«Зима 2025»

Сабақтың тақырыбы: "Сын есімнің жасалуы " (6 сынып)

Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету; Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу; Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К

Күні: 14.11.2016 Сынып: 6 «а», «ә» Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің жасалуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Тәрбиелік : түрлі тапсырмалар арқылы ұлтжандылыққа, өлеңді мәнерлеп оқуға, аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық : оқушылардың шығармашылық және өз бетіндік қабілетін, таза, көркем жазу қабілетін, ой-санасын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақтың өту әдісі: кесте , түсіндіру, тапсырмалар беру, сұрақ-жауап,
Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару.

3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

116-жаттығу. Берілген мәтінді көшіріп жазып, сын есімнің астын сызу.

Сұрақ жауап:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтарын ата? Мысал келтір

3.Сын есімнің белгілерін атау, мысал келтіру.

4.Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?


ІІІ.Жаңа тақырып. Сын есімнің жасалуы.


Сын есім




құрамына қарай ұлғасына қарай

тұлғасына қарай




Күрделі сын есім

Дара сын есім

Туынды сын есім

Негізгі сын есім




Кемінде екі сөзден тұрады,Сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалады.

Мысалы: көкпеңбек (көк пен көк), қызылды-жасылды,сап-сары, қап-қара , көк ала, қара торы,




Бір ғана түбірден тұрады.

Мысалы:

,бойшаң, жасыл, баласыз,жақсы,жаман,ашық,тәтті, тұщы



Сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді.

Мысалы: арыстан-дай, су-лы, тер-шең, от-ты, ауыс-палы, бағын-ыңқы

Арман ПВ- 74-бетті қара,

Атамұра -92,93 бетті қара




Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есім дейді.


Мысалы: жақсы, әсем, асыл, ақ, сұлу, тәтті, сұр, үлкен,кең, ащы,















Сын есім мағынасына қарай



Заттың сын-сипатын басқа сөз табының (зат есім, есімдік, етістік, үстеулерге жұрнақ жалғанып жасалған туынды сын есім) қатысты арқылы білдіретін сын есім- қатыстық сын есім.


Мысалы: темірдей (тәртіп), сусыз (жер), мейірімді (жан), кестелі (орамал) т.б.

Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр-түсін тікелей анықтайтын сын есім-сапалық сын есім


Мысалы: жасыл (ағаш), қызғылт (көйлек), ыстық (нан), әдемі (зат) т.б.












ІV.Оқулықпен жұмыс.

118-жаттығу. Сын есімдерді тауып, құрамына қарай талдаңдар.

Үлгі-кеселді жалқау

түбірі –кесел ,сұрағы-не?, зат есім,

-ді- есім сөзден сын есім тудыруышы жұранқ

Жалқау- түбір сөз, сұрағы- қандай? Сын есім

Пысық- түбір сөз,сұрағы- қандай?,негізгі сын есім

Нас-түбір сөз,сұрағы-қандай? Негізгі сын есім

Көңіл- түбір сөз, сұрағы не? Зат есім,

-сіз-есім сөзден сын есім тудырушы жұрнақ;

Құлақ- түбір сөз,сұрағы- не?,зат есім


119-жаттығу. Сын есімдерді тұлғасы мен құрамына қарай (негізгі, туынды, қосарлы, біріккен, тіркесті )топтап жазыңдар.

Негізгі сын есімдер:

Әдемі,сұлу, семіз, сұйық, биязы,

Туынды сын есім:

Абыройлы, аграрлық ,ауқатты, ардақты,әдеби,әлілетті,әлемдік, әскери,әуесқой,балдай, бармақтай,батагөй, баянды, беделді, бекітулі, бозарыңқы, сапалы, сәнқой,

Қосарлы сын есім:

Ағалы-інілі, ақ-қара, аумалы-төкпелі, балалы- шағалы, ойлы-қырлы, саяси-ағарту,

Біріккен сын есім:

Көкпеңбек,өрімтал,аппақ,

Тіркесті сын есім :

Ала шұбар, көк сұр,жоғары сапалы, қара көк, қоңыр ала, бәкене бойлы, қос ішекті, қызыл қоңыр, бес бұрышты,


120-жаттығу. Негізгі сын есімдерге талдау жасаңдар.

Талдау үлгісі:

1.Тұлғасына қарай:

2.Құрамына қарай:

3.Сұрағы:

Адал ұл,жақсы сөз ,қиын сәтте,ізгі дәстүр ,асыл мұра


V.Сабақты бекіту.

Сұрақ жауап:

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есімнің сұрақтарын ата? Мысал келтір

3.Сын есімнің белгілерін атау, мысал келтіру.

4.Сын есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

5.Сын есім құрамына қарай қалай бөлінеді?


VІ.Үйге тапсырма.


121-жаттығу.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее