«Зима 2025»

Разработка урока по истории Казахстана на тему "Гунны"

Разработка урока по истории Казахстана на тему "Гунны".

Олимпиады: История России 6 - 11 классы

Содержимое разработки

5 сынып бойынша Қазақстан тарихынан әңгімелер пәнінен сабақ жоспары «__»___ 2016 ж. №__


Сабақтың тақырыбы


Қазақстан территориясындағы ғұн тайпалары. Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер

Сабақтың мақсаты

Білімділік – ғұндардың тұрмысы, қоғамдық құрылысы және шаруашылығы туралы білім беру;

Дамытушылық – мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру;

Тәрбиеліктарихи аңыз деректер негізінде оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі ету.

Сабақ типі

Жаңа тақырпты оқу (танымдық), топпен жұмыс жасау, сайыс түрінде

Сабақ әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлау

Негізгі түсініктер мен терминдер

Ғұн, хунну, юечьжі, шанью, «Аспан ұлы»

Қажетті құрал-жабдықтар

Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы, ғұн тайпасының картасы, тапсырма парақтары, маркер, постер, стикерлер, бағалау парағы т.б.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен сәлемдесу;

Оқушыларды журнал бойынша түгендеу;

Үй жұмысын тексеру:

Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту:

- оқушыларды сабақтың тақырыбымен, барысымен таныстыру;

- оқушылармен бірге жаңа сабаққа ортақ мақсат қою;

/Бүгінгі сабақта алдарыңызға қандай мақсат қояр едіңіздер? Нені білгілеріңіз келеді?/ 1 мин

Мұғаліммен амандасу;

Сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын меңгергендігін айтады;


Назарларын жаңа сабаққа аудару;

/сабақтың тақырыбымен, барысымен танысу; мұғаліммен бірігіп сабақтың мақсатын қою /

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Өткен тақырыпты қайталау.

Үй жұмысын тексеру

Төмендегі сөздерді оқығанда қандай ой келеді:

Скифтер, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, Анахарсис, Томирис, Зарина, “Алтын киімді адам”. Қазақстан территориясындағы сақтардың орналасуын картада көрсету. 5 минут.

ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушыларға сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа шығу. Картадан ғұндардың Қазақстан территориясында орналасуын көрсету.

І тапсырма. Оқушылар тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасай отырып, постер құрайды. Постер құрудағы қойылатын талаптармен таныстыру. Постер құруға 7 минут, қорғауға 2 минут (1+1+1=3) уақыт беріледі.

Оқушыларға бағалау парағы таратылады. Оқушылар бір-бірін тыңдап, бағалайды (1 минут).

ІІ тапсырма. Әр топ басқа топқа 4 сұрақтан дайындайды. Талаптары тақтада көрсетіледі. 4 минут.

«Ыстық орындық». Әр топтың көшбасшысы ортаға шығып, ыстық орындыққа отырады. Қарсыластары дайындаған сұрақтарға жауап береді. 1 минут (1+1+1=3 минут). Оқушылар бір-бірін бағалайды. 1 минут

Сергіту сәті. 2 минут

ІІІ тапсырма. Әр топқа тапсырма парағы таратылады. Сәйкестендіру. 2 минут уақыт беріледі.

Тақтаға дұрыс жауабы көрсетіледі. Әр топ бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут

IV тапсырма. Оқушыларға тапсырма парағы таратылады. Оқиғаларды сәйкестендіру. 3 минут

Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут.

V тапсырма. Жорықтар. 3 минут

Оқушылар бір-бірін тексеріп, бағалайды. 1 минут


Бекіту

Рефлексия. Ғұн тайпалары туралы не білдік? Ассоциация




Әр оқушы бүгінгі сабақта не білгенін айтады. Ойын тұжырымдайды. 5 минут

Үй тапсырмасы

«Еділ патшасы (Аттила)» туралы эссе жазу.

Бағалау

Оқушылардың өз-өзін бағалауы. Бағалау парақшасы бойынша бағалау.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее