«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі

Сабақтың мақсаты:

1. Белгісіздік есімдігі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 9.01.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Белгісіздік есімдігі

Сабақтың мақсаты:

1. Белгісіздік есімдігі туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар.

1.Есімдік дегеніміз не? Мысал келтір?

2.Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтір ? бір сөзді жіктеу

3.Сілтеу есімдігі дегеніміз не? Оларды ата? Сұрақтарын ата?

4.Сұрау есімдігі дегеніміз не? Оларды атау?

5.Өздік есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?

6.Жалпылау есімдігі дегеніміз не? Оларды ата?

ІІІ.Жаңа тақырып.Белгісіздік есімдігі

Белгісіздік есімдігі деп заттар мен құбылыстарды , сындық белгі мен сан-мөлшерін нақты емес , жорамалдап нұсқап, меңзейтін есімдік түрін атаймыз

Белгісіздік есімдігіне кей, қай, бір, әр, әлде деген сөздерден жасалған есімдіктер жатады:

1

Бір,біреу, бірдеме, бірдеңе, бірнеше.

М: Жұмыссыз жүрген бір де бір жан жоқ.

Үйге біреу келіп кетіпті.

2

Әрбір, әрбіреу, әркім, әрне, әрқашан,әрқалай,әрқайсысы

М:Әркім өз білгенін айтуда.

Әрқашан кешірімшіл бол.

3

Кейбір,кейбіреу.

М:Кейбіреулер естімей қалды.

4

Әлдебір,әлдебіреу,әлдене,әлденеше, әлдекім, әлдеқашанәлдеқалай, әлдеқайдан

М:Ауыл әлдеқашан көшіп кетіпті

5

Қайбір,қайсыбір,қайбіреулер

М:Қайбір жылы өзен тасыған еді.


Әлде,әр,кей,қай,бір есімдіктері өзге есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады.Әлеқашан,әркім, кейбіреу,т.б.

Әлде ,әр,кей,қай,бір есімдіктері зат есіммен тіркескенде бөлек жазылады. Әр адам, әр нәрсе, кей кісі,т.б.

Біреу ,кейбіреу,қайсыбіреу ,бірдеме, (бірдеңе), әрне, әлдекім, әркім, әлдене, әрбіреу, әрқайсысы, әлдебіреу тәрізді белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жүреді.

Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқайдан есімдіктері үстеу мәнінде мезгілдік, мекендік мағынаны білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Қайсыбір, кейбір, әр, әрбір, қайбір, әлдебір,әлдеқандай есімдіктері сын есім орнына жүреді.

Бірнеше, әлденеше есімдіктері сан есім орнына жүреді.

Жоғарыдағы мысалдардан байқалып тұрғандай, белгісіздік есімдігі дара тұлғада да (бір,әр,кей,әлде) және күрделі тұлғада да (біреу, әркім, кейбір, әлдеқашан ,т.б.) келе береді.






ІV. Оқулықпен жұмыс.

181-жаттығу. Есімдіктерді мағыналарына қарай топтап, бөліп жазыңдар.

1

Жіктеу есімдігі:

Маған,біз,оның,

2

Сілтеу есімдігі:

Анау,соның,мына,анаған,

3

Сұрау есімдігі:

Қайда,қашан,қандай,не,кіммін,

4

Өздік есімдігі:

Өзінікі,өз,өзінің,өзімен-өзі

5

Жалпылау есімдігі:

Бәрі,барша,күллі,барлығы,бүтін,

6

Болымсыздық есімдігі:


7

Белгісіздік есімдігі:

Әлдеқашан,кейбір,біреу,әлдеқалай,бірер,


156-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп, құрамындағы белгісіздік есімдіктері қай сөз табының орнына жұмсалғанын йтыңдар. (Атамұра )



Тапсырма: Мен,сен, ол есімдіктерін септеңдер.


182-жаттығу. Омоним сөздерді тауып, мағынасына ажыратыңдар, сөз табына талдаңдар.


183-жаттығу. Белгісіздік есімдігін жасалу жолына қарай талдаңдар, ,тағылымды ой-пікірдің мағынасын түсіндіріңдер.



V.Сабақты бекіту

Белгісіздік есімдіктері ?




















Сұрақ-жауап:

1.Белгісіздік есімдігі дегеніміз не?

2.Белгісіздік есімдіктерін атаңдар?

3.Белгісіздік есімдіктерінің жазылудағы ерекшеліктері қандай?



VІ.Үйге жұмыс.

1.184-жаттығу. Төмендегі есімдіктерді қатыстырып, сөйлемдер құраңдар.

2.Белгісіздік есімдігі туралы түсінік айту.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее