«Зима 2025»

С.Торайғыров "Бір адамға" өлеңі

Бұл материалда С.Торайғыров "Бір адамға" өлеңі тақырыбындағы сабақ жоспары бар.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Бекітемін» ________________


САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 «Б»

Күні, айы, жылы: 08.11.2016 жыл

Пән мұғалімі: Жарылқасынова Гүлзат Баратбекқызы

Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров асқақ арманды ақын. «Бір адамға» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ақынның өмірі, шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.

Дамытушылық: Оқушы бойындағы қабілетті дамыту, ой қорытып, пікір айта алуға  дағдыландыру, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, рухани – адамгершілік тәрбиемен ұштастыру, патриоттық сезім ұялату.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, талдау – жинақтау, СТО стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: «Әдебиет» оқулығы, Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», С.Торайғыров шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылармен сәлемдесу

2) Кезекші мәлімдемесі

3) Сабаққа келмеген оқушыларды белгілеу

4) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Автордың «Екі шыбын» мысалын жаттау. А.Құнанбаевтың мысалдарын оқу.

ІІІ. Жаңа сабақ. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 – 1920)

Қазақ халқының XX ғасыр басындағы

Аса көрнекті ақыны, ғажап ақылды ойшылы

Абай дәстүрін жалғастырушысы

Ақындық қуатын дарынымен жаңалаушысы

Қазақ әдебиетін ілгері дамытушысы

Cұлтанмахмұт 1893 жылы 28 қазан күні Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келеді. Балалық, жастық шағы Баянауылда өтеді. Арғы атасы Торайғыр би болған, шешендігімен әділдігімен ел арасында аты аңызға айналған. Өз заманының ірі тұлғасы болған. Мұқан, Тортай деген молдалардын сауатын ашады.

Ақын 27 жасында 1920 жылы 21 мамырда ауыр науқастан қаза табады.

Тірек сызбамен жұмыс:

Өлеңдері

Поэмалары

Прозасы

«Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы», «Анау – мынау», «Жарлау», «Бір адамға», «Бұлар кім?» т.б

«Адасқан өмір»,

«Кедей»,

«Айтыс»,

«Қайғы»,

«Қамар сұлу»,

«Кім жазықты?»

«Ауырмай есімнен жаңылғаным»

Өлеңдерінің мағынасын ашу. С.Торайғыров – өзінің көңіл – күйін, қуанышы мен қайғысын, мұң мен назын, сүйінуі мен күйінін өте шебер суреттейді. Соған байланысты жазған өлеңдері: «Алтын аяқ», «Дүниедегі қызықтың», «Күңгірт түспен ойға батып», «Әй, махаббат», әй, достық» т.б сонымен қатар, ақынның айрықша назар аударатын тақырыбы: оқу,білім алу мәселесі. Оған жататын бірқатар өлеңдері: «Бір баланың тілек батасы», «Оқуда мақсат не?», «Оқып жүрген жастарға», «Талапкерлерге», «Шәкірт ойы» т.б.

Ақын шығармашылығының тағы бір үлкен саласы - «Адасқан өмір», «Кім жазықты», «Кедей» поэмалары, «Қамар сұлу» романы.

Бұл романда сол кездегі қазақ арасындағы етек алған ескі әдет – ғұрыптарды қатал сынай отыра,ендігі жастардың келешегі оқуда екенін меңзейді.

Жастарды оқуға, мәдениетке бастайтын «Шоң серіктігі» деген мәдени – ағарту ұйымын құрмақ болып, аталас туысы Шорман баласы Садуақастан көмек сұрауы халқына қызмет көрсету жолындағы үлкен қоғамдық бастама еді. Ойлағаны болмай, Шорман тұқымдарына көңілі қалған ақын елдегі мықтылардан қайыр болмайтынына көзі жетеді. Шорманның Садуақасына арналған «Бір адамға» өлеңі осылайша шығарылады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1914 жылы ел аралап жүріп, Павлодар маңының атақты шонжары Шорман аулына түседі. Байлығына мастанған Шорман ұрпақтары ата тегінің патша өкіметінен алған шен-шекпендерін, халықтың көзі жасымен жиналған қазына-мүлкін көрсетіп, мақтаныш білдіреді. Мұны жақтырмаған ақын осыған байланысты «Бір адамға» өлеңін шығарады. Бай үйінің асыл жиһаздарын көрген ақын:

Суреттер және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау, баққан халқын!»

Соншама құны толық бұлды түйме,

Артында қалдырмас па жақсы даңқын?! - дейді.

Бұл сөздер, бір қарағанда, мақтау сияқты көрінгенмен, олардың астарында  зілді кекесін жатқанын байқау қиын емес.Келесі шумақтың мазмұны да осылайша астарлы келекеге негізделген.

Міне, осы сияқты сөздерді қарама — қарсы мағынада, кекесін мағынасында қолдануды ирония дейміз.

Сұлтанмахмұт «Бір адамға» өлеңінде ел ішінде байлығына масаттанған бір адамның басқаларға істеген қиянатын, озбырлығы мен жиіркенішті қылықтарын батыл әшкере етеді. Өлең ащы мысқыл, зілді кекесін түрінде берілді.

Көркем шығармада өмірдің бір жағымсыз жақтары мен құбылысын осылайша күлкі ете, мысқылдай суреттеуді сатира деп атайды.

Өлеңді жолдау арқылы ақынның өзекті ойын ашу. (өлең мәтінінде қолданылған әрбір жолдарына мән беру, талдату)

Шал байлығын қалай таныстырды, қандай сезімін байқадыңдар?

«Қай момының малы бар бұл аяқта?»,..

Кесені қолыма алып қарай бердім:

«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?»- деп деген жолдардан не ұқтық нені байқауға болады?

Тарих деректерге сүйенсек…

Ол – Шормановтардың тарихта кім болғандығы туралы. «Баянауыл мен Павлодар уездерінің шаруалары қоғамдық жерлерді арсыздықпен алған ірі байлар мен помещиктерге қарсы ашық күреске шықты,- деп жазады тарихшы Б. Сүлейменов,- олар Шормановтар тәрізді ірі феодалдардың жерлерін конфискелеп, жері жоқтарға бөліп беруді талап етті. Шаруалар Шормановтардың ауылына шабуыл жасап, олардың жылқыларын қуып кеткен кездері де болды. 1906 — 1907 жылдары жиі болып тұрған осындай толқуларды басу үшін патша үкіметі жазалаушы отрядтар жіберіп отырды»

«Бір адамға» өлеңі — ақын шығармашылығындағы ең негізгі шығармалардың бірі. Өлеңге бір дәуірдің негізгі шындығы сыйғандығын ақын қарапайым тілмен жеткізе білген. Сол кезеңдегі қазақ даласында шын реалистік өмірден, нақты өмірлік фактіден алынғандығы.

IV. Тапсырмалармен жұмыс.

 Өлеңді өлең құрылысына талдату.

Бір үйде // жиюлы екен // қазына мал,

Көрсетті // бәрін бізге // ақсақал шал:

«Бұрынғы //атамызға // сыйға берген,

Біздерде //мынадай бар, // мынадай бар?

Шумағы — 6. Тармағы — 4. Бунағы – 3. Буыны — 11. Ұйқасы –а,а,б,а   қара өлең ұйқасы.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы.

Түсіндірме сөздіктен өлеңде кездесетін бағалы бұйымдардың мағынасын жазу.

Оқа. Сылдырмақ. Түйме. Күміс кесе. Алтын аяқ. Теңге

 1.-  «Дөңгелек үстел» әдісі «Адамдарға тілегім». Оқушы өзінің адамға не тілейтінінбірінен соң бірі  қағазға жазып шығады,бірінің жазғанын бірі қайталамауы тиіс.

 2. «Бес жол өлең» стратегиясы

— «Адам» сөзіне бес жолды өлең құрау

1.Адам    

2.Саналы,білімді   

3.Өмір сүреді, білім алады, ұрпақ жалғастырады   

4.Адам – қоғамдағы саналы тұлға   

5.Тұлға

V. Бекіту.

1.Сұлтанмахмұт қандай ақын?

2. Ирония, сатира дегеніміз не?

 3. «Бір адамға» өлеңі кімге арналған өлең?

VІ. Қорытынды. Сабақ соңында оқушыларға сұрақ қойып, түсінбеген сұрақтарына жауап беріп, сабақты қорытындылаймын.

VІI.Үй тапсырмасы. «Бір адамға» өлеңін    мәнерлеп, жатқа айту. Мәтін  желісі  бойынша  инсценировка  құрастыру. “Адамгершілік – асыл қасиет” тақырыбында ойтолғау жазу.

VІIІ.Бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдерін бағалау. Бағаларын журналға, күнделіктеріне қою.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее