«Зима 2025»

Разработка урока казахской литературы. Тема: "Ш. Кудайбердиев"

урок предназначен для учителей при подготовке к уроку казахской литературы по теме: Ш. Кудайбердиев

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

А лматы қаласы, Бостандық ауданы, ҚАУ жанындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.З.Карипова












Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақ әдебиеті пәнінен 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары


1-тапсырма. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы деректерді оқы, есіңе сақта.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1857-1931)

Туған жері: қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы), Абай ауданы, Шыңғыстау бөктері.

Қызметі: әрі лирик, әрі эпик ақын, сазгер, әнші, прозашы, аудармашы, тарихшы, философ, ғалым-зерттеуші, мәдениет қайраткері, терең ойшыл.


Өмірінен деректер:

Шәкәрім – Абайдың немере інісі, өйткені әкесі Құдайберді – Абайдың ағасы.

7 жасында әкеден жетім қалды және осы жаста өлең жаза бастаған.

1878

20 жасында өз елінде Ысқақтың орнына бір сайлау болыс болады.

1881

Болыстықты Абайдың ақылымен Оспанға өткізеді.

1905-1906

Меккеге қажылық сапар шегеді, барған осы сапарын пайдаланып ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырады. Ыстамбұл, Париж кітапханаларында жұмыс істейді. Жиналған материалдары негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабын жариялайды.

1909-1910

Ел ортасын тастап оңаша елсізге кетіп, Шыңғыстаудың қойнауындағы Шақпақ деген жерде өмір сүре бастайды. Шығармашылықпен айналысты.

1912

Семейде 1878-1904 ж.ж. өлеңдері «Қазақ айнасы» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан.

1931

Жазықсыздан-жазықсыз атылды.

1958

2 қазанда СССР прокуратурасы Шәкәрімнің қылмысы жоқ деп ақтап шықты.

1959

«Қазақ әдебиеті» газетінде оның бірнеше өлеңі жарияланды.


Шығармашылығы: Еңбектері:

«Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі (Орынбор, 1911), «Қазақ айнасы» жинағы (Семей, 1912), «Мұсылмандық шарты», «Бәйшешек бақшасы» (проза), «Қайғылы роман» (проза), «Абай өмірбаяны», «Қазақ лұғаты» еңбегі, «Мұсылмандық белгісі» кітабы, «Түрік хандар шежіресі», «Жайлаудың басы мен айтысы», «Ұждан», «Қолшатыр бұйрығы» әңгімелері, «Үш анық», «Жан мен тіршілік туралы», «Адам баласының шын бақытты өмірі туралы әңгіме», Ақан сері туралы шығарма.

Поэмалары:

«Қалқаман-Мамыр» (1888), «Еңлік-Кебек» (1891), «Дума» (1904), «Нартайлақ – Айсұлу», «Қодардың өлімі», «Ләйлі-Мәжнүн» (Ташкент, 1907).

Аудармалары:

«Том ағайдың балалары» романы (Американ жазушысы Бичер-Стоу Гарриет, Америкадағы құл иелену озбырлығы туралы), «Дубровский» романы, «Боран» повесі (Пушкиннен аударған, 1908), «Асархадон патша», «Үш сауал» (Л.Толстойдан)

Өлеңдері:

«Шаруа мен ысырап», «Ашу мен ынсап», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Мақтау мен сөгіс», «Міндек мен күндеу», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Хайуан мен ақымақтар», «Мал жимақ»

Ұлы Абайдың халықты алға, жақсылыққа жетелеген ағартушылық ойларының ықпалымен жазылған. Өз замандастарының мінез-құлқы, ел бірлігі, жалқаулық көріністері айтылған.

«Жастарға»

Жастарды Абайдан үлгі алуға шақырады.

«Насихат», «Үш-ақ түрлі өмір бар»

Өнер-білімге шақыру

«Адамдық борышың», «Талап пен ақыл»

Еңбексүйгіштік


2-тапсырма. «Жасымнан жетік білдім» өлеңінен үзінді аудар.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең, _____________________________________________________________________________

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең

_____________________________________________________________________________

Тапқыр, адал ақ ниет адамдардың

_____________________________________________________________________________

Алданбайсың артынан ере берсең.

_____________________________________________________________________________


3-тапсырма. Өлеңді жатта. «Адамдық борышың».

Адамдық борышың, -

Халқыңа еңбек қыл.

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл.

Талаптан да, білім мен өнер үйренген,

Білімсіз,

өнерсіз

Болады ақыл тұл.

Мақтанға салынба

Мансаптың тағы үшін,

Нәпсіңе билетпе

Басыңның бағы үшін.

Өміріңді сарп қыл өлгеніңше,

Жоба тап,

Жол көрсет,

Келешек қамы үшін.

Қайтадан қайырылып

Қауымға келмейсің,

Барыңды,

Нәріңді

Тірлікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң

Шын бақыт –

Осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің.


4-тапсырма. Шәкәрім тағылымын оқы, аудар.

Қазақтың жайнар даласы,______________________________________________________
Жетілер оқып баласы. __________________________________________________________


Сен ғылымға болсаң ынтық, ____________________________________________________

бұл сөзімді әбден ұқ:___________________________________________________________

Білгеніңнің жақсысын қыл,______________________________________________________

білмегенді біле бер. ____________________________________________________________

Білген ердің бол шәкірті,_______________________________________________________

білмегенді қыл шәкірт._________________________________________________________

Үйренуге қылма намыс,_________________________________________________________

үйретуге болма кер... __________________________________________________________

Шәкәрім Құдайбердиев


5-тапсырма. Кестені толтыр.

Жанр түрлері

Мен жаттаған өлеңдері

Шығармасының тақырыптары

Менің сезімім







6-тапсырма. Шәкәрім өміріне семантикалық талдау жаса.

Аты-жөні, туған жылы

Отбасы

Туған жері

Өлеңдері








7-тапсырма. Кестені толтыр

Ақын өлеңдері

Неге байланысты жазылған?

Даналық ойлары, негізгі идея

Менің ойым

1. «Насихат»

Ағартушылық бағытта жазылып, жастарды білімге, өнерге шақырады, халық тағдырына жаны ашиды.

Ұлы абай сияқты халықты бақытқа жеткізудің бірден-бір жолы ғылымда деп көрсетеді.

Ақын өз өлеңдерінде ғылым, еңбек, өнер тақырыбын бірінші кезекке қойып, жастар осыны түсінсе екен деп армандайды.








Глоссарий

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

лұғат

словарь

dictionary

абақты

тюрьма

prison

саятшылық

охота с ловчими птицами

Hunting with birds of prey

бұлақ бастауы

источник

source

жанын ауырту

переживать

feel

адал еңбек

честный труд

honest work

сазгер

композитор

composer

сапар

путешествие

journey

арман

мечта

dream

насихат

пропаганда

propaganda

ғылым, білім

знание

knowledge


СӨЖ және СОЖӨЖ тапсырмалары:

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары (СРС):

1. Сөздік жаттау.

Студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы (СРСП):

1. «Шәкәрім –сазгер» тақырыбына реферат жазу.


Әдебиеттер тізімі

1. Ұ. Асыл, Т. Жұмажанова Қазақ әдебиеті. Алматы «Мектеп» 2006ж.

2. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы. Алматы. «Ғалым» 1995ж

3. Тарихи тұлғалар Алматыкітап 2009ж

4. С. Ч. Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті» Арман баспасы 2009ж

5. «Қазақстан: Ұлттық энцклопедия «Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы

6. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010

7. Қ. Егенбердиев, Қ. Ибрагимов Қазақ әдебиеті Шыңкітап Алматы 2010ж


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее