«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы:Гүл сыйлаймын.

Сабақтың тақырыбы:Гүл сыйлаймын. 2а-сынып.

Гүл сыйлаймын

2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып,белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолдану

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолданады

Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Гүлді қалай сыйлау керектігін айтады,диалогті толықтырады.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақ тақырыбы

Гүл сыйлаймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып,белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолдану

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: сөйлеу барысында көптік/тәуелдік/жіктік/септік жалғауларын қолданады

Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Күтілетін нәтижелер:

Гүлді қалай сыйлау керектігін айтады,диалогті толықтырады.

Жаңа сөздер

Сыйлаймын,туған күн,рақмет

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдттар, гүлдердің суреттері,тақырыпқа қатысты буклеттер мен альбомдар

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, «ойлан тап! Стратегиясы,диалог,сергіту сәті,сергіту жаттығуы

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Үйден салып келген гүлдің суреттерін оқушылар бір-біріне сыйлап,салып келген гүлінің атын атап:-Раушан гүлін сыйлаимын,-деп айту керек.осы сөзді келесі оқушы пайдаланып,өзінің салған гүлін өзі қалаған сыныптасына сыйлайды.

Оқушылар ойнау арқылы бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлайды. Өткен тақырыптағы сөздерді қайталайды.бүгінгі сабақтағы жаңа сөзбен танысады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сыныптан өткен тақырыптарды қайталатамын.Кемшіліктерді анықтап, түзетемін, бағалаймын.

Тапсырманы айтады, тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.Қызығушылықты ояту

Ойлан тап! Стратегиясы бойынша алдын-ала тірек сөздерді тақтаға жазып қоямын. Оқушылар тірек сөздермен байланысты негізгі сөзді тапқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырамын

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.

2.Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, аудармасын айтамын. Оларды оқимын, оқушыларға қайталатамын.

Тыңдалым.Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды, оқиды.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырамын, бірнеше рет қайталатамын.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым.Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатамын. Сөздердің мағынасын түсіндіремін.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3.Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатамын.

Оқылым.мәтінді оқиды

Ә)Оқылым.Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатамын.

Оқылым.Айтылым.Диалогті толықтырады,көп нүктенің орнына өзі білетін гүлдердің атын қойып айтады.

«Кел,жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатамын, мәнерлеп оқуға машықтандырамын.


Айтылым.Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды

5. Сергіту сәті. Оқушыларға дене жаттығуларын жасатамын.Оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына көңіл бөлемін.

Кәне,кәне тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Тұрсақ енді шеңберге

Алақанды ұрайық

Бишілерше бұралып

Дөңгелене тұрайық.


Дене жаттығуларын жасатамын

3. Ой толғаныс

Ойтолғаныс кезеңінде мұғалім оқушыларға 4-тапсырманы орындатамын

Айтылым. Диалогті толықтырады.

4. Бекіту

А) «Есте сақта!» айдары бойынша берілген сөздерді жаттайды.

Өлеңдерді оқиды,талдайды, жаңа сөздерді қайталайды

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.


5. Бағалау

Формативті бағалау. Оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағалауды өзім қоямын.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

6. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3- тапсырманы орындатамын.

Оқушылар «Бағдаршам» тәсілі бойынша бір-біріне баға береді.

7. Рефлексия

Күзгі дала макеті.Күн және бұлт бейнесіндегі фишкаларды мұғалім оқушыларға таратып беремін. Сабақ ұнаса,күнді жапсырады.Сабақ ұнамаса ,бұлтты жапсырады.

Оқушылар сабақ ұнаса,күнді жапсырады. Сабақ ұнамаса ,бұлтты жапсырады

























Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее