«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Есімдік " (6 сынып)

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 15.12.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдік

Сабақтың мақсаты:

1. Есімдік туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 15 .12.2016

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Есімдік

Сабақтың мақсаты:

1. Есімдік туралы түсінік беру, тапсырмалар орынддату арқылы тақырыпты меңгерту;

2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, математикалық өлең-есептер.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Қатемен жұмыс жасау .156-жаттығу. «Ыстық орындық» әдісі.

ІІІ.Жаңа тақырып. Есімдік

Қарамен жазылған сөздерге назар аударыңдар, олардың қызметін түсіндіріңдер. Оларға сұрақ қойыңдар.

Талғат биыл мектепті бітірді. Ол енді қалада оқиды. Мен оған хат жазып тұрамын Мұндайда кім қуанбайды дейсіз.

Қарамен жазылған сөздер есімдіктер деп аталады .

Мысалы: Бірінші сөйлемдегі Талғаттың есімін екінші сөйлемде ол есімдігі ауыстырып тұр. Үшінші сөйлемдегі баяндауышы адам мен Талғаттың есімдерін тағы да мен,оған есімдіктері алмастырып тұр.Төртінші сөйлемде зат зат есімнің орнына кім есімдігі басқан.

Зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін сөз табы есімдіктер кейде орынбасар сөздер деп аталады.




Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес , 60-70 –тей.

Есімдіктер мағынасына қарай 7 топқа бөлінеді:

  1. Жіктеу есімдігі: мен,сен,сендер,сіз, сіздер, ол,олар, біз,біздер.

  2. Сілтеу есімдігі: ол,сол, бұл,осы,ана,анау,сонау, әне,міне, әнеки, мінеки.

  3. Сұрау есімдігі: кім? Не? Қалай? Қашан?қандай?,т.б.

  4. Өздік есімдігі: өз,өзім,өздері, өзіміз,өзінен, өзімнің,өздеріңіз

  5. Жалпылау есімдігі: бар, барша, барлық,бәрі, күллі, бүтін, тегіс, түгел, (тамам,дүйім,мұқым)

  6. Болымсыздық есімдігі: ещтеңе, ештеме,дәнеңе, дәнеме, ешкім, ешқашан, түк,дым.

  7. Белгісіздік есімдігі: әр,қай, бір, біреу, әлде, кей,әркім, қайбір, әлдебіреу, кейбір, біреу, әлдекім.


ІV. Оқулықпен жұмыс.

157-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойып, көшіріп жазыңдар.

158-жаттығу. Мәтінді оқып шығып есімдіктерді табыңдар.

159-жаттығу. Бірінші сөйлемнен кейінгі сөйлемдердегі зат есімнің орнына есімдікті қойып жазыңдар. Мәтінді өздерің аяқтаңдар.

V.Сабақты бекіту.«Топтастыру»

Есімдік ?



















Сұрақ-жауап:

  1. Есімдік дегеніміз не? Мысалдар келтіру,

  2. Есімдіктің мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?

  3. Оларды ата?


VІ.Үйге жұмыс.

160-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее