«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Қысқарған сөздер " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : қысқарған сөздер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен емлесін меңгерту, сауаттылыққа баулу; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу; Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні:13.10.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қысқарған сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : қысқарған сөздер туралы түсіндіру, олардың ерекшеліктері мен емлесін меңгерту, сауаттылыққа баулу; 
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың өту әдісі: тірек сызба, түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап.
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

46-бет. 78-жаттығу. 63-бет. 55-жаттығу.

Сұрақ-жауап:

1.Қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

2.Қос сөздер неше топқа бөлінеді?

3.Қайталама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір

4.Қосарлама қос сөздер дегеніміз не? Мысал келтір


ІІІ.Жаңа тақырып Қысқарған сөздер.

Күрделі атаулардың белгілі тісілдермен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейді.

Мысалы:

Америка Құрама Штаттары –АҚШ,Біріккен Ұлттар Ұйымы –БҰҰ

Қазақстан –Британ техникалық университеті –ҚБТУ


Қысқарған сөздердің жасалу жолдары. Күрделі атаулардың





2.Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы жазылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің түлегі


1.Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы соңғы әріптің әуеніне қарай жалғанады.

БАҚ-Бұқаралық ақпарат құралдары,ҚР-Қазақстан Республикасы ,ЕО-ға мүше елдер, БҰҰ-дағы жиын










4.Техника түрлерінің (ұшақ, машина, трактор,т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілері Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылса да, қосымша дефис арқылы жалғанады. ТУ-154-ке билет алдым.

Ил-86-ға отырдым.

АН-24-пен ұштым.

3.Құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосымша дефиссіз қосылып жазылады. Кеңшар –кеңестік шаруашылық ,медколледждің- медициналық колледждің , пединститутта педагогикалық институтта










5.Әртүрлі өлшемнің атауына қатысты белгілері де қысқарған сөздер болып табылады, қосымша дефис арқылы жазылады.

См-ді (сантиметрді), т-ға (тоннаға) (га-ға (гектарға) ц-ге (центнерге)










Күрделі атаулар әртүрлі жолдармен қысқартылады, емлесі төмендегідей болады:

Ережесі, емлесі

Мысалы

1.Күрделі атау құрамындағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы соңғы әріптің әуеніне қарай жалғанады.

БАҚ-Бұқаралық ақпарат құралдары,ҚР-Қазақстан Республикасы ,ЕО-ға мүше елдер, БҰҰ-дағы жиын

2.Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің басқы буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Қосымша дефис арқылы жазылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің түлегі

3.Құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің басқы буыны мен келесі сөз тұтас қалпында бірігіп құралады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен және оған қосымша дефиссіз қосылып жазылады.

Кеңшар –кеңестік шаруашылық ,медколледждің- медициналық колледждің , пединститутта педагогикалық институтта

4.Техника түрлерінің (ұшақ, машина, трактор,т.б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілері Мұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылса да, қосымша дефис арқылы жалғанады.

ТУ-154-ке билет алдым.

Ил-86-ға отырдым.

АН-24-пен ұштым.

5.Әртүрлі өлшемнің атауына қатысты белгілері де қысқарған сөздер болып табылады, қосымша дефис арқылы жазылады.

См-ді (сантиметрді), т-ға (тоннаға) (га-ға (гектарға) ц-ге (центнерге)


ІV.Оқулықпен жұмыс.

80-жаттығу. Газет материалдарынан қысқарған сөздерді теріп жазып, қосымшаның жазылуы жөнінде ойларыңды айтыңдар.


81-жаттығу.

ҚР ҰҒА- Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы. ҰБТ- Ұлттық бірығай тестілеу АҚШ-Америка Құрама Штаттары . БҰҰ-Біріккен Ұлттар Ұйымы . Мм -Миллиме́тр .Км-Километр Пединститут-педагогикалық институт . Кг-Килогра́мм. Медпункт -медициналық пункт. ҚХР –Қытай Халық Республикасы . ТМД-Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. ТЖО-Техникалық жөндей орталығы ААҚ-Ашық Акционерлік Қоғам



V.Сабақты бекіту 1.Қысқарған сөздер дегеніміз не? 2.Мысал келтіру? VІ. Үйге тапсырма:

Арман ПВ -82-жаттығу. Атамұра -68- бет / 64-жаттығу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее