«Зима 2025»

Поурочный план. Конспект урока.

5-сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Саға негізгі мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Бокашева Жадыра Бекболовна


Пәні: Өзін-өзі тану

Класы: 5

Сабақтың тақырыбы: Сенім – менің серігім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бір-бірінің арасында сенімділік қасиетін туғызу,бір-біріне сенім артуға үйрету;
Міндеттері:
-сенім туралы түсініктерін кеңейту;
-сенімді қарым-қатынас жасауға үйрету;
-өзіне, өзгеге, қоғамға сенім білдіруге үйрету.

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа дайындықтарын тексеремін.
Негізгі бөлім.
Жаңа ақпарат
- Балалар, мен сендерге өлең оқимын, өлеңнің тақырыбын табуға тырысыңдар. Ә. Табылдиевтің «Сенім» өлеңі оқылады.
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сенім – менің серігім». Маған енді сұрақтарға жауап беріңдерші, қалай ойлайсыңдар?
Жеңіл әуенді көңілді ән қосылады.(Мадина Садвакасова «Сенім»)
- Өздерінің ең сенімді досыңды биге шақыр.
(Шарда «Сенім» деген сөз жазылған, сол шарды балаларға беру арқылы сұрақтардың жауабын алу)
● Сенім деген сөзді қалай түсінесің?
● Өзіңе сенім артқан кезде қандай сезімде боласың?
● Қандай адам сенімге ие болады?
● Адамдардың барлығына сене беруге бола ма? Неге?
● Адамдар сенімді кісіге қалай қарайды?
(Оқушылар өз орындарына отырады)

Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың айтылған ойын тиянақтау үшін «Жаңа дүкенде» мәтіні оқылады.
- Сендер, Ерланның «Біреулер төлемей кетсе ше?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
- Адамдарға сенім білдіретін тағы қандай қоғамдық орындарды білесіңдер?

Тыныштық сәті (Музыка қосу)
- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Мұғалім: - Сенім тек жақын адамдар ғана арасында емес, қоғамдық деңгейде, әлемдік шеңберде де көрініс алады.
Адамның өз - өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен қызығушылығын арттырады. Өзіне – өзі сену адамның өз құндылығын түсініп, мақсат - мүддесіне жетуіне көмектеседі.
Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жауапкершілігін арттырып, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.
Сенімді болу – ол жауапты және орындай білу дегенді білдіреді. Ол бастаған істі аяғына дейін орындау. Сенімді адамға қашанда ден қоюға болады. Сенімді болу – ол сөзіне берік болу, тосқауыл мен ескертусіз өзіне уәде еткенді жасау. Сенімді кісі жанымызда болғанда біз өзімізді еркіндікте, барлығы ойдағыдай болатынына сенімді боламыз. Сенімді кісі уәде берсе, соны істейді және дәл уақытында орындайды.
«... Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, қиындықпен бетпе-бет кездесуден қорықпа. Үнемі өмір сынақтарынан жасқанып, қашқақтай берсең, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен – өзің әлектене бересің. Сондықтан жеңіл жол іздеме, қиындықпен күресе біл».


Топпен ән айту.


Шығармашылық жұмыс
«Сенім» сөзінің әрбір әрпіне, сол әріптен басталатын адамның жақсы қасиеттерін жазыңдар
С - сенімді, сыпайы,...
Е – ерен, ерекше,...
Н – намысшыл, нәзік, нағыз ер,...
І - ілтипатты,...
М – мәдениетті, момын,

Дәйексөз
Жақын адамдардың, достарыңның, жалпы адамзаттың жақсылығына сеніп, адамдықты құрметтей білу – әдептіліктің, адамгершіліктің белгісі.
М. Жұмабаев
Қорыту бөлімі:
Дәптермен жұмыс
47- беттегі 3 -тапсырма
- Саған өзгелердің сенім артып, сенім білдірген кездері болды ма? Сен сол сәтте қандай сезімде болдың? Есіңе түсіріп, өз ойыңмен бөліс.
Мұғалім сөзі:
Адам тек өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға, болашаққа сеніп қана қоймайды, бүгінгі өмірінің жарқын, шырайлы екендігіне сеніп, әр күнді шаттықпен, қуанышпен өткізу өз қолында екендігі оқулықта ұсынылған М. Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінде анық берілген. Өлеңді оқи отырып, үміт пен сенімнің өзара ұштастығын ашу керек.

Үйге тапсырма :«Сенім» өлеңін жаттау, мәтінді оқу

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее