Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 07.12.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Болжалдық сан есім
Сабақтың мақсаты:
1. Болжалдық сан есім туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;
2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 150-жаттығу.
«Ыстық орындық» әдісі.
ІІІ.Жаңа тақырып. Болжалдық сан есім
| Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетіп, Қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадай деген сұрақтарға жауап беретін сан есімдер болжалдық сан есімдер деп аталады. | |||
| Болжалдық сан есімдердің жасалу жолына назар аударыңдар: | |||
| 1.Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген),-лап (леп) -дап (-деп) -тап (-теп) -дай (-дей) -тай (,тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: | 2.Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады: | 3.Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта ,жуық, жақын сияқты көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады: | 4.Көптік жалғаулы сан есімге септік жалғауы жалғану арқылы жасалады: |
| Ондаған,мыңдаған, жүздеп, елудей,т.б. | Қырық-елу, он-он екілерде, бес-алты | Жүзге тарта,мыңға жуық, елулер шамалы,т.б. | Сағат бестерде келді, жасы елулерде, |
сызбасы : Болжалдық сан есімдер
Сұрақтары Құрамы Жасалу жолы



Қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадан? 1.Негізгі түбір сан есімге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген),-лап (леп) -дап (-деп) -тап (-теп) –дай, (-дей) -тай (,тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады:Мысалы: Жүздеген, мыңдап, жетпістей 2.Негізгі түбір сан есімге көптік және жатыс, барыс, жалғауы жалғанады: Мысалы Он бірлерде (жасы) , он бірлерге (келген) Дара сан : жүздеген,мыңдап, жетпістей
Күрделі сан: он бірлерде, жиырма бестерге, он-он бес, қырық-елу, онға тарта ,мыңға жуық
4. Негізгі түбір шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта ,жуық, жақын сияқты көмекші сөздердің тіркесуі арқылы жасалады:мысалы мыңға тарта, жүз шамалы
3.Негізгі түбір сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады: Мысалы: он-он бес, қырық-елу,
ІV. Оқулықпен жұмыс.
143-Жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден жоғарыдағы кестеде көрсетілген жолдармен болжалдық сан есімдер жасаңдар.
144-жаттығу. Сан есімдерді табыңдар, болжалдық сан есімнің жасалу жолын анықтаңдар.
145-жаттығу. Мақал-мәтелдердегі сан есімдердің мағыналық тобын ажыратыңдар.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап:
VІ.Үйге жұмыс.
146-жаттығу.




