«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Көсемшенің сөйлемдегі қызметі" (7сынып)

Пәні: қазақ тілі күні: 24.12.2015 сыныбы: 7а

Сабақтың тақырыбы: Көсемшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға көсемшелердің сөйлемдегі қызметін үйрету;

Дамытушылық: сөйлем талдау қабілетін, өткен тақырыптарды пысықтау;

Тәрбиелік: оқушыларды жылдамдыққа, өз пікірін айтуға, өздігінше еңбектенуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: талдау, сұраққа жауап, өз пікірін айту

Сабақтың көрнекілігі: «Көсемше» тақырыбына арналған слайдтағы материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу. Сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ережелерді қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Әр қатардың оқушыларына «Есімше, көсемше» тарауына арналған 6 сұрақ қойылады, әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Әркім өзіне тиесілі сұраққа ойланбай, тез жауап беруі тиіс.

1-қатар:

1. Етістік нені білдіреді?

2. Көсемшені тап:

Атаға бөлінгендер адыра қалады,

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тыңдаған, тыңдарман, тыңдапты.

4. Көсемшенің жұрнақтарын ата

5. Берілген сөзге есімшенің жұрнақтарын жалға: бар.

6. Есімшені тап:

Қатты жерге егін шықпас,

Қаңғыған басқа білім жұқпас.

2-қатар:

1.Көсемше сөйлемнің қандай мүшесі бола алады?

2. Тапқан сөзін септе.

3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: жүгірмек, жүгіріп, жүгірмек.

4. Көсемшені тап:

Шоқпарды ұстай білмеген өзіне тигізер,

Инені ұстай білмеген көзіне кіргізер.

5. Берілген сөзге көсемшенің жұрнақтарын жалға: кел.

6. Берілген есімшені септе: тозбас

3-қатар:

1.Білетін сөзін септе.

2. Берілген сөздерге көсемшенің жұрнақтарын жалға: сөйле, көр

3. Берілген сөздердің қайсысы есімше?: тоқысты, тоқып, тоқымас.

4. Есімшені тап:

Ер айтса – ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

5. Ілік септігінде тұрған есімшені тап: жеңнің, жеңгенің, жеңгеннің

6. Көсемшенің қай түрі жіктелмейді?

ІІ айналым. Дода. Шарты:

«Додаға» барлық оқушы қатысады. Бұл кезеңде де берілген сұраққа жауап ауызша беріледі. Әр топ таңдаған сандарына қарай талдау жұмысын жүргізеді. Әр санда екі талдау берілген. Екеуі де дұрыс орындалса, 10 ұпай, жартылай орындалса, 5 ұпай беріледі.

1-талдау

1.Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:

Өсетін елдің қарты қазына болар,

Өспейтін елдің қарты қазымыр болар.

2. Көсемшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:

Мен сендерді көшіріп әкетуге келдім.

1. Есімшені тауып, түбір, қосымшасын ажырат:

Еңбексіз ел кезгенің – ар-ұяттан безгенің.

Асқар тау алыстан көрінеді.

4-талдау

1. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:

Аттарды ерекше салтанатпен әсемдеп, баптап мінген.

2. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:

Адаспайтын аңшы болмас,

Жаңылмайтын данышпан болмас.(М.Қашқари)

5-талдау

1. Есімшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:

Қайық ұрлағанды қырдан іздеме.(Халық мақалы)

2. Көсемшені тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта:

Дұшпан күлдіріп айтады,

Дос жылатып айтады. (Халық мақалы)

6-талдау

1. Есімшені тауып, сөйлемдегі қызметін анықта:

Босқа үрген төбетті бөрі әкетеді.(Халық мақалы)

Сын түзелмей, мін түзелмейді.

Қазақ тілі бөлімінің сұрақтары:

1. Сөйлем мүшесіне талда: Ақылды адам айтқызбай біледі, Ақсұңқар қаққызбай іледі.

2. Сөйлем мүшесіне талда: Қазір қазақтар мықты салынған үйлерде тұрады.

3. Сөйлем мүшесіне талда: Қазақтың көркемөнері өшкен жоқ, ғасырлардан-ғасырларға нығайып, өсіп, көркейіп келеді.

Әдебиет бөлімінің сұрақтары:

1. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:

.Кешігіңкіреп келген Ұлпа Мұратбек өкпелеп кеткен екен деп ойлайды. Сол кезде Есіл тасып кетеді.

2. Үзінді қай шығармадан алынған?Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:

Бір уақыт үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі.

4. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:

Абай мен дос болған әрі талантына таңырқап ден қоюмен өткен атам оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады.

Спорт бөлімінің сұрақтары:

1.ҮІІ Қысқы Азия ойындарының Әнұраны 105 әннің ішінен конкурс арқылы іріктеліп

алынды. Оның авторы кім?

2. Қысқы Азия ойындары қай жылдардан бері өткізіліп келе жатыр?

3. Қысқы спорттық ойындардың біразы “Медеу” мұзайдынында өтеді. Осы “Медеу”

мұзайдыны несімен ерекшеленеді деп ойлайсың?

Жауаптар:

Әдебиет:

1. С.Мұқанов «Есіл бойында»

2. М.Әуезов «Көксерек»

3. М.Әуезов «Менің өмірбаяным»

Спорт:

1.Сөзі: Ө.Оралбаев, әні: Е.Хасанғалиев

2.1986 жылдан бері. 4 жылда 1 рет өткізіледі. Бұған дейін Қытай, Жапония, Кореяда өткен.

3.“Медеу” мұз айдыны – әлем бойынша тауда орналасқан ең биік спорт кешені. Ол теңіз

деңгейінен 1691 метр биікте жатыр.

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау

Үй тапсырмасы: «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын оқу

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

...Кешігіңкіреп келген Ұлпа Мұратбек өкпелеп кеткен екен деп ойлайды. Сол кезде Есіл тасып кетеді... 

2. Үзінді қай шығармадан алынған?Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:

Бір уақыт үлкен үйдің қара ала төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. 

4. Үзінді қай шығармадан алынған? Берілген үзіндідегі көсемшелерді тап:

Абай мен дос болған әрі талантына таңырқап ден қоюмен өткен атам оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады. 

 Спорт бөлімінің сұрақтары:

1.ҮІІ Қысқы Азия ойындарының  Әнұраны 105 әннің ішінен  конкурс арқылы  іріктеліп

   алынды. Оның авторы кім?

2. Қысқы Азия ойындары қай жылдардан бері өткізіліп келе жатыр?

3. Қысқы спорттық ойындардың біразы “Медеу” мұзайдынында өтеді. Осы “Медеу” 

   мұзайдыны несімен ерекшеленеді деп ойлайсың?

 Жауаптар:

Әдебиет:

1. С.Мұқанов «Есіл бойында»

2. М.Әуезов «Көксерек»

3. М.Әуезов «Менің өмірбаяным»

Спорт:

1.Сөзі: Ө.Оралбаев, әні: Е.Хасанғалиев

2.1986 жылдан бері. 4 жылда 1 рет өткізіледі. Бұған дейін Қытай, Жапония, Кореяда өткен. 

3.“Медеу” мұз айдыны – әлем  бойынша  тауда орналасқан  ең биік спорт кешені. Ол теңіз 

     деңгейінен 1691 метр биікте жатыр. 

Бағалау, жеңімпаз топты анықтау

Үй тапсырмасы: «Көсемшенің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын оқу

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы

Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки

Серия олимпиад «Зима 2025»

Комплекты учителю

Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей

Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.

Подробнее