«Зима 2025»

"Ризашылық пен алғыс"

үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


Ұйымдастырылған оқу
қызметінің конспектісі №


Күні: 01.03.18

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы : "Ризашылық пен алғыс"  

Мақсаты:

Білімділік: -ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
Дамытушылық: үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту;
Тәрбиелік: -әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу


Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңберге тұрады.
Қане,бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап,үлкен шеңбер құрып көрейікші? Қандай тамаша.
Шеңбер күн сияқты жылы,дөңгелек.Шеңберге жиналған адамдар бір-бірінің бет-жүзін,көзін,күлкісін көре алады.
Жарайсыңдар балалар!Шаттық шеңберінде бір-бірімізге жақсылық тілеп, қунашымызбен, жүрегіміздің жылуымен бөлісе аламыз.
Күн, сәуле шашқаның үшін рақмет!
Ауа, таза аспаның үшін рақмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рақмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рақмет!

Ұйымдастыру –

іздестіру




Балалар,сендер «алғыс» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.

Бұл күні адамдар бір-біріне алғыстарын білдіреді.сендер де достарыңа ,туыстарыңа,ата-аналарыңа,ата-әжелеріңе өздерінің алғыстарыңды ризашылықпен жеткізуге болады.Осы күнге байланысты. Біздің елімізде әр түрлі шаралар жасалуда

Біз бүгіннен бастап Алғыс айтуды үйренеміз.Бұл әлемде адам бойындағы ең жақсы қасиеттермен танысып,оны бойымызға жиямыз.
– Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар.Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Бастысы – алғыс айта білу...

Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін..
Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мына басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Бәрін осы атқарған

Ойын: «Досыма алғыс».
Мына жүрекше арқылы өзінің досыңа алғысыңды білдіруге болады.Бұл жүрегіміз-сүйіспеншіліктің мекені.Біз осы жүрегіміз арқылы айналамызға мейірім мен сүйіспеншілігімізді сыйлаймыз.балалар,егер біз қуансақ,ашулансақ жүрегіміз қалай қағады?
Ашуланған кезде жүрегіміз ренжіп,ал қуанғанда күлімдеп ерекше күйде болады.
Тәрбиеші «
Адамның жүрегі-сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген дана халықпыз.
-Адам бойындағы жақсы қасиеттер-құнды қасиеттер.
-Мейірімді,айналаға сүйіспеншілікпен қарайтын балалар-жақсы балалар.

Рефлексивті –

түзетушілік

Балалар,қалай ойлайсыңдар,бүгінгі күн ерекше деп айтамыз? Неге?
-Дұрыс айтасыңдар.Бүгінгі күн сәтті болды.Себебі:
-Біз бүгін бір-бірімізге алғыс білдірдік.
-Біз бір-бірімізге әдемі,жылы,сүйкімді күлкімізді сыйлайық!

Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее