«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Сын есім" (6 сынып)

Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу; Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 10.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

107-жаттығу. Төменде берілген сөздерге байланысты өз жандарыңнан жұмбақ, жаңылтпаш немесе шағын өлең құрастырыңдар. Жұлдыз, дос, арман, бәйтерек, қыран, бақыт.


ІІІ.Жаңа тақырып. Сын есім.


Сын есім- заттың сапасы мен сынын, көлемі мен түр-түсін, сипатын білдіретін сөздер. Сын есім қандай ? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің белгілері:

Заттың түр –түсін білдіреді

Заттың көлемін,салмағын, сынын білдіреді

Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді

Заттың дәміне,иісіне және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді.

Затқа, қимыл, іс-әрекетке , мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді.

Ақ,қара, көк,

Ұзын, аласа, кең, ауыр,үлкен,

Әдемі,жақсы, жалқау, ақылды.

Қышқыл, жұмсақ, ащы,тәтті,қатты,

Таулы, білімді, жазғы, желсіз, ертеңгі, айдай, ашық,төзімді.


Сын есім




құрамына қарай ұлғасына қарай

тұлғасына қарай




Күрделі сын есім

Дара сын есім

Туынды сын есім

Негізгі сын есім




Кемінде екі сөзден тұрады,Сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: көкпеңбек (көк пен көк), қызылды-жасылды,сап-сары, қап-қара , көк ала, қара торы,




Бір ғана түбірден тұрады.

Мысалы:

,бойшаң, жасыл, баласыз,жақсы,жаман,ашық,тәтті, тұщы



Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді.

Мысалы: арыстан-дай, су-лы, тер-шең, от-ты, ауыс-палы, бағын-ыңқы

Арман ПВ- 74-бетті қара,

Атамұра -92,93 бетті қара




Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді.


Мысалы: жақсы, әсем, асыл, ақ, сұлу, тәтті, сұр, үлкен,кең, ащы,















Сын есім мағынасына қарай



Заттың сын-сипатын басқа сөз табының (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысты арқылы білдіретін сын есім- қатыстық сын есім.


Мысалы: темірдей (тәртіп), сусыз (жер), мейірімді (жан), кестелі (орамал) т.б.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім-сапалық сын есім


Мысалы: жасыл (ағаш), қызғылт (көйлек), ыстық (нан), әдемі (зат) т.б.










ІV.Оқулықпен жұмыс.

112-жаттығу . Сын есімдерді қатыстыра отырып, , «Табиғат суреттері» тақырыбында мәтін құраңдар.


113-жаттығу. Оқып шығып, өлең жолдарындағы сын есімдерді атап, қай сөзбен байланыста айтылғанын түсіндіріңдер.


114-жаттығу. Бояу түрлерін жазып шығыңдар. «Кемпірқосақ» тақырыбына жұптасып диалог құраңдар.


115-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жылқы малы туралы өз ойларыңды ортаға салыңдар. Қарамен берілген сын есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.


Шоқпардай –қандай ? сын есім, түбірі шоқпар –не? зат есім, -дай есім сөзден сын есім тудырушы жұрнақ ,мағынасына қарай қатыстық сын есім


Қой мойынды қой -не? Зат есім, мойын- не? Зат есім, -ды-есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақ, қатыстық сын есім.


Шығыңқы – түбірі шық –не істе? Етістік, -ыңқы етістіктен сын есім тудырушы жұрнақ. Қатыстық сын есім.



V.Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтарын ата? Мысал келтір

3.Сын есімнің белгілерін атау, мысал келтіру.

4.Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?



VІ.Үйге тапсырма.


116-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее