«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Көсемше. Көсемшенің жасалуы " (6 сынып)

Сабақтың мақсаты:

  1. Көсемше. Көсемшенің жасалуы туралы түсінік беру;
  2. Оқушылардың тілін, ойын, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Күні: 8.02.2017

Сынып: 6 «а», «ә»

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Көсемше. Көсемшенің жасалуы

Сабақтың мақсаты:

  1. Көсемше. Көсемшенің жасалуы туралы түсінік беру;

  2. Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, талдау, жаттығу

Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу

3.Сабаққа зейіндерін аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Арман ПВ-245-жаттығу. /атамұра-200-жаттығу

1

-ған,-ген,-қан,-кен:

Біт-кен,шық-қан,аспа-ған, жет-кен-де

2

-атын,-етін,-йтын,-йтін:

Таусылма-йтын ,тартылма-йтын, қурама-йтын

3

-ар,-ер,-р,-с:

Бағала-р, жағала-р,

4

-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек:



ІІІ.Жаңа тақырып. Көсемше.Көсемшенің жасалуы.

Көсемше де- етістіктің өзгеше бір түрі. Ол да есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметпен көрінеді. Мысалы:

Ағам оқуға кетіпті. Ағам не істепті?

Әжем шайды асықпай ішті. Әжем шайды қалай ішті?

Көсемше тұлғалы сөз жіктелген күйінде етістік

, кейде қимыл,іс-әрекеттің тура өзін емес, оның мезгіл, мақсат,себеп, амалын білдіріп, үстеудің орнына жұмсалады.

Ереже: Негізгі қимыл, әрекетті білдіретін және негізгі қимылды айқындайтын етістіктің түрі

көсемше деп аталады.

Көсемше етістік түрлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

1

-а,-е,-й:

Бар+а, кел+е, сөйле+й, сөйле+т+кіз+е+ді.

2

-ып,-іп,-п:

Айт+ып, кет+іп,қара+п,бар+ма+п+ты, кет+пе+п+ті.

3

-ғалы,-гелі,-қалы,-келі:

Оқы+ғалы, сез+гелі, қайт+қалы, төк+келі

Көсемше тұлғалы етістік көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдамайды., бірақ жіктеледі. Мен кел+е+мін, , ол көр+іп+ті. Алайда -ғалы,-гелі,-қалы,-келі жұрнағы жалғанған етістік жіктелмейді.

Көсемшеге тән сипаттар:

1

Көсемше тиянақты іс-қимылды білдіреді,сөйлемде жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.

Олар Астана қаласын алғаш рет көріпті

Ертең қаланы тамашалауға шығады.

2

Көсемше қимылдың тиянақталғанын көрсете алмайды.


Бара, келе, сөйлей, барып, келіп, сөйлеп, барғалы, келгелі, айтқалы

Сондықтан одан кейін әр уақытта толық мағыналы немесе көмекші етістік тұрады.

Жасұлан егістікке бара жатыр. Оқушы түсінгенін айтып тұр. Асқар оқуға түскелі жүр

3

Көсемше толық мағыналы етістіктің алдында келіп, айқындаушы мәнге ие болады,сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады.

Ол үйге қуанып кірді.

Өз жетістігін мақтана айтты.




ІV. Оқулықпен жұмыс.


247-жаттығу. Көсемшелерге сұрақтар қойып, көшіріп жазыңдар.

Үлгі: Кім білімді көп біліп (не істеп?), көңілді тұрса, оның дәулеті артады. жүріп (не істеп?), үйренеміз (не істейміз?), жайнап ( не істеп?), өспейді (не істемейді?),сатып алғалы, көріспегелі, өтіп,


248-жаттығу. Мәтінді жатқа айтыңдар, көсемшелерді теріп жазыңдар.

Жалқы есімдер

Көсемшелер

"Қарағым" , "Қанат сынар", "От сөнер", "Бақыт көшті", "Күн тұтылды", "Жеті баламнан айрылдым" кү аттары

болыпты, қырылады, кетеді, орнап, өледі, айтып, ойып, жасапты, тағып, орнатады, деп, атап, тартады, тағып, орындайды, арнап, шығарыпты, сөйтіп,

249-жаттығу. (ауызша) Мәтінді оқып шығып, көсемшелерді ауызша айтып шығыңдар.


V.Сабақты бекіту

1.Көсемше дегеніміз не? (ережесі)

2.Жұрнақтарын атау? мысал келтіру.

3.Көсемшеге тән сипаттар?

VІ.Үйге жұмыс. Арман ПВ 250-жаттығу./ Атамұра 207-жаттығу.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее