 41 - беттегі «Мен қазақ баласымын» өлеңін мәнерлеп оқып келу.


8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее