Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 26.01.2017
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс
Сабақтың мақсаты:
Өздік етіс туралы түсінік беру;
Оқушылардың тілін , ойын , сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, әдемі, таза жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаз, таблица
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,әдебиет,тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу
3.Сабаққа зейіндерін аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 228-жаттығу . /189-жаттығу
Сұрақ-жауап:
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістер неше топқа бөлінеді? оларды ата
3.Өздік етіс дегеніміз не? мысалдар келтір
4.Өздік етістің жұрнақтары қандай?
ІІІ.Жаңа тақырып. Өзгелік етіс
| Асан өткір желден қашып, жуан ағашты паналады. Кім паналады? | Асан адасқан жолаушыны паналатты. Кім паналатты? айырмашылығы бар ма? | ||
| Іс- әрекет, қимылдың өзі емес, өзге біреу арқылы іске асатындығын білдіретін етістің түрі өзгелік етіс деп аталады. | |||
| Өзгелік етістің жасалу жолдары: | |||
| 1 | -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз: | Сыз-ғыз, жаз-ғыз,ал-ғыз, ки-гіз, кір-гіз, бер-гіз, айт-қыз, аш-қыз, жат-қыз, ек-кіз, күт-кіз,т.б. | |
| 2 | -дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір | Ал-дыр,сен-дір, айт-тыр, ас-тыр, кел-тір, тік-тір, бат-ыр, кет-ір, біт-ір,т.б. | |
| 3 | -т: (дауыстыдан кейін) | Оқы-т, таны-т, панала-т, дүрілде-т,,арала-т, ,т.б. | |
| Кей жағдайда бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді. Мысалы: сат-қыз-дыр-т, сөйле-т-кіз, ал-дыр-т-қыз . | |||
ІV. Оқулықпен жұмыс.
| 229-жаттығу. Өзгелік етісті табыңдар, жасалу жолын анықтаңдар. салып бой-ла -т, ой-ла-т, 230-жаттығу. Төмендегі етістіктерден үлгі бойынша өзгелік етістер жасаңдар. ашы-т-а-ды, қайна -т-а-ды , ұйы-т-а-ды, тай-дыр , | 190-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.
Үлгі: көбей-т-тір |
231-жаттығу.
| Айт | Сат | Жаса | Іл | Сал |
| Айт-қыз Айт-қыз-дыр Айт-қыз-дыр-т | Сат-қыз Сат-қыз-дыр Сат-қыз-дыр-т Сат-тыр Сат-тыр-ғыз Сат-тыр-т-қыз | Жаса-т-қыз Жаса-т-тыр Жаса-т-қыз-дыр
| Іл-гіз Іл-дір Іл-дір-гіз Іл-дір-т Іл-дір-т-кіз | Сал-ғыз Сал-дыр, Сал-дыр-ғыз Сал-дыр-т-қыз Сал-дыр-т-қыз-дыр |
| Айт-қыз-ба | Сат-қыз-ба | Жаса-т-па | Іл-дір-ме | Сал-дыр-ма |
| Айт-қыз-дыр-ма Айт-қыз-дыр-т-па | Сат-қыз-дыр-ма Сат-қыз-дыр-т-па | Жаса-т-тыр-ма Жаса-т-қыз-дыр-ма | Іл-дір-гіз-бе Іл-дір-т-кіз-бе | Сал-дыр-т-па Сал-дыр-т-қыз-ба |
V.Сабақты бекіту
1.Етіс дегеніміз не?
2.Өзгелік етіс дегеніміз не?
3.Өзгелік етістің жасалу жолдары қандай? мысалдар келтір
VІ.Үйге жұмыс. 232-жаттығу/191-жаттығу




