Батыс Қазақстан облысы .Теректі ауданы. Жаңа өмір ауылы
Шаған Жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ханов Шохан Уалиханович
Сабақ жоспары
| Сабақ № Тақырып: | Реттік сан есім | |
| Күні: | 30.11.2016 оқу жылы | Мұғалімнің аты-жөні: Ханов Ш.У |
| Сынып: 6 "ә" | Қатысып отырғандар: 17 оқушы | Келмегендер саны: |
| Осы сабаққа арналған оқу мақсаты: | оқушылардың реттік сан есімдер туралы білімін кеңейту, реттік сан есімнің жасауы туралы түсінік беру; сан есімдерге байланысты қызықты граммматикалық тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың ойын дамыту; сан есімдерге қатысты халықтық тұрғыдан тәрбие беру. | |
| Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушылар істей алады: | |
|
| Реттік сан есімдердің ережесін, мысалын,жұрнағын қолдана алады. Санның , заттың, құбылыстың ретін сақтай алады. | |
|
| Оқушылардың көпшілігі істей алады: | |
|
| Реттік сан есім туралы ережені оқушылардың өздері қорытып түсінеді, сөйлем ішінде жұрнағын танып, сұрағын қоя алады. Реттілік ұғымын біледі . | |
|
| Кейбір оқушылар істей алады: | |
|
| Реттілік қатарын өмірде қолдана біледі .Құбылыстың, заттың, ұғымның ретін сақтай алады. | |
| Тілдік мақсаты: | Негізгі сөздер мен фразалар: | |
|
| Реттік сан есім туралы түсінік | |
|
| Сұхбатқа арналған пайдалы фразалар: | |
|
| Реттік сан есім ережелері, мысалдары,жаттығулары,тапсырмалары | |
|
| Талқылауға арналған сұрақтар: | |
|
| Реттік сан есім туралы түсініктерін қалыптастыру | |
|
| Жазбаша ой салулар | |
| Осының алдындағы оқу: | Есептік сан есім | |
.
| Жоспар | ||||||||
| Мерзімдер | Жоспарланған шаралар | Ресурстар | ||||||
| Басы | 1.Оқушылармен амандасу. 2.Сыныпты түгелдеу. 3.Оқушыларды ІІІ топқа бөлу. Оқушыларды боймен сапқа тұрғызып, бірінші, екінші, үшінші деп санатып, біріншілер бірінші топқа, екіншілер екіншітопқа,үшіншілер үшінші топқа жайғасады. І топ: «Бірінші» топ ІІ топ: «Екінші» топ ІІІ топ: «Үшінші» топ Үй тапсырмасын сұрау. 133 –жаттығу. Газет-журнал мақалаларынан есептік сан есім түрлеріне (дара,күрделі) он мысалдан теріп жазыңдар. «Ыстық орындық» әдісі . (Есептік сан есімге байланысты сұрақтар қою) | Оқулық
(7 минут) | ||||||
| Ортасы | «Стоп кадр» әдісі (қызығушылықты ояту)
І топ: Киім ілгіш ІІ топ: Асхана ІІІ топ: кітапхана
Жаңа тақырып. Реттік сан есім Заттың саналудағы ретін (қатарын) білдіретін сан есімдер реттік сан есімдер деп аталады. Сұрақтары: Нешінші? Жасалу жолы:Негізгі түбір сан есімге –ншы,-нші,-ыншы,-інші жұрнақтарын жалғау арқылы: бір+інші,алты-ыншы, Құрамы: Дара: бірінші, тоқсаныншы, сегізінші, Күрделі тіркесті сөз: он бірінші, отыз сегізінші
Реттік сан есімдер цифрмен берілгенде қалай жазылады:
Сұрақтар:
Оқулықпен жұмыс І топ: 134-жаттығу. Сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімге айналдырыңдар ІІ топ: 135-жаттығу. Есептік сан есімдерден реттік сан есім жасаңдар. ІІІ топ: 111-жаттығу. Берілген есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жаз.
Топтық тапсырма (постер) І топ: Егер әлемде заттардың реттілік қатары сақталмаса қандай жағдай болар еді? ІІ топ: Сандардың ретімен орналасуы, адамзатқа қандай пайдасын тигізді? ІІІ топ: Сан есім сақталмаса да реттілік сақталатын, құралдар, құбылыстар, іс-әрекеттерді ата |
(3 минут)
(3 минут) | ||||||
| (12 минут) | ||||||||
| (16 минут) | ||||||||
| Соңы |
Оқушылар бүгінгі тақырыптан білім нәрінің суын қаншалықты қанып іштіңдер стикермен өз пікірлерін білдіреді (білмедім, орташа,білдім) Үйге тапсырма 137-жаттығу. (Арман-ПВ)113-жаттығу (Атамұра) |
(3 минут) | ||||||
|
|
Үздік көшбасшы кім? | (1 минут) | ||||||



























(7 минут)




(12 минут)
(16 минут)
Үйге тапсырма 
Үздік көшбасшы кім?









