«Весна — лето 2024»

Отбасындағы қонақжайлық дәстүрі.

Отбасындағы қонақ күту жайлы мағлұмат беру.

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Мусиева Баянслу Абдуловна

КМҚК «Аққайың» ясли бақшасы

Атырау облысы ,Құлсары қаласы

akkaiyn_1@mail.

ҰОҚ ТАҚЫРЫБЫ: « ОТБАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ДӘСТҮРІ»

Білім беру саласы: «Коммуникация». Бөлімі: Сөйлеуді дамытуҰОҚ мақсаты: Балалардың отбасындағы мерекелер туралы білімдерін кеңейту,әдептілікке,адамгершілікке баулу, бабалардан қалған ұлағатты ұғындыру, қонақжайлық туралы ұғым,дағдыларын қалыптастыру,халқымыздың салт-дәстүрімен таныстырып,мәдениетін, әдет – ғұрпын бойларына сіңіру. ҰОҚ көрнекіліктері: Ұлттық тағамдар сиқырлы таяқша,бесік. Үнтаспадан тындалатын «Қазақстан» әні. « Ақ дастархан» биі. Қазақ бұрышындағы наурыз мерекесінің, құстардың суреті, қоржын, қуыршақ,көріністе қолданылатын ұлттық тағамдар. Жүру барысы: Тәрбиеші: Көтеріліп шанырақ, Уықтары шаншылар. Керегелер керіліп, Өрімдей болып өрілер. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер. Тәрбиеші: - Балалар,біз қандай заттың бейнесін жасадық? Балалар: - Киіз үй. Тәрбиеші: – Ал, киіз үйде кімдер тұрады? Балалар: -Ата,әже,әке,шеше,іні және мен. Тәрбиеші: -Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Балалар: -Отбасы. Тәрбиеші: - Ендеше, балалар, біз отбасында тойланатын мерекелерді көруге аттанайық.Ол үшін біз мынау сиқырлы таяқшаның кө мегімен құс болып ұшып,әр отбасының шанырағына қонайық. Ойын: «Ұшты – ұшты» (үнтаспаға жазылған құстардың дауысын қосу). Тәрбиеші: - Балалар, қарандаршы, мынау үйде қандай мереке болып жытыр? Балалар: -Баланы бесікке бөлеп жатқан ананы көреді. Тәрбиеші: - Балалар, мынау кім? Балалар: - Ол ана. Тәрбиеші: -Ана не істеп отыр? Балалар: - Баланы бесікке бөлеп отыр. Тәрбиеші: -Балалар,бұл қандай дәстүр? Балалар: -Баланы бесікке бөлеп отыр.Бесікке бөлеу дәстүрі. Тәрбиеші: -Балалар,кәне анаға қосылып,бәріміз бірге бесік жырын айтайық: Әлди – әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем. Жылама бөпем , жылама, Жілік шағып берейін.Байқұтанның құйрығын. Жіпке тағып берейін. Тәрбиеші: -Сиқырлы таяқшаның көмегімен құсқа айналып,басқа үйдің шаңырағына қонайық. -Балалар құс болып ұшады. Тәрбиеші:-Балалар, бұл не шу? Бәрі мәз мейрам ғой.Дастарханда түрлі тағамдар бар екен.Бұл қандай мереке? Балалар: - Бұл Наурыз мерекесі. Тәрбиеші: -Ал,дастарханда қандай тағамдар тұр? Балалар: - Бауырсақ, ірімшік, көже,құрт,кәмпит. Тәрбиеші: - Балалар,енді өз балабақшамызға оралайық. Қане, қанат жазайық, Қарлығаш болып ұшайық. Ұшып, ұшып алайық. Орнымызға қонайық . 1.Сыйлы қонақ. 2. Құдайы қонақ-кездейсоқ,бір түнеп, аттанатын бейтаныс жолаушы. 3. Қыдырма қонақ – алыстан туғандарын,құда-жекжаттарын іздеп келетін қонақ. 4.Қалқыма қонақ –шақырусыз келген қонақ. Тәрбиеші: - Ал,қәзір,ауылдың алты аузынан қонақты қалай құрметтеу керектігін тыңдайық. Балалар: - Сырттан келген мейманға. Тәрбиеші: -Балалар,біз қазақтың ұлдары мен қыздарымыз.Сондықтан біз өз ұлтымыздың,ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз керек. – Балалар, сендер біздің қандай салт-дәстүрімізді білесіңдер? Балалар: - Шілдехана,тұсау кесу,қонақжайлық дәстүрі,бесікке салу, сүндет той,сырға салу,беташар,құда түсу. Тәрбиеші:- дұрыс, айтасыңдар балалар,ата-бабамыздың көнеден бізге жеткен игілікті дәстүрлерінің бірі-қонақжайлық дәстүрі. –Балалар,ежелден келе жатқан дәстүр « Алыстан алты жасар бала келсе,алпыстағы ақсақал алдынан шығып,сәлем беретін әдепті білеміз. –Ал, сендер қандай қонақтың түрлерін білесіңдер? Балалар: 1. Арнайы қонақ-әдейілеп шақырылған а сәлем беріп,қол алсақ –бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз» деп түс беріп,шылбырына оралсақ-екінші еткен құрметің. Мейман ырза болмағы,Құрметпен үйге қонғаны. Кешіктермей шай берсең,Ұмыт болар тоңғаны.Тысқа шықса қария, Қолында болса құмғаны,Ірікпесең барыңды,Қонақжайлық солдағы. Тәрбиеші: - Рахмет,балалар,өнерлерің өрге бассын! Баланың жақсы азамат болып,жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне ықпал ету мақсатымен «Атанды-ата»деген дидактикалық ойыны ойналады. Ойынның шарты: Атаға дейінгі туысқандық қатысы бар сөздерді балалар кезекпенайтып шығуы қажет. Балалар: Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,қолымызды жайайық Құс боп қанат қағайық, Иілейік оңға бір, Иілейік солға бір, Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары, төмен қарайық,Орнымызды табайық. Әже: -Саламатсыңдар ма,балалар! Мен, мұнда салт-дәстүрлердің айтылып жатқанын естідім. Тәрбиеші: - Қазақ халқы қонағын сыйлап,ұлттық тағамдарды алдына қойып торге шығарған. Әже: - Балалар, сендер қандай ұлттық тағамдарды көріп тұрсыңдар? Балалар: - Бас,қазы,қарта,қымыз,қымыран,бауырсақ. Әже: -Балалар,сендер ұлттық тағамның түрлерін ажырытады біледі екенсіңдер.Мен сендерге қәзір табақ тарту дәстүрін үйретемін.Бас табаққа бас,жамбас салынады.Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды. Тәрбиеші: - Ал,енді балалар қәзір сендермен бірге « Кім зейінді?»ойынды ойнағым келіп тұр. Әжемізге зейінді екенімізді көрсетейік. Ойынның шарты: Дастархан басында сақталатын мәдениеттілікке байланысты тиым сөздер мен мақал-мәтелдер айту. Балалар: 1. « Құтты қонақ келсе, қойы егіз табады». 2. « Қонақ қойдан да жуас». 3. « Жаман үйдің қонағы билейді». 4. « Әр қонақ өз ырысымен келеді». 5. « Дастарханнан аттағанәдепсіздік болып саналады». 6. « Ас ішіп болған соң, « Тойдым» демейді « Қанағат» деген жөн. Тәрбиеші: -Жарайсыңдар,балалар,сендер өте зейінді балалар екенсіңдер.Тамақ ішіп болғаннан кейін, ас қайырмай бата бермей тұруға болмайды деп айттыңдар. Қане ,кім бізге бата береді? Бата: Дастарханға береке берсін!Бастарыңа амандық берсін!Дендеріне саулық берсін!Өмір жасын ұзақ болсын! Аумин! - Ал, енді балалар бәріміз бірге « Ақ дастархан» биін тамашалайық -Балалар, біз қай республикада тұрамыз? Рәміздерімізді білесіңдер ме? Балалар: - Қазақстан Республикасында тұрамыз. Ту, Әнұран, Елтаңба. Ән : « Қазақстан». Білуі: Қонақжайлық туралы ұғым дағдырын қалыптастыру. Меңгеруі: Халықтың салт – дәстүрімен таныстырып, өз халқының дәстүрін, салтын, мәдениетін әдет – ғұрпын , меңгеру.Жасай алуы: Мәнерлі сөйлеуге үйренеді. Ой – өрістерін , тіл байлығын дамытады. Балалар рөлге еніп, билей алады.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее