«Зима 2025»

"Отбасындағы сыйластық"

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет. Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық» Мақсаты: а) Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету; ә) Отбасында үлкенге –құрмет,кішіге-қамқорлық жасауға баулу; б) Инабаттылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар:отбасы туралы суреттер. Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу. «Біздің шаңырақ»өлеңі Атамнан басталар, Әжеммен қосталар, Отбасым мыналар, Ең жақын адамдар. Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар. Бәрін жақсы көремін, Еркелеймін еремін.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Отбасындағы сыйластық»
Мақсаты:
а) Отбасы мүшелерін дұрыс атауға,сәлемдесіп,қоштасуға,үлкенді сыйлап,құрметтеуге үйрету;
ә) Отбасында үлкенге –құрмет,кішіге-қамқорлық жасауға баулу;
б) Инабаттылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:отбасы туралы суреттер.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу.
«Біздің шаңырақ»өлеңі
Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасым мыналар,
Ең жақын адамдар.
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар.
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Шеңбер бойымен тұрып орындайды. 
-Балалар,өлеңде не туралы айтылған?
- Отбасы туралы
Кіріспе әңгіме (суретпен жұмыс):
-Бүгін біз оқу іс-әрекетінде отбасы және сыйластық туралы әңгімелейміз.
-Суреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Кім суретке қарап,өз отбасы туралы айтып береді?
Балалар өз отбасы туралы әңгімелейді.
Өлең оқу:
Отбасы
Анаң-үнің,жүрегің,
Әкең-өмір тірегің,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Әжең-асыл ардағың,
Атаң-дана қорғаның,
Сен бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансын!
Саусақтарын санап көрсетіп айтады.
Сергіту сәті 
Бас бармағым-атам,үйдің данасы,
Балаң үйрек-әжем,ошақ анасы,
Ортан терек-әкем,отау панасы,
Шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары,
Титтай бөбек-мен,бәрінің базары.
Іс-қимыл әрекетін жасайды.
«Сыйлаймын»өлеңін жаттау
Ата менен ананың
Айтқан тілін аламын.
Үлкен кісі жұмсаса,
Қайда болсын барамын.
Төсекті өзім жинаймын,
Ешкімді де ұрмаймын.
Ешкім маған тимейді,
Мен де бәрін сыйлаймын.
«Кім жоқ?» дидактикалық ойын.
Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттерін іліп қою. Балалар көздерін жұмады. Тақтадан бір отбасы мүшесінің суретін алып тастау. Балалар көздерін ашып мұқият қарап шығып кімнің суреті жоқ екенін табады. 
Суретпен жұмыс:
1.Отбасы мүшелерін ата?
2.Дастарқанға қандай тағамдар қойылған?
3.Өзіңнің отбасы мүшелерін ата?
4.Дастарқан басында кімдер отыр?
Қортындылау.
-Жаттаған өлеңіміз не жайында?
Бүгі біз оқу іс-әрекетінде сүйікті отбасымыз туралы әңгімелестік.Оларды жақсы көруге,сыйлауға,құрметтеуге,көмектесуге үйрендік.Отбасындағы сыйластық үлкен сүйіспеншіліктен туындайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: отбасы мүшелерін атай білуі тиіс.
Игереді:үлкенге –құрмет,кішіге-қамқор болу керектігін.
Меңгереді:өлеңді жаттап,мазмұнын түсінеді.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее